Капиталисттік тәрбие немесе балаға қиялды кім береді?


Бұрын Кеңес өкіметінің кезінде, әрбір мамандықтың қажеттілігін, әрбір колхоз бен совхоздың қажеттілігін үнемі халық санасына құйып, үгіттеп отырушы еді. Есесіне етікшіден, пеш жағушыға дейін әрбір «совет» азаматы өзін елдің дамуына үлес қосып жүрген, демек өмірінің мағынасы бар, қоғамның маңызды бір бөлігі сезінетін.

Қазіргі телевидение, ойын-сауық газет жорналдарының көбі адамның түбегейлі мақсаты шетелде тұру, немесе «жұлдыз» болу, бизнес корпорацияның топ менеджері болу, пластикалық хирург болу екендігіне екпін салып, дизайнер, қыртым-сыртым тағы басқа сыртқы жылтыраққа қатысты арман қиял тамырына су құйып отыр. Бәріне универсал жауап — заман талабы солай!

Сорри, Майкл- бұл бизнес!


Алайда баяғы-бұрыңғы деп ностальгияға берілді дей көрмеңіз, қазіргі балалар "ұшқыш, ғалым, инженер" болам деп армандамайтын сияқты көрінеді. Білмеймін, байқайтыным: бизнесмен, әнші, актер, министр,… жақсы ғой, егер арман өзіндегі қабілетке сай болса, немесе өзінің шын жүрегінен шықса. Әлдебір индустриялар санасына құйып тастаған шешім болмай.

«Престиж» деген сөз де ауадан ақша жасау құралы, әдемі сөздермен әлденені атау да бизнес ғой.
АҚШ-тың доллары секілді, маңыздылығын баса айтып, соған сенген адамдардың «жүнін қырқып, еркіне қоя беру» құралы сияқты көрінеді.

Сені сотқа берем, Мама, менің де құқығым бар! © Саша, 6 жаста


"Қинамау керек баланы, балаға өз арманыңды тықпаламау керек, өз қалауымен таңдау керек" дегендер қазір сәнге айналған демократиялық пікірлер.
Бірақ қарап отырсаң, оған бағыт бермесе, оның тәрбиесімен кім айналысады, оған жалған қиял-армандарды санасына кім құяды?
Телевизордегі кей бағдарлама, жарнамалар — дайын, комплекске булыққан, өзінің сенімсіздігін қанағаттандыру үшін кез-келген шартқа, құрбандыққа дайын мәңгүрттер армиясын тәрбиелейді.

Сөйте тұрып, кейде біз ата-анаға бала тәрбиесінің рөлінде тек мүдделі ұйымдарға көмекші болуды ғана артатын сияқтымыз.

«Get rich, or die» түйсігі


Сонда ата-аналар егер бай болса, «Get famous or die» (Атақ ал, я қата қал!) деген принциппен, ал орта таптың өкілі болса, «Get rich, or die» (Олигарх бола алмасаң, өлеғалнах!) деген ойдың сіңірілуіне еш тосқауыл болмауға мәжбүр, өйткені балаларға өз ортасында сондай психология ендіріліп отыр. Мәселен, бір кішкентай қарындастарыңыз, үйге жылап кеп «Пәленше маған сендер сыйлаған көйлек „фейк“ деді, ал оныкі Миланда тіктірілген екен» деп болмашыға бақытсыз боп егіл-тегіл болыпты дейік, сіз не дейсіз?
Немесе, кішкентай ұлыңыз/ініңіз үйге бұлқан талқан боп келді делік,
«не болды?»,
"қойш бармаймын сабаққа",
«Неге?»
«Мен ғана автобуспен барам, қалғандарын Крузакпен әкеп тастайд, мазақтап болды әбден»
-десе, реакцияңыз қалай болмақ?

Ата-аналық еңбек өтілі барлардың жауабы әсіресе қызықтырады.
Жалпы қалай жауап берсең де, осы жағдай қалыпты жағдай ма? Әлде ауытқушылық па? Менің жүрген жерімде, маған ғана солай көрініп жүр шығар әлде?

Пост-скриптум емес


Жазба феминизм мен гендерлік саясат жайлы болмаса да постскриптумның орнына орыстың балаларға арналған өлеңінің мынадай үзіндісін /аудармасымен бірге/ келтірсем деймін:

****
«Кто трусы ребятам шьет?
Ну, конечно, не пилот!
Летчик водит самолеты — Это очень хорошо!
Повар делает компоты — Это тоже хорошо.
Доктор лечит нас от кори,
Есть учительница в школе.
Мамы разные нужны,
Мамы разные важны...»

