Куала Лумпурдан қайтарда

Келдім деп бір хабар, қайттым деп бір хабар беру шарт болып отыр  

Алдымен, Куала Лумпур әкімшілігене ренжіп қалғанымды айталын. Қатты ренжідім, ренжігенім соншалықты қалтамда бір тиын қалмай қайтып барамын.

Бұл не деген сұмдық, бір қадым жасаған сайын, бір молл. Жәй, көрнексіз, адам тартпайтындай болса бір сәрі, құдай-оу, алыстан мен мұндалап, бізде бәрі арзан деп, шырмауына тартып кетеді. Ұят деген болсашы. Обшым, ұят менде де болмады, моллдарда да. Шыққан сайын ештеңе алмаймын деймін-ау, қайдағы…

Енді ырзашылығымды білдірсем . Туристерді тарта білген, қызықтыра білген, жағдай жасай білген басшыларына рахмет. Қаланың кіріс көзі сол туристтер дейді такси шофері. Ресми сайттарына кіріп ақпарат іздемедім, демалып жүрген кісіге неге керек деңізші , соны айтам, маған әзірге керек болмай тұр. Қарапайым, нан тауып жүрген халық өкіліне сене салайын . Моллдардан ғана тұрады екен деп қалмаңыз. Көремін деген кісіге қызық көп екен.

Кеше, өляяя, аяқтан аяқ қалмады. Келгелі бері жаяу жүрген адам, кеше амалдың жоғынан таксиге отырдым ғой. Принциппен жаяу аралап жүргенім сөйтіп күл болғаны. Неге десеңіз айтайын, тұрған жерім қаланың дәл ортасы, бәрі жақын, сонда неге автобус, таксиге отырам, жаяу жүр дедім өзіме, әрі тонус, әрі бонус . Көп сөйлеп кеттім, сорри, шаршағаннан бірден бірге кетіп жатырм.

Сонымен, не көрдім? Көргендерімді бөлек-бөлек жазайын ба, әлде бір пост қылайын ба деп өздеріңізден сұрап алмақпын . Сонымен, айта отырыңыз, не істейін?
Бөлісу:

31 пікір

urimtal
Өзі Букит бинтаң аман ба екен?  Молдар бойынша тізіп шықсаң болады. Әрқайсының өз ерекшелігі бар ғой.
balzaminka
Аман, бұрынғы қалпында деп ойлаймын  Күні-түні адам арылмайтын жер екен өзі

Тақырыптар бойынша жазамын онда
Abilakim
көргеніңіз көп тәрізді ғой))
balzaminka
Ия, бірақ бәрінен керектің бір жердегі белсенді «дуэті» озды. Күтпеген нәрсе аяқ астынан деген ғо, оларға Алла сыншы, айта берсін дегеннен өзге эпитет жоқ
Gulzhanat
Алдыңғы пост үшін рахмет!  Недогон болып тұр. Қалй болса да кө-өп жазыңызшы ) Таң қалдырған нәрселер болды ма? Қандай тағам түрлері бар екен? Не ұнады, не ұнамады? Инеттен де табуға болады ғой, оны әрине. Бірақ субъективное мнение, эмоция керек  Чипсы мен попкорн алуға кеттім!
Armanjan
Көргендерімді бөлек-бөлек жазайын ба, әлде бір пост қылайын ба деп өздеріңізден сұрап алмақпын. Сонымен, айта отырыңыз, не істейін?

кім қажет деп тапса соның жеке поштасына жазып жібергенің дұрыс па деп ойлаймын!
asaubota
+6 яғни әзірше 6 адам иә дейді
balzaminka
менімен сегіз болды
Abilakim
сөйтетін болдыңыз ба енді?
balzaminka
керектен өзге жерде де блогым бар екенін айтып өткім келіп отырғаны, соның бірінде жариялаймын бір кісілердің диалогтарымен вот народ будет в шоке, саспа диалогыңды жарияламаймын
balzaminka.wordpress.com
massaget.kz
on.kz
Abilakim
Не жарияламақшысыз Ханум? Менің қандай екенімді бәрі біледі, ал Сіздің қандай екеніңізді білген жұрт мәйкесінің жағасын ұстамай ма?
Не ма вордпресс ашылды ма?
Armanjan
мәйкесінің жағасын ұстамай ма?
AKY
саған да біреу «фас» деді ма не?
Abilakim
ал Сізге не жорық?
AKY
Кірест жорығы
salta
мдааааа, «айт» десе ит жүгіреді, ит соңынан қыз жүгіреді…
balzaminka
не ғо, жұрттың әйелдерін өсектеп болдыңыздар ма?
balzaminka
амал жоқ, надо признать, айтақсыз жүре алмайды
balzaminka
тааак, осы жерден толығырақ, очередной өсегіңізсіз айтсаңыз болады қандай екенімді, біліп қалайын
Abilakim
бірінші блогыңызға жарияласаңызшы)))
balzaminka
жоғарыда анықтап оқысаңыз, «саспа, диалогыңды жариялааймын» деген болатынмын, қайталай салайын, саспа, жарияламаймын
AKY
Армия келіп қалды, қан-жоса етіпті, шегінейік
balzaminka
 нағыз шаш ал десе бас алатындар ғо, нені минустауды да білмейтін, инструктор, инструкцияны дұрыстап берген абзал
Abilakim
арманжанға қосылмасқа шара жоқ
AKY
Жеке-жеке жазсайшы. Фотосымен. Көрейік
Tarazkyzy
«Туристерді тарта білген, қызықтыра білген, жағдай жасай білген...» деген жерден бастап толығырақ бола ма. Туризмді дамыту мәселесі қатты толғандырып жүр.
balzaminka
Әрине болады. Ол туралы міндетті түрде әңгіме шертіледі
Erkekyz
Әйгеріммен келісемін, жеке-жеке, фотоларымен в студию .
araika
«Dubai shopping festival-2012»-ге бармадыңыз ба? Жалпы, бұл жөнінен хабардарсыз ба? (Дубайдағы, десек те...)
boztorgai
сонымен, айта отырыңыз, не істейін?

бүгінше ештеме істемеяқ қойыңыз
жақсылап тынығып алыңыз
Gulistan
Бальзам, жеке-жеке пост қылып жаз.
ken
қазір Үндістандасың ба?