«Титандардың қаһары»? Жоқ, естімеппін

«Грек мифтері мен аңыздары» дейтін қалың кітапты әлі күнге жата-жастана оқимын. Әлі есімде, алтыншы әлде бесінші сынып, түні бойы Трояға болысқан Гефест пен Аресті ойлап, уайымдап шыққанмын. Қысқасы, жартылай жалаңаш грек құдайлары мен қаһармандары туралы кез келген дүние көңілімді өзіне тез аудартып ала алады. Күні кеше қазақстандық прокатқа жол тартқан «Титандардың қаһары» да назардан тыс қалмады.
Тағы да ұрлық
Осы жолы КЕРЕКтегі материалдардың бірін газеттер емес, сайт ұрлады. Асауботаның «Германиядағы хоккейші қазақ — Данияр Джунусов» деген материалы шығып еді ғой. Естеріңізде ме? 27 ақпан күні шыққан-ды. Сол мақаладағы біраз деректерді «НАМЫС.kz» қайта басыпты. Өткенде "Қазақ спорты" газетінде де жүрген еді. Әрине, қазақтың жақсылығын асыру үшін мұндай тақырыптарды бәріміз жазсақ та артықтық етпес еді. Бірақ, сөйлемдерді сөзбе-сөз көшіріп алғанын көргенде ішің ашиды екен. Мәселен, Асаубота 27 ақпанда Данияр Жүнісов туралы былай жазды:"Қазақ пен хоккей спорты бір бірімен байланыса бермейтін ұғымдар. Хоккей болғанда оның ішінде қақпашылық мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал, Германияның мықты клубтарының бірі Вольфсбург Гриззли Адамс командасының қақпасын қазақ жігіті Данияр Джунусов қорғайды".
Ал, «НАМЫС.kz» тегі жазбаның тақырыбы «Германияның қақпасын күзеткен қазақ» деп тұр. 11 наурызда қойылыпты. Алғашқы сөйлемі "Қазақтың табиғатына жат спорт ойындардың бірі – хоккей. Бұл спортпен көшпенді жұрттың жан дүниесі қабыса да бермейді. Хоккей болғанда оның ішінде қақпашылық мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал, Германияның мықты клубтарының бірі Вольфсбург Гриззли Адамс командасының қақпасын қазақ жігіті Данияр Жүнісов (немісше Daniar Dshunussow) қорғап жүр".
Содан Асаубота Данияр туралы қысқаша жазады да «Сөйтсе Данияр кезінде Германияда жұмыс істеген аудармашы Айғали деген кісінің баласы екен. Әкесі кейін сол жақта қалып қойған. Данияр 1986 жылы Берлинде туған». — дейді. Ал, «НАМЫС.kz» те біраз мәселені жазады да, «Сөйтсе Данияр кезінде Германияда жұмыс істеу үшін қоныс аударған, маманы аудармашы Айғали деген кісінің баласы екен. Әкесі кейін сол жақта тұрақтап қалған. Данияр 1986 жылы Берлинде туған», -дейді. Әрі қарай кеттік.
Асаубота «Данияр қазір Вольфсбург Гриззли Адамс командасының негізгі қақпашысы. Былтыр Германия лигасының күміс медалін жеңіп алған. Ал, биыл Давостағы Шпенглер кубогында Канада құрамасын ұтқан ойынның бас қаһарманы болды.
Болашақта Ұлттық Құрама қақпашысы ретінде көріп қалуымыз ғажап емес»,-деп жазады. «НАМЫС.kz» болса «Данияр қазір Вольфсбург Гриззли Адамс командасының негізгі қақпашысы. 2010 жылы Германия лигасының күміс медалін жеңіп алған. 2011 жылы Давостағы Шпенглер кубогында Канада құрамасын ұтқан ойынның бас қаһарманы болды. Болашақта Қазақстанның Ұлттық хоккей құрамасының қақпашысы ретінде көріп қалуымыз ғажап емес»,-дейді. Енді өздеріңіз сараптай беріңіздер.Япыр-ау сөзбе сөз көшірілген ғой бұл. КЕРЕКтіктер талай айтса да ұрлық істейтін әріптестер тыйылмай-ақ қойды. Сіздер не дейсіңздер. Айтпақшы, әлгі сайттағы сілтеме мынау Your text to link...
