Ех, Рүстем, Рүстем



Менен "Қазақстандағы екі жас талантты режиссерді ата" деп сұраса, мен ойланбастан: Олар — Рүстем Әбдірашев пен Ақан Сатаев дер едім. Бірақ «Балалық шағымның аспаны» фильмінен кейін Рүстемге деген жоғары көзқарасым түсіп кетті. Бұл жолы Рүстемнің тым ұсақталып кеткенін, тым төмендеп кеткенін көрдім. Бұл фильм — оның кәсібилігіне сын.

Бұл жерде басты кейіпкердің прототипіне деген ұстанған көзқарасымды тықпалаудан аулақпын. Дәл осындай деңгейде «Ел арна», «Хабар» түсіретін телевизиялық фильмдер түсірілуші еді ғой. Қарап отырсақ әдемі туынды түсіруге барлық алғышарттар жеткілікті еді. Бірақ есте қаларлық көркем дүние көре алмадым. Актерлердің ойыны да көңіл көншіте алмады. Сол баяғы тәжірибелі кәрі әртістер ғана фильмнің толықтай күйреуінен аман алып қалған сияқты. Идея іске аспады, жарандар.

Рүстем, тәуелсіз, мемлекеттік тапсырыстан тыс жұмысқа орал. Өйткені шығармашылыққа бұйрық жүрмейді.

Баға: 4/10.
Бөлісу:

23 пікір

AKY
2-ші бөлімін көріп айтып отырС па?
Әлде сол баяғысы ма?
patick
Қай жақтың екінші бөлімі?
AKY
2-ші бөлімі болад деп жатыр деген.
А так, 1-ші бөлімінің кей жерлерінде қорс-қорс жльяп алдым)))
Zhan
Осы фильмді аяғына дейін көруге төзімім жетпеді. Кейбір көріністерге «мынаны көрсе Елбасы ашуланбас па екен» деп отырған сәттерім де болды. Аяғына дейін көрмеген соң, пікірім де толық емес.
salta
тапсырыспен түсірілген фильмнен қай жоғыңды сұрап отырсың?! шүріппенің басылып кетпеуін тілеп түсірген фильмі үшін Рүстемнің не күнәсі бар? осы фильмі үшін келесі президенттің қарғысына қалып, сібір айдалмаса екен деп тіле… өйткені, өзі жоқтың, көзі жоқ деп тепкінің астына алғанды жақсы көреміз ғой… Сталинді де осы күнге дейін тепкінің астына алып келеміз…
TERISKEY
Менен "Қазақстандағы екі жас талантты режиссерді ата" деп сұраса, мен ойланбастан: Олар — Рүстем Әбдірашев пен Ақан Сатаев дер едім.
ал, мен Рүстемнің орнына Жаңабек Жетіруовты атар едім, әттең документальныйдан көркем фильмге көшпей жүр ол
Abilakim
Осы фильмде мынандай бір көрініс бар.Неміс тілі апайы үй тапсырмасын сұрайды.Нұрсұлтаннан басқа ешкім қол көтермейді."Әдеттегідей тек Нұрсұлтан ғана дайындалып келген бе?" деген жері артықтау шынымен
patick
ондай ұлыландыру сәттері жетерлік
AKY
Анадай балалық шақтан кейін президент болудан басқа амал жоқ секілді))
yeti
Анекдоттағыдай бір жерін бітеп тастамаса болар еді…
satibaldi
"Әдеттегідей тек Нұрсұлтан ғана дайындалып келген бе?"
Шынымен сондай жері бар ма? Қаззақтар лібә, кастрюльдеп кетті
qusbegi
Сыныптастары көрмеген шығар фильмді Сол сыныпта ең жақсы оқыған Гүлнәз деген староста қыз фильмді көріп қорс-қорс жылаған болар
saken
көрмегенім жақсы болған екен.
balzaminka
онлайн қарау ресурсын білетіндерден подсказка күтем
patick
Орысшасы онлайн. Қазақшасы ТВ-дан жазылған: Торрентте бар. Сосын ешкімге айтпа
balzaminka
рахмет
satibaldi
Үнділерге «бір слесарьдың өмірбаяны туралы қарап отырм» де, ұят болар…
Nurgisa
Demalysta Xabardan elbasy turaly derekti film usynyldy. Djigarhanyan jurgizdi. Kuieubalasynyn atyn atap, tusin tustemese de, ashyna aitty. Ashyna degenimdi durys tusinsenizder eken.
Gulistan
Бұрын болғанды қайталаған сияқты.
Gulistan
Нұрғиса, жұмысқа қашан шығасың?
Nurgisa
Менин демалысымды ды коп кордин бе, саулем-ай
Gulistan
Әріптеріңді меңгеру қиын екен