Сол баяғы ұнайтындар мен ұнамайтындар жайлы...

Ұнайды:
Анамның көзіндегі қуанышты көрген сәттер, кейде оған еркелеп тізесіне басымды қойып жатқан, үлкен ұлымның ойлары/сөздері, жұмыстан келгенде кіші ұлымның «папоооу» деп үзілдіріп айтатыны, келіншегім, аға-апаларымның (әпке, әпше, тәте) балалары (опшым жиендерім мен іні-қарындастарым), Ақтөбенің бауырсақтары мен шелпектері, жаңа тартылған қаймақ, мамыр айындағы сүттен жасалған май (біздің жақта «майское масло» дид), ет қосып жасалған тағамдардың пәшти барлығы, КВН, КВН-ға дайындық, әзілдеріңнің баршаға түсінікті болуы/күлдіруі, қыста далада жүрген кезде қардың сықырлауы, жаз кезінде ауылда түнде далада жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, марқұм әкем туралы естеліктер тыңдау, көктемнің аяғында күн енді қызып келе жатқан кез. жасаған жұмысыңды бағалай алмайтын/ бағалағысы келмейтін бастықтар, Қадыр Мырза-Әлидің «Егіз ұйқастары», "Қасқырдың монологы", халық әндері, домбыра тарту, тағысын тағылар…
Ұнамайды:
айнаға қарап, әспеттенуден қыздарды басып озатын нәсілдестер, еркектерге немесе әйелдерге арналғанын айыра алмайтын киімдер, сәйкесінше сондай киім киетіндер, низкий посадка джинси киіп алып, жүресінен отыратын қыздар/жігіттер, жол бойында кездесетін жүргізушілік этикадан жұрдай топас жүргізушілер, пешеходтан тәлпіштеніп өтетін жаяу жүргіншілер, караокеге арақ ішу үшін баратындар, араласатын ортасын әлеуметтік статусы мен байлығына қарап сұрыптайтындар, биография мен географияның тайталасы, жұмысқа бара жатқанда көшедегі пробкалар, мемлекетті басқарудағы мемлекеттік емес подходтар, т.б. ұсақ-түйектер…
Әрі қарай

Олардағыдай менде де Ұнатамын и ұнатпаймын

Ұнайды. Таңғы ауа. Таңнан қызымды бақшаға апарып кешкісін алып қайту. Олардың күлкісі. Түстен кейін обетке келе жатып атобуста қалғу. Одан жұмысқа бара жатып автобуста қалғу. Жұмыстан кейінгі кешкі ауамен демалу. Қаланың бітпейтін көшелерін атобуспен қаңғып ойлану. Менің есімнен кетпес алғашқы және соңғы оның әсем күлкісі. Қыртып ғаламторда адасып кетіп қайта оралу.

Ұнамайды.
ҚАЗАҚТАР деп бетке басу. Өзін — өзі мақтап жыртылғандар. Күйбің тірлікте басың сыймау. Жол жүрерде ауыр сумкамен общый вагонда түн ортасында ауылдан қайту.
Мен ананы битіп алдым ол қыз емес екен. Алдында не күтіп тұрғанын білмей мен оны алмаймын маған қыз керек деп есірген шолақ бұтақтылар. Есіріп билік айтқан қатындар.
Әрі қарай

Біз қандаймыз?

Найт:

ОТбасымен бірге болған, достардың ортасында шалқып отырған, Альмира мен Аянаны жұбатқан, еркелеткен, иіскеген. Мамамды күлдірген, бірге зарядка жасаған. Спортзалда тер шығарған. Интернетте қаңғыған. Секс.
Әрі қарай

Айанамыз жасқа толды:)

Бүгін солай.де-нің қызы Айана бір жасқа толды.
Соңғы түскен суреттерін ертең қоямын, әзірге Айананың 6-айлығындағы видеоны қойдым.
Пайдаланбас бұрын ескі газеттерді кішкентай ханшайымға «оқытатынымыз» бар


Міне туған күніндегі фотолар:



Әрі қарай

Базына-2

Қасым Олжасқа базына
"Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман деген", "Қайта кірер есігіңді қатты жаппа" дегенді де білетін шығарсың.Қайтып келгендер жайлы бір-ақ жақсы мақалды білем "Қайтқан малда қайыр бар деген". Өрең биік болса ана жолы кетпес ең, немесе келмес едің.Өреңіздің жобасы аяғына өре салынған жылқының жобасында. "Ұсынған басты қылыш шаппас", «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген, кешірім сұраған жазбаңды көрмедік. Мында кеп тайраң-тайраң етесің. Ренжіме қатты кетсем, оқырмандар Сіздерде ренжімеңіздер. Бірақ, сайтты сыйлап үйренейік, сыйлатып үйретейік!
Әрі қарай

Кәрі қыз

Өздеріңіз білесіздер, өткенде осы жерде Нұрғиса керектің қыздары күйеуге шыға алмай жүр деген сияқты әңгіме айтты.
Әрі қарай

Үй болудан бұрын үйлену қиын.

Группамда менен өзге он қыз, оның екеуі тұрмыс құрған, бір-бір ұлдары бар. Сегіз қыздың ата-аналарының рұқсатымен, енді сол кісілердің таңдауы ғой, жүріп жүрген жігіттері бар. Бәрі де оқуды бітіргендерін күтіп жүрген жағдай :). Болашақ күйеубалдармен танысу бақытына ие екенімді айтып кеткім келіп отыр :). Сол көп күйеубалдардың бірі, Сугу жайлы айтып берсем қарсы болмассыздар деп ойлаймын.
Әрі қарай