Жекенді - жұмақ мекен



Керекші ағайындар! Сіздермен қуаныш бөліскелі отырмын :)
Админіміз @asaubota — Аршат екеуміздің туған ауылымыздың, мектебінің 80 жылдықтарына арналған кітап албомымыз басылып жарыққа шықты. Кітапта ауылдың, мектептің тарихы, басшы болған
Әрі қарай

Кімнің жолы болғыш?.. (Білімділер мен білімсіздер)



Менің Айдос атты танысымды оқудан шығарып тастапты.Сабаққа қатыспағаны үшін.

Кәдімгідей жүрегім сыздады. Өйткені, мен білетін Айдостың білімі ұшан-теңіз-етін.

Заң деген дүние бар, құрып кеткір қатып қалған қағидасы тағы бар, оқу жүйесі бойынша, олардың Айдосты оқудан шығаруы орынды-ақ.
Әрі қарай

Астарын ақтарамыз…


Әр апта сайын КТК телеарнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасының шыққанына біраз уақыт болды. Негізінде шындықты айтудан, біз естуден ешуақытта тайған емеспіз. Тіршілікті қызғылт түспен көруге құмар болғанымызбен, ондай емес екенін түсінеміз. Бірақ, жаңалықтың да жеткізілу жағынан бір ұстанымы болуы керек сияқты. Шығатын уақыты да прайм-тайм, 20:00. Ол уақытта адам баласы көбі үйде демалып, теледидар көрумен айналысады. Кейде отбасы болып та жаңалық көреді. Дәл сондай мезетте тыр жалаңаш әйелдер, еркектер, тіпті анайы сценаларға да куәгер боласың. Ата-анаңмен отырсаң, кірерге тесік таппай кететін мезеттер де болады. Басқа арнаға бұрайын десең, жаңалық көріп отырмыз.

Әрі қарай

Қазақ блоггерлері. Олар кімдер? - "Таразы" бағдарламасы ("Хабар" арнасы, 25.03.11-23:25)

ЕСКЕРТУ: САПАСЫ НАШАР.



Сөз соңында
Сапасы үшін кешірім сұраймын, қолда бар аналог-тюнермен, "әйтеуір жоқтан жақсы ғой" деген пәлсапамен жазуға тура келді. Радиотолқындардың коллизияларынан Өркен екеу, Еркімбай төртеу боп көрінуі мүмкін (ал бесеу немесе одан көп болса — Сізде «белая горячка» :) ) Бәлкім, ертең сапалы жазбасын шығарып қояр өздері. Оған дейін талғажу болсын деген ой да.
Жалпы, «Хабар» агенттігінің уеб-саясатын түсінбей жүрм. Стрим-серверлері мынау екен: rtmp://212.154.153.109:1935 Бірақ ол хост сөніп тұрған сияқты. Флэш-сервер үшін тек лицензиялық төлемдердің өзі жылына төрт-бес мың АҚШ доллары тұрады менің есебімше. Канал мен сервер алғандары тағы бар. Оған да пәленбай мыңды тағы қосыңыз. Менің есебім бойынша, стрим-серверді басқару сияқты тозақтың жұмысына ешкім 800 доллардан кем ақыға келіспейді. Очм, осыншама ресурсқа соншама ақша шашып, ештеңесіз қалған жаман екен де. Қашан біз «каналдың сайтынан қарап алармын» деп, сеніп жүре беретін жайбарақат өмірге жетер екенбіз осы?
Әрі қарай

Блогкэмпті қимаймын...

Иә, қанша уақыттан бері асыға күтіп жүрген Блогкэмп-2011 2-ақ күнде зу етіп өте шықты. КИМЭП-тің абыр-сабыр холлы, қызықты да көңілді жүздесулер, жаңа танысулар (Айкона, Алтыградус, Қисық, Қуаныш, Розатай, Талғат т.б.), презентация алдындағы толқу, блогшылармен мафия ойнау, Қалдықыздың қазысы, Айконың моншасы — бәрі де артта қалды.
Өзім қатысқан презентациялардың арасынан Өркеннің блогты танымал ету жолдары туралы айтқандары, Патиктің киноға рецензия жазуға қатысты кеңестері және Ақзеренің «Арулар.кз» сайтын таныстыруы ұнады. Ақзереге айтарым, орамал байлаудың бір әдісін білуші ем, соны видео ретінде сайтыңа тарту етем болашақта)))
Қостанайда блогшыға арналған ескерткіш бар екендігін Бальзаминкадан естіп, таң қалдық. Қуаныштың интернет арқылы ақша табу әдістерін тыңдап, "лібә, оңай байып кетуге болады екен ғой" деген ой туындады)))
Айтпақшы, өз жобам бойынша біраз тартымды идеялар жинақтадым.

Енді, фотолар сөйлесін:

Қызықты жүздесулер


Әрі қарай

The ТЕРМИНатор: Асталависта, "мәтіналғы"!

Әу баста информатика терминдерінің «мәліметтер қорын» жасап тастап, оның толтырылуын жайбарақ бақылап отыру перспективасы мықты ұнаған еді («жұмысы аз, рақат емес пе?»).
Бірақ, соңғы онжылдықта белең алған, бер жағы – берекетсіз аударма болса, ар жағы – қарапайым көргенсіздікпен ұштасып жатқан қазақша терминдердің табиғатын саралай отырып, олардың қолданысқа енбеуінің себебі – әншейін өзімбілемдік пен менмендікте жатқанын түсіндік. Информатика терминдері, көптеген кәсіпқой мамандардың сүзгісінен өткен тұщымды өнімнен гөрі, бір адамның солосы тәрізді сезімдер қалдырады.
Ендеше, терминдерді аударудың немесе аудармаудың басқаша әдісіне көшсек дейміз. Оның түпқазығы – керекинфошылардың көзқарасы болмақ. Әрі ұсынылған терминге қатысты пікірлер де үнемі қадағаланады. Бұл – барлығы болмағанмен, көпшілік қолдайтын, айтуға ұят емес терминдердің өмірге келуіне септігін тигізеді ме деген дәме бар. Және терминдерді «Керекинфошылар бекіткен!» деген айдармен бөлек кестеге жинап отырмақпыз.
Терминдерді әліппе ретімен емес, қолданыста жиі қолданылатындар ретімен ұсынуды жөн көріп отырмыз.
«Төл тіліміздің көсегесін көгертейік!» деген ұран тастап, революциялық рух беруден аулақпыз. Жәй, қолыңыз тигенде қарап, өз пікіріңізді білдіріп қойсаңыз да үлкен қолғабыс.
Іске сәт!
Әрі қарай