Иран БҚШ-тың барлаушы ұшағын жерге қондырып алды

RQ-170
Пилотсыз RQ-170 барлау ұшағы Иран терриоториясын және территориялық суларын суретке түсіріп, радиолокациялық стансалардың параметрлерін жазып жүрген. "Ұшақтың өте-мөте құпия екендігі сонша — ол тіпті Пентагонға да берілмей, тікелей Ұлттық Қауіпсіздік Агентігінің құзырында болған" — дейді Иран радиосы сайтының қаззақ бөлімі. Ұшақты қондыру үшін ирандықтар соңғы үлгідегі электронды шабуыл әдістерін пайдаланған. Ираннан мұндай мүмкіндіктерді күтпеген БҚШ әскерилерінің тасы сыздап, көттері дірілдеуде дейді ақпарат көздері.
Радио сайтының қаззақ бөлімінде Пәкістанның «Нейшан» баспасының мәліметтері келтіріледі. «Пәкістан қорғаныс жүйелерін Ираннан үйренуі тиіс» — деген екен ол басылым. Айта кетейік, егер тоқ ішегіне дейін қаруланған, милитаристік Пәкістан сондай баға беріп отырса, Иранның әскери әлеуеті шынымен күшті деген сөз.
Бөлісу:

31 пікір

satibaldi
Дереккөт — мына жерде.
berkut
бұл сілтеме бізде ашылмайды екен.
omarbirat
Ұшақтың компьютерін бұзған ба?
satibaldi
Осы жері аздап түсініксіздеу. Бұлар арнайы жүйемен жасалатын ұшақтар, сондықтан оны бұзу мүмкін емес деуге де болады. Бұздық десе де өтірік дер едім.
Жеке ойым, ұшақтың сыртқы дүниемен байланысатын сигналдарын шатастырып, изоляция жасау арқылы қондырып алды деп ойлаймын. Себебі, көптеген техника дәл инструкция жоқ жағдайда жұмысын тоқтатып, тоқтап/қонып қалуға программаланады.
Толық арқпарат іздестірілуде. Ирандық көздерде аздап мақтаншақтық көптеу бов тұр.
Abilakim
анығын жарияларсың
gunner
Онсыз да ешқандай алгоритм бұзбай-ақ ұшаққа келетін сигналдарды шатастырдық деп мәлімдеме жасаған ирандықтар.
saken
Ирандық көздерде аздап мақтаншақтық көптеу бов тұр.
парсылардың мақтанатындай реті бар сияқты бұл оқиғаға байланысты.
satibaldi
Әрине. Тек кей жерде тіпті артық кететін жерлері болады. Бірақ сенікі де дұрыс — жеңімпазға бәрі жарасады.
Нақтың.
direct
GPS деген затын сындырып қолға түсірді деватырғой пәшти барлық порым мен ақпарат пырталдарында.
satibaldi
GPS — әлі ұшақтың компьютерлік жүйесі емес. Бұл әңгіме жалпы omarbirat -тың:
Ұшақтың компьютерін бұзған ба?
деген сұрағының айналасында өрбіп отыр.
meirzhan
Енді осы беспилотникті Ирандықтар зерттеп, игілігіне пайдаланса, баланс орнар еді.
satibaldi
Бұл енді қиындау болар. Бар біліп алатындары тек ұшақтың аэродинамикалық қасиеттері болмаса. Қазірде құпияланған схемаларды ашып оқу мүмкін емес, және оның данышпандыққа тіпті қатысы да жоқ. Шешесстердің.
AL-ASTER
Структурасының расшифровкасын ашу қиын болатын шығар)
saken
біздің төбемізде де өріп жүрген шығар…
meirzhan
ОДКБ-ны сол үшін құрған шығар. Өріп жүрмеу үшін. коллективті қауіпсіздік.
satibaldi
Бізде өріп керегі не, шетелдік компаниялар машинамен-ақ ерсілі-қарсылы кезіп жүрген жоқ па?
meirzhan
 рас, рас. Тіпті ҚЗ-ның түкпір-түкпірінде бала оқытты.
izbasar
Тұрқ лицейлерімен Американ Англиян мектептерінде қанша шпиөндар дайындалды екен.
meirzhan
Құдай біледі. Бейбітшілік корпусы волонтерлері де бар емес пе. ауыл-аймақты аралап кеткен.
satibaldi
"Ізбасардың көзін жоямыз!" деп ант береді екен түлектері.
satvaldo
мыңдағаааан! сен кеш қап қойдың. саған келятрқ
Erbol
Демек, Иран осал жау емес АҚШ үшін.АҚШ-қа бодан болмаймыз деп отырған мемлекеттің бірі. Сол үшін құрметтеймін.Бірақ, АҚШ әлемді жаулау саясатын жымысқы түрде жүзеге асырып келеді.Иранның да түбіне жетпесе.
meirzhan
Иранға шабуыл жасаса, Қытай кірісуге мәжбүр боламыз дегенді бір сайттан оқығам. шын-өтірігін кім білсін.
Ресейге де қимылдауға тура келеді.
omarbirat
Әуе арқылы таралатын сигналдарымен жүретініне қарағанда, жарқанат сияқты бәле ме деймін.
satvaldo
Иран мен Израиль құжаттарда ғана дұшпан. ал, былай сүннилерді басып алуда жоспарлары бар, сол үшін әріптес олар. Иран басшысы Америкада оқыған, көптеген беделді ебірейлермен ауыс-түйісі бар. Иран егер жасырын келісімнен аттаса ғана, Америка Саддамды наққа жібергендей Ахмединиджатты да со маршрутпен жолдайды…
satvaldo
КВП-ны қарайтындар шет жағасына куә болған болар. Сирия мен Ливандағы күрд терроршыларының қолтығына Иран да су бүркиді. Американың мақсаты Иран мен Түркияны бір-біріне салу. жеңген әлсірейді. жеңілгенімен бірге не шия проблемі бітеді, не күшті сүнни бір мемлекет жоғалады.