Виртуалдағы реал

Дәліз бойы у-шу. Редакцияның жұма күнгі апта қортындылар лездемесінен соңғы, әдепкі тірлігі. Кеше келер маусымның жаңа жобаларын ақырғы рет бекітіп, бүгін Дастанның өз-өзіне демалыс жариялап отырған кері. «Фейсбук» пен «Керекинфодан» басқа еш бетті ашпастан, тіпті, поштасын да тексерместен, компьютер алдына қою кофемен қонжиды. «Әсел, бүгін күн тамаша, а?». Бойын кернеген күйбеңнен ада сезімді, ойға айналдырып, пернетақтамен тарсылдатып жіберген түрі.
Бүгін, аптаның соңғы күні, оған қоса, айдың соңғы аптасы. Демек, Әсел үшін айлық есеп тапсыраруға берілген уақыттың соңғы күні. Қарбалас. Қарбалас болғанда да, қандай?! Негізі, ай сайынғы тірлігі ғой. Осы жолы «күйісінен жаңылдырғаны», бөліміне жаңадан екі жас қыздың келуі болды. Бірі – түк те білмейді, білетінінің ісі баяу. Осы қарбаласта омалып отырса да, оның жолдамасын жауапсыз қалай қалдырсын?! «Ия, тез өтсе, тіпті, тамаша болар, ед».
Дастан, Әселдің нені меңзегенін бірден түсінді. Түсінді де «Онда оны тез өткізуге көмектесейін бе?» — деген жолдама жіберді. Күлген смайл келді. Бұл – екеуінің бес жыл бойғы екеуара виртуал сұхбатындағы ымырасыз келісімнің белгісі еді.
Дастан күн ұзаққа Әселге интернеттің әр түкпірінен тапқан әртүрлі әдемі фотолар, қаржыгерлер туралы анекдоттар, жаңа фильмдердің трейллерлерін, әсем әуендер жіберумен болды. Басқа біреу болса, Әсел сұхбаттасын баяғыда байланыс тізімінен өшіріп тастар еді, алайда, бұл – Дастан ғой – өз айтпақшы, «мәңгілік махаббаты». Тіпті, жұмыстан бас көтере алмай отырған Әселге, Дастан түс әлетінде пиццаға тапсырыс беріпті. Қасында әдеттегіше, қызыл раушан гүлі бар…
Іңір қараңғысы білінді. Дастан, терезеге бір қарап қойды. Жапалақтап қар жауып тұр. Ақпанның ақұлпа – қыстың ақырғы ақша қары. «Уф-ф, бітті-ау, әйтеуір». Бұл – Әселден келген жолдама. «Шаршадың ба?». «Ия, дымға зауқым жоқ. Жолай супермаркетке соғып, кешке дайындай салатын оны-мұны ала келесің бе?!». «Әсел, не ғой… Біз бүгін жігіттермен жұқалаймыз ба, деп отыр едік… Сен өзің нете салсайщ». «Ох, осы сенің-ақ, жұқалауың бітпейді екен...». «Енді, бүгін жұма емес пе, нақ?!». «Сұмырай, соңғы жұмаң болмайды неге?!». «Айқайлама, нақ!!!».
Бөлісу:

31 пікір

dark_nazgul
Ұйвмдастырушы беспристрастный болуы керек, негізі…
бірақ, мына новелла өзіме ұнады)))
KILYZAMAN
С одного источника болғанда — әділқазылық болмыста болдырады...
dark_nazgul
мен жюридің құрамына кірмеймін ғой))( мен тек үйлестіруші, сосын редакторлық тұрғыдан пікір айтушы
KILYZAMAN
Ұйымдастырушылар ғой — жеңге жеңді ұшырастыратын . Мен әзілдеймін деп әуейіленіп бара жатқан сияқтымын — қойдым. Игі шараңның игілігін қыздыра түсу үшін жаққан отым деп түсіне салуыңды өтінемін...
dark_nazgul
білем ғой, аға. Менікі жай Наз ғой)))
balzaminka
Қисекең ғо дим аутор, ұнады

Неге дим де, ер кісілер жұма сайын бас қосқыш, а?
KILYZAMAN
Питницаны Вася жақсы көреді. Жұмабайдың соңынан еруге қорқып қалдым — ілім керек...
dark_nazgul
ертеңгі сенбі күні үй ішінің шаруасына болыспай, түске дейін ұйықтау үшін)))
sammita
бәстесейік, Қисық емес сияқты))
dark_nazgul
қол алысыңдар, мен бұзам))
sammita
дабай, халва жегім кеп отырғаны, ау, бальзам?
balzaminka
сен халва десең, мен лексус мінгім бар дим, оған не дейсің?
sammita
оляя, ты то тума татол? мен сені студент қой деп нетіп отсам онда маған тым құрыса 35-ші тойота)))
Қисық бері кел, мынаны сен жаздым десең ұрам сені
qisyq
«Гүлшат келгенше тығылып үлгеремін ғой, Қаламқас мына тұрған Астанада, сондықтан мен емес деп айтайын» деп ойладым, тек ешкімге айтпаңдар.
balzaminka
oh, Kiseke, airldn go harleiden. Endigi kanday tus kalaisn dep suramak bolp otr em moindasan…
omarbirat
Сюжеті жөнінен басқалары бір төбе, мына шығарма үшінші бір ҮЛКЕН төбе екен. Жымитты  Екіншісі — мына жерде.
Adiletshu
міндетті түрде агент, интернет, әлеуметтік желімен байланысты болуы керек па
dark_nazgul
иә. өйткені ол избитая тема, сол избитая темадан жұртты селт еткізер шығарма жазу — қиынның қиыны.
sammita
5-6 жыл бұрын Лира Қоныстың виртуал махаббат жайлы бір әңгімесін оқығам. Ол кезде таптауырын болмаған, тың тема ғой. Вирт.махаббатын көруге келгенде, есікті құбыжық жігіт ашады..((((

«Тиын» әңгімесі де дүйсенбі еді
asaubota
кім жазса да жымитты ей мынау! бытовуха!
dark_nazgul
кім жазғанын білетін мен ғана болған соң, өзімді «избранный» сезініп отырғаным
omarbirat
Кім екенін шырамытып отырған сияқтымын. Бастапқы орфографиясы, стилистикасы әдеттегідей сақталған ғой?
dark_nazgul
Әрине, бір әрпіне тимеймін))
madlen
Мен осыған дауыс берер едім… Блин, агенттегі, джимэйл чаттағы   — осындай смаликтерді күнімен жіберіп не керек дим да, Мадленнен бір пироженое алып бермеген соң   
dark_nazgul
таппадың)))
madlen
нені? мұнда угадывать ету керек па не?
Gastarbaiter
Мыналардың бәрін бірақ оқып шығу үшін безлимит уақыт пен безлимит интернет керек екен.
Әзірге екеуі де жоқ боп тұр.
Қап.
konvict
агентке шық, саған салып жіберейін мақалаларды