Алға, жастар!!! Жастар жайлы және жастарға арналған жоба!



Отандық телеарналарда түрлі әзіл-сопақ бағдарламалры өте көп!!! солардың ішінде 31 арнадағы «Алға, жастар!» хабарының әзілдері тартымды, жаңашылдығымен ерекшеленеді.

31 арнадағы» «Алға, Жастар!» әзіл-оспақ қойылымдарының авторлары атышулы Yellow Black and White думанды жобасының мүшелері. Тәжірибелі КВН ойыншылары «Даешь, молодежь» және «6 кадров» секілді танымал жобаларды тудырған болатын. Олар күлкілі қойылымдарды ойлап тауып, түсіру барысына да белсенді атсалысып, кейіпкерлерді келістіре сомдайды.

«Алға, Жастар!» — комедиялық қойылымдарының желісі қарапайым адамдардың күнделікті өмірінен алынған.

Мусье Бақыт және Ko…

Аудандағы беделді тұлға Мусье Бақыт пен оның жігіттері Ванчола, Дася, Амбал, Сары. Қылмыскерлер ауданында тұрады. Олардың бар шаруасы ішімдік ішіп, шемішке шағу, өтіп бара жатқан адамдардың ұялы телефоны мен ақшасын тартып алу. Кейіпкерлер көше сотқарларына тән сөздерді қолданып, солардың тілінде сөйлеуге тырысады. Ең жиі айтатындары – «Любезный» және «Опа, стояночка». Өз істерінде «Делать красиво» тәртібін ұстанады. Бұлардың пікірінше қараулықпен ақша тауып отырған, зиялы адамдармен жиі жолығып тұрады. Кейде жергілікті хұқық қорғау орындарына да бас сұғуға мәжбүр болады. Мұндай сәтте екі жақ та өздерін көрсетіп қалуға тырысады, нәтижесінде олардың әрекеттеріне күлмеске шара жоқ.

Братандар…

Рус пен Баха – екі бәсекелес қылмыстық топтың басшылары. Олар шешен, адуынды, дөрекі… Бұл дөкейлер әзілді ұнатпайды, тек есеппен сөйлейді. Қымбат көліктер мінеді, өзара күш сайыстырады. Әр бөлімде Баха мен Рус 90-шы жылдарға тән әдіспен мәселе шешеді. Өздерінше бір-бірінен басым түсу үшін түрлі әңгімелерді айтады. Сырттан қараған жанға олардың ақымақтығы күлкілі көрінеді.

Бақсы…
Алаяқ-әулие көмек іздеп келген аңқау да, сенгіш жандардың арқасында байлыққа кенелді. Ол ішінде қызыл сұйығы бар түтікшенің көмегіне сүйенеді. Айтуынша, бұл қасиетті су — ана дүниемен байланыс орнатушы. Бақсыға еңбек етуден гөрі, сыйқыр арқылы армандарына оңай қол жеткізуді көздейтін жастар жиі келеді.

Студенттер…
Бүкіл оқу жылында тек қана көңіл көтеру қамымен жүрген студенттер Болыч пен Серыйдың білім алуға уақыты жоқ… Алайда, сынақ, емтихан, билет деген тықыр таянды. Епті жігіттер, ең қиын сәтте жол табады, бірақ… тағы да «қайта тапсыруға» тура келеді.

Сәнқой құрбылар…

Жеңіл ойлы құрбылар Бема мен Айка көңілді кештерді, дүкен аралағанды және дәулетті азаматтарды жақсы көреді. Ақсүйек жігіт табу мақсатында олар ең қымбат орындарға барып, үнемі күлкіге қалып жүреді.

а3к NEWS – дағдарысты кабельды арна…

«Күн сайын өзге арналардағы жаңалықтарды үзбей бақылап отырамыз. Біздің бюджетіміз тым аз, алайда құлшынысымыз өте жоғары. Әділдік, кәсібилік және осы ұғымдарды елемеу – біздің басты ерекшелігіміз. Дағдарысты арнада жаңалықтар. Жіберіп алмаңыздар».

«Алға, жастар!» — күлкілі, сөйте тұра – үйретері мол, астарлы әзілге толы. «Алға, жастар!» жобасын жасаушылар мен оған қатысушылар әлеуметтік қызметтің рөлін орындауда – қоғамның кемшіліктерін күлкіге қосып, өткір әзілдері арқылы өздері сомдап жүрген кейіпкерлердің прототиптеріне ой саламыз деген үмітте.