Михалков С.В.

— Еркін аудармам мынау:

Кім саған дамбал тігед,
Ұшқыш емес шығар енд,
Ұшқыш ұшақ жүргізер,
Оның өзі керемет!
Аспаз компот қайнатар,
Бұның өзі керемет!
Дәрігер тұмау емдесе,
Мұғалім сабақ оқытар,
Көре көрме біреуден кем анаңды
Сыйла, кім боп істесе де, мақанды...
bk
Бөлісу:

31 пікір

Gastarbaiter
суретті neo-kids.ru -сайтынан көрсетпей сұрап алдым.
balzaminka
ата-ана болмасам да, ұл-қыздарды көріп айтарым, кіп-кішкентай болып алып, ненің қымбат, ненің арзан екенін, соған қарап адамды бағалайтындары көп. Бұл жерде өзіміздің бірнәрсеге құлай кететініміз кінәлі. Қожанасырдың шапан жайлы айтқаны қашан, әлі өзекті сол.
Gastarbaiter
Ересектердің (Қожа Насырды ересек деп алып отырмын алдын ала) арасында әрине баяғыдан өзекті ғой, балалар жағынан сондайдың болы дұрыс па/бұрыс па? Әлде бұрыннан солай ма?
balzaminka
бала деген отбасының айнасы емес пе, үлкеннен көргенін қайталайды есейіп өзгергенше. Менің көзқарасыммен әрине дұрыс емес
Gastarbaiter
«Балалар жағынан емес, бала кезден бастап» деп айтқым келген.
Bakitoral
балаға қиялды аңыз ертек, батырлар жыры береді, батырлар жырын оқып өскен адам болмысын ұлттық бағытта құрады, жүз адамның ішінен біреуі солай болып өссе де дұрыс,
Мың қарғаға бір кесек
Бір өзі жүзге татитын
Арысым еді ау Юлдузбек
Тоныкөк
Gastarbaiter
«Железный Человек» тұрғанда Юлдузбекті қайтсін
balzaminka
Сізге қарсы пікір айтқым келіп отыр. Ұлттық болмыс батырлар жырында ғана емес, ол біздің күнделікті тіршілігіміздің көз айнасы болуы қажет. Баланы қияли қылып өсіруге қарсымын, өмірге епсіз болады ондай кісілер. Қайта ширақ болуы керек, Омарбраттың Әлиі секілді дер едім, тпәй-тпәй, көз тимесін
konvict
Ойландыратын пост екен. Осы уақытқа дейін інімнен болашақта кім болуды армандайсың деп сұрамаған екенмін
Bakitoral
жүздің біреуі болса да жеңіс, қалғандарына алаңдай бермеу керек, много званных, да мало избранных, жүздің барлығы бірдей таңдаулы бола алмайды,
konvict
«Мен ғана автобуспен барам, қалғандарын Крузакпен әкеп тастайд, мазақтап болды әбден»
-десе, реакцияңыз қалай болмақ?
Осы тектес әңгімелерді үлкендерден де естуге болады. Кәмелетке толған кей қыздар(әсіресе ауылдық) өзінің жағдайына көңілі толмай жатады. Меніңше мұның бәрі араласқан ортаның әсері болса керек. Егер сондай жағдаймен Зимбаведе тұратын адам олай деп айтпас еді
Bakitoral
қиялдай білу керек, Балзаминка, арманшыл болу керек, армандаудан қорықпау керек,
balzaminka
келісемін, бірақ армандағанда да реальносттан ауытқымау керек. Кейбір натуралар болады енді, өнер адамдары, соларға жарасады
Gastarbaiter
Ақтөбеде көп кісілердің кішкентай балалары тойда билеп ақша табады-мыс.
Сондай балалардың бірінің әңгімесі бойынша, билеп тұрып, подносқа кімнің қанша ақша салғанын бір көзімен бақылап, шамамен есептеп тұрады екен.
Бұл не? Заман талабы? Есектің көтін жусаң да мал тап?
Дұрыс бұрыстығын айта отырыңдар жамағат!
Marco
Мынаны шықпағыр көз көріп жүр! Үйдегі ескі перделерден «шығыс көйлегін» тіктіреді де, бес жастан асқан қыздарын тойға алып келеді. Шынымен баланың көзі ақшада, ол қайдан білсін, осы дұрыс екен деп ойлайды. Ана ата-ана болса, асабаға жағаласып, «менің қызым билесінші» деп қоймайды. Бір тойда осындай үш кішкентай қыз өзбектің бір әніне билегенін көргенмін.
Marco
Айтпақшы, қазір қара жорға сән болды. Бұрын билейтін қыздар еді, қазір балабақшадан қара жорғаны үйренген ер балалар да билейтін болып жүр. Мақсат сол, ақша табу.
Баланы бұлай пайдалану дұрыс емес. Ақша табудың ең оңай жолын көрген баланың басқаға, оқу-білімге қызығушылығы қалмайды.
balzaminka
ия, бәрі сол ата-аналардан, одан қалды мектептен дер едім. Белең алғаны өкінішті екен
blackbeard
Бір қарапайым досым бар. Базарда арба сүйрейді. Жақсы жұмыс көрсейші десең, мына жұмысты да біреу істеуі керек қой дейді
asaubota
баламды өзім қандаймын сондай қылып өсіргім келеді. оның ең жақын досы болғым келеді. шешімді ол үшін мен емес өзі шешетін қылып, таңдауды өзі жасайтындай қылып тәрбиелегім келеді.
neoman
Өй, қайтесіңдер?! Заман сондай ғой өзі. Кеңестік заманда да балалар совхоз директоры немесе обком болам (ақшаға не/және билікке қол жеткізу) деп армандаған
neoman
Айтпақшы, осы мен есімді білмей тұра ақшаның құнын сезіп үлгердім-ау. Білмеймін, әйтеуір, алғаш теңге пайда болғанда (5 жастамын сол кезде) сонау туылғаннан бері жинаған бір банкі ақшамның (біраз ақша екенін білетін ем, математикаңды ұрайын) құнсызданып кеткеніне әлі өкінем ше. Ең болмаса, жартысын басқа валютада ұстау керек еді
balzaminka
хехе, сомнан өзге валюта болды ма екен ол кезде. Шетел валютасын ұстағандар қудаланған дейді ғо ол кезде
neoman
Қудаланса қудаланған да шығар… 92-де емес, 93-те ауысқанда теңгеміз, алтын я күміс жүзікке болса да ауыстырып алуға басым жетіп қалар ма еді
neoman
93-94 дегенім ғой
balzaminka
қазір қалайсыз? Пысық боларсыз ендігі, ия?
neoman
Атылған оқтың ұшу ұзақтығы оның бастапқы жылдамдығына (яғни мылтық ұңғысынан ұшып шыққан сәттегі) тікелей тәуелді деген тұжырымға сенем.