Әрі қарай

Мен сізді жақсы көремін...
Жұма… Далада шелектеп жаңбыр жауып тұр. Көңіл-күйім күндегідей көңілді емес, сәл де болса жабырқау бар. Себебі, сағындым… Жаныма жігер, күш, сенімділік, бойыма қуат беретін, көңілімді көтеріп, бірге қуанатын, жылайтын да жан жырақтау болып тұрғаны…
Әрі қарай
"Сайтанның сыңары"-на рецензия
2011 жылы жарыққа шыққан аталмыш фильм (түпнұсқада — The Devil's Double) Жаңазеландиялық кинорежиссер, әйгілі «Умри, но не сейчас», «Пророк» фильмдерінің авторы Ли Тамахоридің туындысы. Фильм 80-жылдардың соңындағы Бағдадты суреттейтін Латиф Яхьяның автобиографиялық кітабының желісімен түсірілген. Оқиға Ирак диктаторы Саддам Хусейннің үлкен ұлы Удейдің қолында билігі, қойнында қыздары болса да, қорқыныш қамауына түсіп, одан шығар жол — «сыңар» іздеуінен бастау алады. Таңдауы сыртқы бейнелері ұқсас, алайда ішкі жан-дүниелері сай келмейтін сыныптасына түседі. Латиф «жұмыстан» бас тартқанымен, келісімін беруге мәжбүрлейтін кейбір кедергілердің арқасында «жаңа бейне»-ні сомдауға кіріседі.
Балапанға оқып беріңіз :)
Мынау – балалар ақыны Сұлтан Қалиевтың «Қандай болып өсемін» атты өлеңдер жинағынан. Кеше ескі кітаптар жиналған жәшіктен кездейсоқ тауып алып, қайталап оқып шықтым. Қуанып кеттім
Бала күнімде жатқа оқып жүрген керемее-еет өлеңдер ғой бұл! Кейін баларыма оқыту – дело личной чести 
Сіз де оқып беріңіз
Әрі қарай
Сіз де оқып беріңіз
Emmy жүлдесін алған жалғыз қазақ
Emmy — Америкадағы ТВ саласындағы беделді жүлде. Жыл сайын әр түрлі номинация бойынша ТВ саласындағы үздік режиссер, продюсер, оператор т.б беріледі.Осы жүлдені 2003 жылы «Бір түрік жеңіп алды» деп түрік баспасөзі шулаған екен. Шулағанда қалай, олар да кеш естіген екен. Түрік болғанда әрине туған жері Түркия, өзі Түркия азаматы. Бірақ, оның негізі қазақ екенін көпшілік білмейді екен. Маған мұны жақында batyr досым айтты.
Сіздермен де бөлісе кетейін дедім. Мұндай үлкен жүлдені алу әрине біздер үшін де үлкен мақтаныш болуы керек.
Махаббат мұңы
Сені бүгін көрдім тағы жүрек шіркін сыздады,
Махаббаттың оты жанып жалын болып маздады.
Сүйген жаным саған қолым сәл-ақ қана жетпеді,
Сағынышпен көрген бейнең бұл жарамды жазбады.
Сенің мәңгі есімің жүрегімде мынау жазылган,
Ылғи жүрсең де ойымда сағынышым басылман.
Рахмет деймін тағдырға сендей жанды сүйдірген,
Ынтық болған сезімім басқа ешкімге ашылман.
Махаббаттың мұңын кешіп, уын ішіп жүрсем де,
Налымаймын тағдырыма ыза болып күлсем де.
Азат жүрек, бағынбайтын дүниенің құлы боп,
Зәбір көріп заманымнан күйзеліске кірсем де.
Енді ойла сен себебін, неліктен олай екен деп,
Ризамын жаным-ау бір жерді жүрсек мекендеп.
