Мәдина Сәдуақасова - "Сенім"

Сөзін жазған: Ринат Зайытов
Әнін жазған: Ұлықпан Жолдасов

Сездірмей жүрген,
Тек өзім білген,
Бір сенім бар
Жоғалмас мүлдем.
Сол сенім барда,
асығам алға,
Ақ тілегім биікке самға!

Қ-сы:
Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы,
Сенім маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін,
Жүрегіммен сенемін!

Жылуын берер,
Шапағат төгер,
Махаббатым адаспай келер.
Асқардай биік,
Армандап жиі
Мен өтемін өмірді сүйіп.

P.S. Бұл әнді бір естігеннен-ақ ұнаттым, іздеп біраз уақытымды да жоғалттым...Әрең дегенде интернеттің бір бұрышынан таптым да, сөзін ғана жазып алдым. Енді, аудионұсқасы КЕРЕК! Болса, бөлісіңіздерші…
Бөлісу:

31 пікір

meirzhan
Маған да аудионұсқасы керек еді.
a63a1
О құрметті жамағат, маған бір өлеңді тауып беріңдерш іздеп жүргеніме 1 жыл болды
АЛыс қалған арман қайғы едің сен
Бақытымсың бірақ қайда едің сен
Бұл махаббат жалын құшып жаным
на на на на атады әр таңым ғой дим
araika
Ер адам, әлде қыз бала? Жеке орындаушы ма, топ па?
1 жылдан бері табылмаған, қандай "құдіретті" ән еді өзі
a63a1
Бәйтерек деп естідім, бірақ ондай өлеңін таппадым
sammita
осы әнді іздеп жүргеніңе бір жыл болды ғой
sammita
соншалық не құдыреті бар әннің)) былай сөздері онша емес екен)
a63a1
сөзі емес, әні ұнайдта
a63a1
көше әніне келед
TERISKEY
Сенің ағаң серік болады
??? Мына тұсын түсініңкіремей тұрғаным, мүмкін, дұрыс естімеген боларсың?
sammita
Сенің ағаң серік болады

Cенім маған серік болады.
araika
Мен болашақ қайын сіңлім мен қайныларыма айтамын деп әдейі осы жолдарына бола ұнатып жүрсем
TERISKEY
құлақты тазалау керек, құлақты
araika
Теріскей, түсінсей мені де, аудионұсқасын тыңдаған болсам… мұндай қателіктерге жол бермес ем, себебі құлағым нәрмәлні
meirzhan
«Базар жоқ 2» концертінде айтылған еді. Сен сонда осы ән сөздерін бір тыңдап алғаннан жаттап алғанбысың?
araika
Әрең дегенде интернеттің бір бұрышынан таптым да, сөзін ғана жазып алдым
деп жазып қойыппын жоғарыда
meirzhan
Түсініксіз енді, қандай кұсқада таптың: видео, аудио, текст?
meirzhan
құсқа дегенім нес, нұсқа
meirzhan
Астарлап жеткізген, ымдаған жақсы ғой, бірақ ішпиен атану қаупі көп екенін және түсініспеушіліктен уақыт көп кететінін ескерсек
araika
Аудио деген құсқаңды алып тастайсың, оның үстіне әріптердің алмасуы жаңа бір ойға, мағына ие боп кеткендігі де менің тарапымнан екені сөз болып жатқанда, соңында видеоның ғана қалғанын ұғуға аздап болады ғой
meirzhan
құдай-ау, Қилызаманның түсініксіз комменттері аз боп еді. Енді сен де…  Бірден «видео» десең
Ас атасын алып бер, жұптап қана салып бер
dark_nazgul
әндерді қою үшін вивиді айналып өтетін жолы жоқ па? напрямую осында құюға бола ма?
dark_nazgul
кивиді дегенім ғой
a63a1
болад
a63a1
тойыс болмайд
a63a1
анжаққа жүктеп, достарың ғана көрінетіндей настройка жасап осында жібере сал
TERISKEY
Жылуын берер,
Шапағат төгер,
Махаббатым адаспай келем.
мүмкін, "махаббатым адаспай келер" шығар.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін,
Жүрегіммен сенемін!
Ринат ақын асығыс жазды ма екен, әлде… ощым қуа бастапты.
araika
Басында осы ән айтылады" />