17 жасар қазақ баласы Gillette-тің арнайы сыйлығына ие болды


Политехникалық колледж студенті, 17 жасар атыраулық Исламбек Абдужаппаров Gillette фирмасының сыйлығын ұтып алды. Күнде 5 уақыт қырынуды өзіне парыз санайтын жас өрен өзі күнделікті қолданып жүрген Gillette өнімдерінің қабықтарын лақтырмай, ұқыпты жинап жүріп, компанияның акцияларына белсенді қатысқан. 2 жылдық еңбек босқа кетпей нәтижесінде Gillette фирмасынан арнайы қырыну құралдары жиынтығын ұтып алған Исламбек қуанышты хабарын тілшілерімізбен бөлісті.
Әрі қарай

Капиталисттік тәрбие немесе балаға қиялды кім береді?


Бұрын Кеңес өкіметінің кезінде, әрбір мамандықтың қажеттілігін, әрбір колхоз бен совхоздың қажеттілігін үнемі халық санасына құйып, үгіттеп отырушы еді. Есесіне етікшіден, пеш жағушыға дейін әрбір «совет» азаматы өзін елдің дамуына үлес қосып жүрген, демек өмірінің мағынасы бар, қоғамның маңызды бір бөлігі сезінетін.

Қазіргі телевидение, ойын-сауық газет жорналдарының көбі адамның түбегейлі мақсаты шетелде тұру, немесе «жұлдыз» болу, бизнес корпорацияның топ менеджері болу, пластикалық хирург болу екендігіне екпін салып, дизайнер, қыртым-сыртым тағы басқа сыртқы жылтыраққа қатысты арман қиял тамырына су құйып отыр. Бәріне универсал жауап — заман талабы солай!
Әрі қарай

Жар@йсың!

Қазір еліміздің қай арнасын қосып қалсақта шоу-бағдарламаның үстінен дәл түсетін дәрежеге жетіп қалдық. Әрине, көбісінің сапасымен мақтана алмайтынымыз өкінішті. көпшілікке «ШіркінLife» тәрізді жобаларды ұсынып жүрген «Еларна» сайты «Жар@йсың» атты жаңа ақпаратты-сазды бағдарламаның тұсауын кесіп үлгерді. Басқа бағдарламалардан ерекшелігі сол (өздерінің айтуы бойынша) еліміздің әншілерінің жаңа әндері мен бейнебаяндарын тек осы бағдарламадан бірінші болып тамашалай алады екенбіз. Өздері сайттарында:
Әрі қарай

Национал-көтриоттарға релакс-цитаталар

«Сөз жоқ Қазақстанға алақан жаятын күнге де жетеміз». ©Меркель
«Астананың сәулетінің кереметтігі сондай, Флоренцияны қайта көргенде өкіртіп құстым».©Рим тұрғыны
"Қазақстан Қытайды басып озатыны әлден-ақ белгілі, біздер қаңғып кететін шығармыз"© Қу Жың Тау
«Жұмыс істеуге дым құлқым жоқ. Жасайсың-жасайсың, бірақ Қазақстан деген айбынды мемлекет бір қой озып кететінін білгенде, жұмысқа қолың бармайды» © Taiwan Semiconductor Inc. CEO-сы
«Біләд ал ойбай, ал керек болса!»© Георгиос Папандреу
«Адронды коллайдерге 4 млрд. долларды желге ұшырдық. Қазақтардан сұрай салуға
Әрі қарай

Ағайынды иттердің төбелесі



Бұл төбелестің жалпы ұзақтығы 2 минөттей еді.Мен соңғы 50 секундын ғана түсіріп үлгердім. Ауылдағы екі ағамның иттерінің төбелесі. анау кішкентай қанден ит ақ итке болысып қараны тістелеп жүр. ақ ит пен бір қорада жатады ғой қанша дегенмен.
Әрі қарай

Иран БҚШ-тың барлаушы ұшағын жерге қондырып алды

RQ-170
Пилотсыз RQ-170 барлау ұшағы Иран терриоториясын және территориялық суларын суретке түсіріп, радиолокациялық стансалардың параметрлерін жазып жүрген. "Ұшақтың өте-мөте құпия екендігі сонша — ол тіпті Пентагонға да берілмей, тікелей Ұлттық Қауіпсіздік Агентігінің құзырында
Әрі қарай

Бір ауыз сөз, бір жер, бір себеп пен бес тағдыр

1930 жылдар. Коллективизация, жаппай колхоздандыру. Алдында ғана жеке меншікке рұқсат бергендей Совет Үкіметі (Новая Экономическая Политика), енді халыққа шұлығымды жеген екенсіңдер деп, малын тартып алуда. Сол күндердің бірінде Кәрібай амиго вокзалдың ауласында жігіттермен арақ ішіп отырады. Жалпы, сондай өздігінен бір жартылықты жұқалайтын жер боп кеткен екен вокзал маңы. Аздан соң көршілер саясат айтып, даурыға
Әрі қарай

Виртуалдағы реал

Дәліз бойы у-шу. Редакцияның жұма күнгі апта қортындылар лездемесінен соңғы, әдепкі тірлігі. Кеше келер маусымның жаңа жобаларын ақырғы рет бекітіп, бүгін Дастанның өз-өзіне демалыс жариялап отырған кері. «Фейсбук» пен «Керекинфодан» басқа еш бетті ашпастан, тіпті, поштасын да тексерместен, компьютер алдына қою кофемен қонжиды. «Әсел, бүгін күн тамаша, а?». Бойын кернеген күйбеңнен ада сезімді, ойға айналдырып, пернетақтамен тарсылдатып жіберген түрі.
Әрі қарай