Әзірше пысықтығым тек сөз жүзінде болар, өкініштісі…

Флудты доғарайық
edige
Қазіргі балаларды жұмсасаң тегіс жерде тиын істеп қалатын болған… Капиталистер өсіп келеді…
bizbike
бұның бәрі әлбетте дұрыс емес. Осы отырған көбіміз ата-анамыз. Балаларымыздың теледидардан не қарап, не оқып жүргенін қадағалауға болады. Бірақ құр айқаймен емес, бала сені тыңдау үшін сен оның досы болуың қажет. Тағы бір жәйт, біз балаларымызға мәңгілік құндылықтарды сіңіруіміз қажет, ол ертегіден басталады. Сосын меніңше балаға хадистерді, құранды оқып, түсіндіру керек. Көріп жатқан әр құбылысын түсіндіріп, сол жағдайда ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұқтыру керек. Ал тойларда балаларын билеткізетін, ән айтқызатындарды мен түсінбеймін. Әсіресе шығыс биін билететіндерге, ол бидің түп-төркінін түсінбейді де. Кезінде ол биді соғыс кезінде тұтқынға түскен күңдер билеген, оларды біреу байқап, сатып алсын деген мақсатпен.
torebars
Bala bos kumyra. Ol nemen tolady ata-anaha bailanysty. 80% tarbieni bala kozimen alady. Tarbie ata-ananyn ozinen bastalady. Bakhanyn gemisti boluyna bahban gauapty
temir1986
Түңіліп кеттім кейінгілерден.