Тағы да ұрлық

Осы жолы КЕРЕКтегі материалдардың бірін газеттер емес, сайт ұрлады. Асауботаның «Германиядағы хоккейші қазақ — Данияр Джунусов» деген материалы шығып еді ғой. Естеріңізде ме? 27 ақпан күні шыққан-ды. Сол мақаладағы біраз деректерді «НАМЫС.kz» қайта басыпты. Өткенде "Қазақ спорты" газетінде де жүрген еді. Әрине, қазақтың жақсылығын асыру үшін мұндай тақырыптарды бәріміз жазсақ та артықтық етпес еді. Бірақ, сөйлемдерді сөзбе-сөз көшіріп алғанын көргенде ішің ашиды екен. Мәселен, Асаубота 27 ақпанда Данияр Жүнісов туралы былай жазды:"Қазақ пен хоккей спорты бір бірімен байланыса бермейтін ұғымдар. Хоккей болғанда оның ішінде қақпашылық мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал, Германияның мықты клубтарының бірі Вольфсбург Гриззли Адамс командасының қақпасын қазақ жігіті Данияр Джунусов қорғайды".
Ал, «НАМЫС.kz» тегі жазбаның тақырыбы «Германияның қақпасын күзеткен қазақ» деп тұр. 11 наурызда қойылыпты. Алғашқы сөйлемі "Қазақтың табиғатына жат спорт ойындардың бірі – хоккей. Бұл спортпен көшпенді жұрттың жан дүниесі қабыса да бермейді. Хоккей болғанда оның ішінде қақпашылық мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал, Германияның мықты клубтарының бірі Вольфсбург Гриззли Адамс командасының қақпасын қазақ жігіті Данияр Жүнісов (немісше Daniar Dshunussow) қорғап жүр".
Содан Асаубота Данияр туралы қысқаша жазады да «Сөйтсе Данияр кезінде Германияда жұмыс істеген аудармашы Айғали деген кісінің баласы екен. Әкесі кейін сол жақта қалып қойған. Данияр 1986 жылы Берлинде туған». — дейді. Ал, «НАМЫС.kz» те біраз мәселені жазады да, «Сөйтсе Данияр кезінде Германияда жұмыс істеу үшін қоныс аударған, маманы аудармашы Айғали деген кісінің баласы екен. Әкесі кейін сол жақта тұрақтап қалған. Данияр 1986 жылы Берлинде туған», -дейді. Әрі қарай кеттік.
Асаубота «Данияр қазір Вольфсбург Гриззли Адамс командасының негізгі қақпашысы. Былтыр Германия лигасының күміс медалін жеңіп алған. Ал, биыл Давостағы Шпенглер кубогында Канада құрамасын ұтқан ойынның бас қаһарманы болды.

Болашақта Ұлттық Құрама қақпашысы ретінде көріп қалуымыз ғажап емес»
,-деп жазады. «НАМЫС.kz» болса «Данияр қазір Вольфсбург Гриззли Адамс командасының негізгі қақпашысы. 2010 жылы Германия лигасының күміс медалін жеңіп алған. 2011 жылы Давостағы Шпенглер кубогында Канада құрамасын ұтқан ойынның бас қаһарманы болды. Болашақта Қазақстанның Ұлттық хоккей құрамасының қақпашысы ретінде көріп қалуымыз ғажап емес»,-дейді. Енді өздеріңіз сараптай беріңіздер.Япыр-ау сөзбе сөз көшірілген ғой бұл. КЕРЕКтіктер талай айтса да ұрлық істейтін әріптестер тыйылмай-ақ қойды. Сіздер не дейсіңздер. Айтпақшы, әлгі сайттағы сілтеме мынау Your text to link...
Бөлісу:

23 пікір

asaubota
газеттен көргем өткенде. Бекен ағам сөздерімді пәлендей өзгертпепті
alashaman
Оны мен де көрдім. Содан бүгін екі сайтты қатар ашып, салыстырып көрдім. Айнымайды. Болмаса синонимдер қолданып, өзгертіп жіберсе ешетең дей алмас едік. Бірақ, олай емес. Ұят қой бұл. Мүйізі қарағайдай журналист қой Бекен ағам. Мен де бір журналға сайттардың бірінен алып, материал баспақпын. Бірақ, авторынан кәдімгідей сұрап, рұқсатып алып қойдым. Болмаса «Ареке, анау материалың жақсы екен, мен сәл-пәл өзгертіп басып жіберейін» десе, меніңше қарсы болмас едің. Солай ғой, иә?
Daniar-Alan
не ғо… біраз сайттарда тұр ғо үстіне бассаң «заңмен қорғалған т.с.с.» деп жазу шығад… в обшым көшірілмид… керекті де сондай қып істеп қойса ше… әйтпесе аш итті қақпағы жоқ қазанның жанына жолатпай қорып отыру деген сияқты нәрсе ғо бұл…
asaubota
мен кәсіби журналист емеспін. жазғандарымнан жұрт идея, ақпарат алса ала берсін. тек соны құр көшіріп қана қоймай, қасына тың ақпарат қосса жақсы болар еді. сайттағы блогер мен журналисттің шамалы болса да айырмашылығы осы болу керек деп ойлаймын.

қайтеміз, Құдай қазаққа фантазия мен интеллект бермей тек дархан көңіл бере салған
Aldeken
қайтеміз, Құдай қазаққа фантазия мен интеллект бермей тек дархан көңіл бере салған
лібәәә…
satibaldi
Намыстықтарды қаралағың келіп тұр сен! саған бұл сөздерді жаздыртып отырған — Дюпон мен Морганның теміржол конгломераты мен Амеркэн Фруит Компани! Мақсатың — қазақ елін қаралау, өсірмеу, өндірмеу!
Daniar-Alan
хехеее шымкенттегі газеттегі жұмыс қызық қой дегенмен…
aikarakoz
эх… жаман болсаң, іш киімін қолына алып, алты құрлыққа жар салады… жақсы болсаң, жақсылығыңа барымта жасайды... Түңілдім…
Пы.Сы. Ұрлықтың күнәға жататын-жатпайтынын айтатын мұсылман бар ма араларыңызда?
asaubota
бұл былай қарасаң ұрлық емес, тек интернеттегі ақпаратты алып сәтсіз редакция жасаған. тың ақпарат орнына берілген сілтемедегі орысша сұхбат аударылған.
alashaman
Үнемі негатив айт берген соң «НАМЫС» шаршай бастаған шығар.
Zako
Оу, намыс.кз, ОЯН, НАМЫС қайда? Аттан!