Блогкэмпті қимаймын...
Иә, қанша уақыттан бері асыға күтіп жүрген Блогкэмп-2011 2-ақ күнде зу етіп өте шықты. КИМЭП-тің абыр-сабыр холлы, қызықты да көңілді жүздесулер, жаңа танысулар (Айкона, Алтыградус, Қисық, Қуаныш, Розатай, Талғат т.б.), презентация алдындағы толқу, блогшылармен мафия ойнау, Қалдықыздың қазысы, Айконың моншасы — бәрі де артта қалды.
Өзім қатысқан презентациялардың арасынан Өркеннің блогты танымал ету жолдары туралы айтқандары, Патиктің киноға рецензия жазуға қатысты кеңестері және Ақзеренің «Арулар.кз» сайтын таныстыруы ұнады. Ақзереге айтарым, орамал байлаудың бір әдісін білуші ем, соны видео ретінде сайтыңа тарту етем болашақта)))
Қостанайда блогшыға арналған ескерткіш бар екендігін Бальзаминкадан естіп, таң қалдық. Қуаныштың интернет арқылы ақша табу әдістерін тыңдап, "лібә, оңай байып кетуге болады екен ғой" деген ой туындады)))
Айтпақшы, өз жобам бойынша біраз тартымды идеялар жинақтадым.
Енді, фотолар сөйлесін:
Қызықты жүздесулер
Мен
Бальзаминка, Айкона және Қуаныш маған ақыл-кеңестерін айтуда
Патик: «Киноға рецензияны пікір түрінде жазбаңдар!»
Ақзере: «Арулар.кз сайтына сапалы мақалалар қажет»
Балғырған: «шай ішіңдер»
Сөз соңында осындай үлкен шараны ұйымдастырған алматылықтарға үлкен алғыс айтқым келеді. Келесі блогкэмп-2012-де кездескенше!
Пы Сы: Қазақтелеком сыйға тартқан фоторамкадағы Бальзаминка, Айко үшеуміздің суретімізде қарап отырып қорс-қорс жылап алдым))
Өзім қатысқан презентациялардың арасынан Өркеннің блогты танымал ету жолдары туралы айтқандары, Патиктің киноға рецензия жазуға қатысты кеңестері және Ақзеренің «Арулар.кз» сайтын таныстыруы ұнады. Ақзереге айтарым, орамал байлаудың бір әдісін білуші ем, соны видео ретінде сайтыңа тарту етем болашақта)))
Қостанайда блогшыға арналған ескерткіш бар екендігін Бальзаминкадан естіп, таң қалдық. Қуаныштың интернет арқылы ақша табу әдістерін тыңдап, "
Айтпақшы, өз жобам бойынша біраз тартымды идеялар жинақтадым.
Енді, фотолар сөйлесін:
Қызықты жүздесулер
Мен
Бальзаминка, Айкона және Қуаныш маған ақыл-кеңестерін айтуда
Патик: «Киноға рецензияны пікір түрінде жазбаңдар!»
Ақзере: «Арулар.кз сайтына сапалы мақалалар қажет»
Балғырған: «шай ішіңдер»
Сөз соңында осындай үлкен шараны ұйымдастырған алматылықтарға үлкен алғыс айтқым келеді. Келесі блогкэмп-2012-де кездескенше!
Пы Сы: Қазақтелеком сыйға тартқан фоторамкадағы Бальзаминка, Айко үшеуміздің суретімізде қарап отырып қорс-қорс жылап алдым))
ана мен бар суретті менің мэйліме жіберш плииз:)
Тотымен дені жұрыс суретм жоқ екен. Бірінде мен көзімді жұмып брінде Тоты аузын ашып:))