"Сайтанның сыңары"-на рецензия

2011 жылы жарыққа шыққан аталмыш фильм (түпнұсқада — The Devil's Double) Жаңазеландиялық кинорежиссер, әйгілі «Умри, но не сейчас», «Пророк» фильмдерінің авторы Ли Тамахоридің туындысы.

Фильм 80-жылдардың соңындағы Бағдадты суреттейтін Латиф Яхьяның автобиографиялық кітабының желісімен түсірілген. Оқиға Ирак диктаторы Саддам Хусейннің үлкен ұлы Удейдің қолында билігі, қойнында қыздары болса да, қорқыныш қамауына түсіп, одан шығар жол — «сыңар» іздеуінен бастау алады. Таңдауы сыртқы бейнелері ұқсас, алайда ішкі жан-дүниелері сай келмейтін сыныптасына түседі. Латиф «жұмыстан» бас тартқанымен, келісімін беруге мәжбүрлейтін кейбір кедергілердің арқасында «жаңа бейне»-ні сомдауға кіріседі.

Удейдің әрбір әрекетінен жиіркенетін жан үшін «сарай»-да қалу мүмкін емес-тін. Мұнысын анық сездіре білгенімен, шүріппені басу кезегінде есуастың есі түзеле кететін. Бар айтар сөзі — «Мен сені қатты жақсы көрем».

Латиф кеткенмен, Удейдің қолындағы «көзір» оны қайтадан келуге шақырды. Алайда бұл жолғысы басқаша, яғни кек алу. Жеңіс — Латифтің пайдасына шешіледі.

Басты рөлді сомдаушы Доминик Купердің екі бірдей рөлді алып шығуы өзінше бір әңгіме.


Жалпы, фильм шынайы оқиғаға негізделген деп айтылса да, әркімнің қабылдауына байланысты қаншалықты шынайы екенін көре жатар. Әрі көрермен ретінде Ирак пен АҚШ арасындағы жанжалдан, Хуссейн отбасынан, Удейдің қаншама оқушы қыздарды зорлауы мен келтірген өзге де қиянаттарын көре отырып, ең бастысы жас сарбаз Латифтың өмірінен алынған көріністер бей-жай қалдыра қоймас.




«Сайтанның сыңары»(Двойник дьявола) 18 жасқа толмағандарға арналмаған және жүрегі нашар адамдар үшін қатаң ескерту(!)

Пы.сы: Көріңіз (көппен емес!) және өз бағаңызды ұсыныңыз! Менікі 10-нан 6 Бұған дейін тек романтиканың рахатына бөленіп, ара-тұра комедияны киліктіріп жүрген маған бұл фильмді қарау сәл-пәл ауырлау болды. Десе де, күлкінің табы байқалмады дегенге негіз жоқ
Бөлісу:

