Бітпейтін бала бақша мәселесі.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген бар емес пе. Соңғы кездері «біз қандай ел болады екенбіз»?- деп жамааааан қапаланып жүрмін. Обшым… Балаларымыз балабақшаға жарымай отырғаны былай тұрсын, балама жеке меншік қазақша балабақша таппай дал болдым. Үйдің маңайында бір қазақша балабақша ашыла қалып еді, онысы бір айдан кейін жабылып қалды. Үйден алыс жерде болса да «Көкіл» деген мектептің мектепке дейінгі балаларға арналған орталығы бар екен. Енді соған берсем бе деп отырмын. Балам жоқ дегенде домбыра деген не екенін біліп шығатын шығар ол жерден. Басында 40 мың деген қымбат,-деп отыр едім, қазір сол ақшаға балабақша табылса қуанамыз. Ееееехххх! Елім менің! Бала өсер… Өзің аман болшы әйтеуір.

сурет мына жердікіforum.azh.kz
Әрі қарай

Кейде деймін де...

Негізі бұл пост ОН.кз сайтында жарияланған. Бірақ күнделікті өмірде осындай жәйттерді көргенде осылай жігіттердің жалпы жастардың осындай ойларды көңілдеріне түйіп жүрсе дейсің…

Осы нағыз еркек болып жүретін адамдарды көп кездестіремін.

Нағыз еркек шығар деп ойлаймын да.

Бірақ автобуста қыздар тұрып тұрғанда міз бақпастан отыра беретін жігіттер көп. Мұндай кезде «нағыз жігіттік» туралы ойларының қайда кететініне таңмын.

Қыздардың ақшасына қыдырғанды ұнататындар да бар.

Өзіне сыйластықпен қарайтын қызды пайдаланып қалуды ойлайтындар бар.

Көшеде қыздар ауыр зат көтеріп келе жатса немесе сүрініп құлап жатса, «менің қатысым қанша?» дегендей, қол ұшын беруге қысылатындар бар.

«Оның қолынан қалай ұстап жүрсің? Ол жезөкше ғой» дейтіндерді де жек көремін.

Көбі құрбысының туған күніне "әйтеуір бірдеңе" сыйлап құтылуды ойлайды. Сыйлық — ниеттің көрінісі. Сондықтан жақсы сыйлық алудан қашпау керек. Арзан, сапасыз дүние сыйлағанша, сыйламаған артық.

Осындай-осындай жағымсыз мысал-адамдарды көргенде өзімді cуперрыцарь сезінемін.

Кейбір ережелердің мен үшін құны жоқ болса да, бәрібір мен азаматпын, сондықтан, автобуста қыздар тұрып тұрғанда отыра алмауым керек, қыздардың ақшасына қыдырғанды ар санауым керек. Тағысын-тағы. Бұл нәрсе «нағыз жігіттердің» түйсігінде болып, тіпті әңгіме болмауы қажет. Негізі.
Әрі қарай

Бугін менің туған кунім


Бугін менің туған кунім.Негізі осы 26сына туылған адамдар көп екен 2 сыныптасым бөле інім және агентте танымайтын біреулердін туған кундер екен. Және Садық ағамен бірдей екен кеше тунде сол Садық ағам МАлазияда журіп маған хостинг домен подарок етті бір қуанып қалдым өмірі тегін хостингте жұмыс істеп сайттарым 3 сатыдағы доменде болды и хостинг сапасыда нашар еді, енді 2ші доменді сайтпен жұмыс істейтін болдым.Сайтты толық біткен сон осында сілтемесін қалдырамын
Әрі қарай

Бестен енді асқан кішкентей жігіттің жүрегі.

Біраз тұмауратып, үйде болға немеремді балабақшадан алып кетуге бардым.
Әдеттегіден ертерек барғаным дұрыс болса керек. Немеремнің көңіл-күйі онша емес екен…
Апайы да біраз күмілжіп, балаңыз маған ренжуліні айтты. Себебін сұрап едім, өзі айтармен әзілдеп шығарып салды бізді…
Тысқа шықтық:
— Ата немен келдің?
— Автобуспен.
Әрі қарай

“Жұнттай боп киініп алыпсың”

Басқаларды қайдам, біздің ауылда, Ақтоғай ауданы Қаратал деген қасиетті мекенде өзіндік қалыптасқан тіл бар. “Мәтіби құсамаш” дейміз өзімшілденіп кеткен адамға. Оны таныстарым ауылдарыңда Матвей деген өркөкірек орыс болып, соған қаратып айтқан шығар дейді. Кім біледі, солай болса, солай шығар. Серік Ақсұңқарұлы Руслан екеумізді: “Ілебай-Мұқа сияқты мына екеуі”,-деп еді. Қызыларай деген ауылда Ілебай-Мұқа деген ерлі-зайыпты болыпты. Әйелі атқа мінгесіп, күйеуінің қасынан қалмайды екен. Сол секілді “жұнттай боп” деген сөз тіркесі кейде ауызға ілінеді. Түп-төркінін білмейтінмін. Бір күні жаңалықтарды ақтарып отырсам «Джунд аль-Халифат» («Халифат сарбаздары») исламшыл тобы” деген тіркесті көзім шалды. “Жұнттай” деген “Жунд-сарбаз” (орыстар Джунт деп Д қосуды қоймайды) деген сөздің қазаққа бейімделген нұсқасы ма деген ойға қалдым. Сарбаздар құсап, сықиып киініп алыпсың дегені шығар қазакемнің.
Әрі қарай