Дат, админ.

Негізі, ұстанымды еркін блог тұғыры деп алған екенбіз…
Не ғо, Одмин, жаңадан келген үлкенді-кішілі, өнер-ғылым академия-институттарының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілеріне және сол тектес фрилансер-құрдастарына арнап, бір қауымдастық ашып берген жөн шығар, ә?
Жабық қауымдастық болса да ренжімейтін шығар көбі…
Өздері тым жақсы боп тобымен келген екен, бір-бірін жетімсіретпейін деп… тобымен жүре берсін…
Әйтпесе, келгендер үкілеген үміттерін желге ұшырғандай болып, осы жақтағылар оларды менсінбегендей боп виртуалды Жаңаөзеннің алғышарттары басталып келе жатқандай ма өзі…

Негізі, той-томалақ кезінде де, үлкендер бір бөлмеде, жастар бір бөлмеде отырады ғо, типі сол сияқты… Ара-арасында жастар үлкендер жаққа келіп, сәлем беріп, өнерлерін көрсетіп дегендей, үлкендер өнерлі дегендеріне қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырса…

Сосын, биыл сайт ережелерін енгізем дегендей ниетің бар еді…
Ұсыныс: ережеге концепциясы келмесе ескерту (беташар, таныстыру, темаға кіргізу, пролог) ретінде Гастаның анықтамасын қойған дұрыс болар…

Тәртіп керек опшым. Демократия должна быть управляемой…
Әрі қарай

Ех, Рүстем, Рүстем



Менен "Қазақстандағы екі жас талантты режиссерді ата" деп сұраса, мен ойланбастан: Олар — Рүстем Әбдірашев пен Ақан Сатаев дер едім. Бірақ «Балалық шағымның аспаны» фильмінен кейін Рүстемге деген жоғары көзқарасым түсіп кетті. Бұл жолы Рүстемнің тым ұсақталып кеткенін, тым төмендеп кеткенін көрдім. Бұл фильм — оның кәсібилігіне сын.
Әрі қарай

АКУ-дің "КОДАГЫ"

Шертілмеген домбыра ек сол кезде
Қолтыққа жүн енді шыға бастаған
Соткамыз жоқ, хат жазамыз «тор көзге»
Құрбыларға он алтыдан аспаған

Өтіп жатты сондай күндер қалыпты
Білмейтін кез қадірін бұл Уақыттың
Қаладан АКҮ фотаапарат алыпты
Түсірем деп сәттерін әр бақыттың
Әрі қарай

"Қазақ интернеті дамып келеді"

«Қазақ интернеті дамып келеді, қазақша жаңа сайттар ашылып жатыр» деп сұхбат беріп отыр екенмін, облыстық телеарнаның тілшісіне. Әрине бұл түсім ғой.

2009 жылы алғаш ұстаздық жұмысты бастаған кезімде, мұғалімдер жинауға тиісті том-том қағаздарды жинаудан жалығып, интернетті ақтарып қазақша материал іздегенім бар еді, мақсат дайын сабақ жоспарлары және биология пәнініе қатысты қосымша материалдар табу болатын, ол кезде (ол кезде деймін –ау, қазірде солай) нақты ғылымдарға арналған қазақша материалдар өте аз еді ғой. Бар болсада бір жерге басы қосылмаған еді, осы олқылықтың аяғын аспаннан келтіруді мақсат етіп, гугылға былай деп жазатынды шығардым «создат сайт» сонымен не керек бір айдың ішінде тегін конструкторлардың ішінен ең оңтайлысын тауып, биология ұстаздарына арналған бір сайтты жасап шықтым, www.biologia.my1.ru әрі бұл барыс ойлағанымнан әлдеқайда тез болды.
«Бұл недеген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп бөрігімді аспанға атып мәз болып жүргенімде ақырындап тегін сайтымның кемшіліктері көріне бастады. Күндер өткен сайын өз сайтымнан жери бастадым, тіпті айлап кірмей кеткен кезім де болды, есіл-дертім жеке доменмен KZ сайт жасау, оның да жолдарын үйрендім.
Сонымен көптен күткен биология ұстаздарына арналған KZ сайт дүниеге келді, www.bioustaz.kz бұл сайттың жарыққа шығуына көмектескен жігіт те осы жерде, өз арамызда. Сайт әзірге толығу, кемелдену үстінде сайттың құрылымы, дизайын жөнінде өз пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар дегенім ғой, bioustaz.kz деген сөзге лого жасап берем дейтін Атымтайлар болса тіптен қатып кетер еді.
Әрі қарай

Спазмолгон көмектеседі))

sammita-ның каментінен соң есіме түсіп кетті))
Былтыр, Елбасы Ассамблеямен жиналыста эликсир сұрап, жұртты бір күлдіріп еді ғой.
Содан бір шай үстінде үлкендер соны сөз қылып, прикол ұстап отырғанбыз.
Бір кезде балам сұрайды: «Назарбаевтың жасы нешеде?»
Мен: «жетпісте»…
Балам: «кәрі екен ғой»…
Мен күліп: «онда сен өсіп, оны жасартатын дәрі жасап берсеңші» дедім.
Сөйтсем балам, ойланып отырып: «спазмолгон көмектеседі» дейді...)))
Не күлерімді, не ойланарымды білмей отырып қалдым)))
Әрі қарай

Құрма

сөзі арабшада "қыз" деген мағына береді. арабтар құрманы Тамр деп атайды.
алдыңызда құрманы пальмадан теріп алғандағы түрі. нағыз құрма осындай болады. біз үйренген тәтті дәмі жоқ. айваны жегенде ауыздың іші құрғап кеткендей (ВЯЖЕТ ВО РТУ), мұны да жесең сондай. жаңа ғана Кувейттен алып келді досым.
Блог - sakenspb: Құрма
Әрі қарай