«31 арнада» тұсаукесер! Сенбі күндері 15.30-да. Өмірге күлкімен көз сал!
Бөлісу:

37 пікір

Nurgisa
Қазір ВебРедтің Хабар, Қазақстандағы бәсекелестері келіп өздерінікін жарнамалайды енді
araika
дұрыс қой, қапы қалмау керек
vebred
Нуреке! ескі достар ретіндегі көмегіңіз деп бағалайық мұны енді ))))
patick
31-арнаның веб-редакторы
AKY
бәсе, Муахабат пен жазаны жарнамалап жүргенге…
Вебред дегенді бір түрікше есім деп қалыппын әуелде
omarbirat
Қырғызстандағы «Большие люди» бағдарламасының кейіпкерлері ғой. 31-арнаның өз сайтында бұларды, әсіресе Сыймық пен Майрашты қазақ қылып жіберіпті )
omarbirat
«Алға, жастар» типі «Даешь, молодежь» дегеннің қазақшасы ма?
asaubota
ұялта бермесеңші енді. бір күні қазаққа да фантазия келетін күн туатын шығар
vebred
Аршат!!! Сіздің осы әділдігіңіз ай!!!)))
asaubota
ең болмаса Омар айтып өткендей атын басқаша қойғандарыңда ғой, біз кішкене болса да ойланар едік орыстардың қай жобасынан ұрлап алды деп
vebred
Даешь молодежьдің қазақша көшірмесі екені рас. Бұл- сол жобаны жасаушылардың туындысы. Тек қазақтарға лайықталып, ыңғайланған десек дұрыс шығар. Қаншалықты сәтті екенін өздерің көрерсіңдер. Бірақ, сапасы, стилі өзгше екенін өз басым мойындадым!
omarbirat
«Большие людиді» қазақстандық арналардан көруге риза болар едім. Онсыз да Қырғызстанда шығарғандарын интернеттен көрушілерденмін. Бірақ «Алға, жастар» деген атауы тақырыпқа сай емес, меніңше. Ондай атауды кім бекітіп жүр?
asaubota
сен сонда қазақ телевидениесіндегі майталмандардың фантазиясына күмән келтіргенің бе?!

vebred
Дұрыс айтасың, «даешь молодежьді» мазақтап «Алға, жастар!» деп аударған секілді. Ол пікіріңмен келісемін!!! Алайда, қолдан келер шара жоқ!!!
AKY
Таяуда "Қазақстан" арнасында осы типтес "Қуырдақ" атты жоба басталады.
vebred
Не дегенмен, менің кім екенім маңызды емес. қазір отандық телеарналарда осындай әзіл-оспақ жобалар көп қой. Олардың қайсысы қаншалықты сәтті?? Еларна, КТК, Қазақстан, 31 арнадағы әзіл студио бар. Бәрі қаншалықты сапалы, өздерің айтыңдаршы!!!
asaubota
Әзіл студиясы ауылдық жер контингентіне және арзан күлкіні қабылдайтындарға арналған. актерлік ойындары өте төмен және әзілдері де сапасыз. қазір бар ма білмеймін Джей клаб та сорлы көшірмелердің бірі еді.

копиялардың ішінде тәуірі Наша Кзаша, жігіттер Наша Рашадан көшірме екенін біле тұра осы жүкті көтеруге тәуекел еткесін, көшірме болса да дұрыстап шығарайық деген оймен еңбектенген сияқты. әзілдерінің біразы өтеді.
KILYZAMAN
арзан күлкіні қабылдайтындарға арналған.
— ...:-)
vebred
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат!!! )))
Nurgisa
Тақырып онша жүрмей жатыр, иә?
vebred
промоушн жетіспай жатыр, Нұреке, ескі таныс едің ғой, көмектесіп жібер !!!!)))
Nurgisa
Алға жастар дегенде, алға жастар,
Артқа шегіншектесе дарға ас бар… :)

кім е_жалғас'ын ұсынады? :)
qisyq
Промоушн жетіспай жатыр дейді.
Мұндай пиар өрге емес, жарға бастар.
Nurgisa
vebred батыр дегенде, vebred батыр,
Жұмысында оны да тергеп жатыр.
AKY
Тергеушілер соншалық қатал ма екен?
Вебред батыр неге сонша терлеп жатыр?
AKY
Не болса, е-жалғасын тапсын делік,
Бәрібір біреу даттап, біреу қостар…
omarbirat
Бұлар әлі Қырғызстанда жүр ғой. Бізде көрсетіп жатыр ма қазір?
konvict
Анау «жоңғары» деп жүретін жігіт ваще өлтіред
konvict
Айтпақшы, соның аты кім?
omarbirat
Э, Санджар деп жүретін ба? Мүсие Бақыт.
konvict
иә иә, дәл өзі. қазақ па ол?
omarbirat
Қырғыз. Кезінде олар КВН Премьер-лигасында Қазақстанның атынан ҚБТУ командасында ойнаған.
konvict
Гугл ештеңе тауып бермеді ол туралы. Ал, КБТУ-да Әнуар Нүрпейісовтармен бірге ойнамап па еді. Жатақхана көріп әбден күлуші едік ойнағандарын.
omarbirat
Иә, солармен ойнаған. Командаларында біразы қырғыз болған. Сол «Э Санджар», Масляковтың даусын салатын жігіт — қырғыздар.