Кезінде айтқан Мұхтар ақын ұлағатты бір сөзді,
«Есте ұстаңдар, құлай сүю ерлікпен тең екен!» деп.

Жаңалықтар - Исаның ... Сергей Кулагинге көрінуі
2012, 26 ақпан, сағат TSE-21:58. Tengrinews.kz хабарлайды. Сурет копирайты — mk.ru

Рудный қаласындағы жаңа Кафедралды Собордың төбесі көмкерілген фрескадағы бұрынғы Қостанай облысының әкімі, қазіргі сенатор Сергей Кулагиннің суретінің діни тұрғыдан еш сөлекеттігі жоқ дейді Қостанай және Рудный Епископы Анатолий әкей. «Иконаларда Иса амиго мен оның сақабалары

ОСТАП БЕНДЕР ДЕГЕН КІМ?

Остап Бендер – Илья Ильф пен Евгений Петровтың «Он екі орындық» және «Алтын бұзау» романдарының бас кейіпкері, «ұлы комбинатор», «ақша алудың төрт жүзден астам әділ түрін меңгерген» кейіпкер. Білгіштердің айтуынша ол 1900 жылы 25 шілдеде сағат 20-дан 15 минут өткенде Одессада дүниеге келген. Оның өткен өмірі тұман сияқты, ешқандай анық дерек жоқ. Романның авторлары да оның қайдан шыққанына онша көп тоқталмайды. Тек қысқа да нұсқа жолдардан оның тегінің еврей екенін, кезінде саудамен айналысатын еврейлердің түрік болып жазылғанынан аз-маз хабар береді. Әкесінің аты – Ибрагим екен. Бұл еврейше Авраам деген сөз.
Остаптың ақшаны жақсы көретіні соншалықты, ол ақша табу үшін алаяқтықтың небір түрін меңгерген. Бірде ол алаңғасар ауыл адамдарының аңқаулығын пайдаланып, өзін шахматтан гроссмейстермін деп таныстырып та ақша тауып кетеді.
Аты аңызға айналған – Остап Бендердің бейнесі тұтастай ойдан шығарылған бейне емес. Ильф пен Петров мұндай ақылды алаяқтың образын сомдау кезінде Осип Бельяминович Шор бейнесін протипке айналдырған. Атақты Кеңес жазушысы Валентин Катаев (Е.Петровтың бауыры) «Осип- біздің одессалық достарымыздың бірі. Ол тамаша футирист ақынның ағасы болатын» деген деректер келтірген. Бір қызығы Ильф пен Петров осы прототиптің бойындағы барлық белгілерді Бендерге көшіре салған десе де болады. Мысалы, Осипті достары көбінесе Остап деп атаған. Шор да 1899 жылы 30 мамырда күн сәулетті Одесса қаласында туған. Қалалық мұражайдан тіптен оның тұрған көшесі, үй номері және туу туралы куәлігінің көшірмесі де табылған. Енді шынайы өмірдегі Осип пен кейіпкер-Остаптың өмір жолын тізбектесек тоғысатын жерлері де көп екен. Қалтасында көк тиыны жоқ Осип-Остап он жеті жасында император Николай-І атындағы Технологиялық институтқа түсу үшін Санкт-Петербург қаласына келеді. Алайда, Осиптің студенттік жылдары ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылдың 17 қарашасынан 1919 жылдың 13 қыркүйегіне дейін ғана студент атанған ол өзінің өмірбаянындағы бұл кезеңдерді жиі еске түсіре бермейді екен. Оның немере әпкесі Эльзаның айтуынша Остап Питерде қатты ауырып қалады. Бірде ол айнаға қарап тұрып «бөлмеге біреу кіріп кетті» деп шыңғырады. Өз бейнесін өзі танымай қалған Остап осы сырқаттың салдарынан Одессаға қайтып оралады. Бірақ Санкт-Петербургтен Одессаға дейінгі жол табаны күрестей тоғыз айға созылады. Бұл уақытта Осип алаяқтықтың небір түрімен айналысады. Тіптен мұрнына