23 пікір

patick
рахмет, енді қарауға тырысамын
Zhan
О мына киноны көру керек болды ғой. Маған жұмыста әріптес құрбым бір үнді киносын әкеп берді де «міндетті түрде көр» деді. Үнді фильмін шыны керек бұрын жақсы көретінмін. Ал қазіргілерін таңдап көретінім болмаса көре бермеймін. Содан әлгі киноны көрсем күшті екен шынында. Өзім әлі толқып жүрмін. Фильмнің аты «Три идиоты». 2009 жылы шыққан. Мамандық таңдау туралы, адам өзі жүрегі қалаған мамандықпен жұмыс істесе ғана табысқа жетеді дегенді айтады. Жалпы, үндінің қатып қалған формуладағы стильмен түсіретін фильмдеріне шамалы өзгеріс әкелген. Міндетті түрде екі жас бір-біріне ғашық, сөйтіп жүріп қосылатын жылаңқы ғашықтар туралы емес, тәп-тәіур фильм.
Aigolek
осы киноны мен де корген сияктымын. Моутымда механик деген атпен журген. Сосын ундилердин «Менин атым Кхан» деген киносы да жаксы.
Zhan
Иә сол, «Менің атым Кхан», сосын «Сән» туралы киносынан кейін үндінің ешқандай киносын көрмей жүргем. Осы фильмі күшті екен. Инженерлер туралы.
Aigolek
анеу Мыны Ныга озгертин десем… неге пысыксып тез жаза койдын пикирди
KILYZAMAN
Су миымда, Патекеңнің киноға рецензия жасаушыларды неге жинап жүргенін енді қайнай бастады…
AsanQaigy
Жақсы фильм, адам трагедиясы көркем бейнеленген.
satibaldi
«Сайтанның сыңары»-на рецензия
Боқтама на.
araika
Үйбай, енді барыс септігінің жалғауын да қолдана алмайтын болғанымыз ба?
Janasil
Шындығында Бағдатта не болғанын білмедім, бірақ, Түсірушілердің мақсаты президенттің баласын барынша жаман адам ретінде көрсетуге тырысқан. Бүкіл жамандықты бір адамның бойына жинаған: ойына келгенін жасау, көшедегі көзі түскен оқушы қызды алып кетіп білгенін жасап өлтіре салу, қалаған адамын ата салу, нашақор. Жас жұбайлардың неке тойын бұзуы да сәтті шыққан, қыздардың жүрегіне бірден тиеді.
Жалпы кино түсірушілер мақсаттарына жеткен секілді!!!
araika
Режиссердің айтуы бойынша "Фильм снят по книге Латифа Яхиа, но никто из нас не знает, насколько она правдива: он же сам ее написал! Поэтому я честно забил на правдивость истории. Мне было все равно, честно он написал книгу или наврал. Мы взяли ее в качестве основы для фильма. По сути, наш фильм нельзя считать реалистичным и искать там исторические несоответствия…
"Қалай болғанда да фильмде сол жылдардың жұрнағы болсын көрсетілді.
Janasil
және «АҚШ /тобырымен/ дұрыс қадам жасаған екен, олар кинодағыдай қашанда әділетті» деген мән жатыр.
bazuka
Бұл фильмді рутрекерден алып көргем, батыстық үлгіде түсірген. Ирак елі туралы дым білмитін болғандықтан сюжеттін шын не өтірік екені қызықтырмады, қатты түршіктіргені: адамдарды жазалауы, ужыс ғо, сосын ирактықтар кувейттіктерді жек көретінің білдім.
Sabions
18 жасқа толмағандарға арналмаған
18-ге 2 ай қалды… но кеше көрдім киноны…
araika
 Алған әсеріңді бөліс енді
Sabions
тәәк… кино барысында бір қолым бос болмады.төмен жақта болды… яғни мышьты ұстап отырдым.") порнография басталған кезде алға айналдырып. бөлмеме келіп кетуші "қонақтар" бар дегендей… 1 көріп тастауға болатын кино. айтарлықтай әсер алмадым. бұл киноны неге түсірді деп те ойланбадым…
araika
Екі айдан соң қайта көрерсің, бәлкім

Ойыңды ашық айтқаның үшін алғыс! Ал өзім айтар болсам, ең алдымен мені жәй ғана қызықтырды. Бір жігіттің аузынан есіттім де, дереу іздестірдім. Көрдім. Сонан соң шындықпен сәйкестігін анықтау үшін аз-кем мағлұматтар жинадым, қысқасы біраз уақытымды арнадым.
satibaldi
Көрен кином емес, бірақ нашар болса керек: ана суреттегідей позада отырған жігіттер әдетте жаман ойнайды және гейшатыс келеді.
araika
Бағаны болжаммен емес, салыстыру арқылы берген дұрыс сияқты
satibaldi
Жоқ, мен осылай баға бере берем, ең сорақысы — үнемі дұрыс болып шығад.
MickThatsMyNick
фильм жаман емес шыққан, бірақ соңғы жағы аяқталмай қалған ба, бір пәле  бірақ актер жақсы ойнады, әзілдер де бар, сосын тағы бір айтатын нәрсе қызды дұрыс таңдамаған… (бұл енді өзімнің ойым))
araika
Ойыңа қосыламын, дәл солай.
Ал жанрына келетін болсақ, ішінде жүріп адасып кетесің (атыс-шабыс, драма, биография), мен үшін комедия басымырақ