шахматтың иісі бармаса да ол өзін атақты гроссмейстермін деп таныстыратыны да осы кезең. Қолына қылқаламды қалай ұстауды білмесе де пароходқа суретші болып орналасады. Сөйтіп, Волганың бойын жағалаған бұрынғы студент Одессаға келген соң басқа жақта бастан кешкен оқиғалары туралы өзінің достары Илья Ильф пен Евгений Петровқа айтады. Міне, осы кезде олар басында болашақ роман туралы идея туады. Ал, кейіпкердің аты әлемдегі ең атақты қол жуғыштар мен унитаз сататын атақты «Тарас Бендер және ұлдары» деген фирманың атауынан алынады. Басында Остап Бендер романда «Мүмкін Сізге енді ақша тығулы жатқан пәтердің кілтін берермін» деген бір ғана фразамен «өтпелі фигура» болатын. Артынан Петров «біз үшін Бендер мүлдем тірі адамға айналғаны соншалықты, ол әрбір тарауға сыналап кіре бастады. Ал, біз ештеңе істей алмадық» деп жазды. Өзінің «сыңарының» табысын көрген Осип Шор нағыз Бендерше Ильф пен Петровтан «өз образын пайдаланғаны үшін» ақша төлеу керек екені туралы жиі айтатын. Бірақ жазушылар одан қалжыңдап құтылады екен…
Бірақ өмірдегі Осиптің «өзінің» Остапынан айырмашылығы – Осип Шор ұлы комбинатор бола алмады. Бірақ қылмыстық іздестіру қызметіне кіріп, ең мықты жергілікті «бендер» бола білді. Тіпті қылмыс әлемінің Осиптен сескенгені соншалықты, оны өлтіру үшін олар адам да жалдады. Бірақ қылмыскерлер өз ойлағандарына жете алмады, есесіне қылмыскерлердің оғына «опердің» бауыры ілікті. Бауырының өлімінен соң ол қылмыскерлердің ортасына өзі келеді де, опық жеген кісі өлтірушінің көзіне қарап ұзақ тұрады. Содан соң… кешіреді.
Сталиндік репрессия кезінде НКВД-да істеген Осип өзін өте әділ қызметкер ретінде таныта білді, өзінің көптеген әдебиетші достарын, оның ішінде Юрий Олеш те бар, тұтқындаудан аман алып қалды. 37-ші жылдың аяғында өзінің досын алып кетуге «қара қарға» келгенде Осип әріптестеріне қарсы төбелес ашып, оларды соққыға жығады. Осы оқиғадан кейін оның өзін тұтқындайды. Бірақ, өмірдегі Осип те романдағы Остап сияқты қамаудан қашып құтылады. Соғыс жылдарында ол тері рагімен ауырады, өмірінің соңғы жылдары ол алысқа қатынайтын поездарда жолсерік болып істейді. Біраз уақыттан соң Шор қатарынан екі рет инфаркт алады әрі бір көзінен айырылады. Оның жерлестерінің айтуынша, ол өзінің әдеби сыңары Остаптан жарты ғасыр артық өмір сүріп, 1978 жылы маусым айында дүние салады.
Тарихқа жүгінетін болсақ Ильф пен Петровтың өздерінің айтуынша «Он екі орындық» романының соңын аяқтау әжептеуір әбігерге айналыпты. Тең авторлардың арасында Остапты «өлтіру» керек пе, жоқ «тірі қалдыру» керек пе деген дау туындайды. Ең аяғында екеуі жеребе салуға келіседі. Сөйтіп олар шәй ішіп отырып, қант салғышқа шиыршықталған екі қағаз салады. Көздерін жұмып отырып, суырып алғанда адамның қураған бас сүйегі салынған қағаз шығады да, жарты сағаттан соң ұлы комбинатор «өледі».
Қазіргі баспасөзге сенсек, Минск облысында орман ішінен Остап Бендердің есімі жазылған естелік тақтайша табылған. Онда «Остап Бендер. 1897-1931» деген жазу бар екен.