Сол баяғы ұнайтындар мен ұнамайтындар жайлы...
Ұнайды:
Анамның көзіндегі қуанышты көрген сәттер, кейде оған еркелеп тізесіне басымды қойып жатқан, үлкен ұлымның ойлары/сөздері, жұмыстан келгенде кіші ұлымның «папоооу» деп үзілдіріп айтатыны, келіншегім, аға-апаларымның (әпке, әпше, тәте) балалары (опшым жиендерім мен іні-қарындастарым), Ақтөбенің бауырсақтары мен шелпектері, жаңа тартылған қаймақ, мамыр айындағы сүттен жасалған май (біздің жақта «майское масло» дид), ет қосып жасалған тағамдардың пәшти барлығы, КВН, КВН-ға дайындық, әзілдеріңнің баршаға түсінікті болуы/күлдіруі, қыста далада жүрген кезде қардың сықырлауы, жаз кезінде ауылда түнде далада жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, марқұм әкем туралы естеліктер тыңдау, көктемнің аяғында күн енді қызып келе жатқан кез. жасаған жұмысыңды бағалай алмайтын/ бағалағысы келмейтін бастықтар, Қадыр Мырза-Әлидің «Егіз ұйқастары», "Қасқырдың монологы", халық әндері, домбыра тарту, тағысын тағылар…
Ұнамайды:
айнаға қарап, әспеттенуден қыздарды басып озатын нәсілдестер, еркектерге немесе әйелдерге арналғанын айыра алмайтын киімдер, сәйкесінше сондай киім киетіндер, низкий посадка джинси киіп алып, жүресінен отыратын қыздар/жігіттер, жол бойында кездесетін жүргізушілік этикадан жұрдай топас жүргізушілер, пешеходтан тәлпіштеніп өтетін жаяу жүргіншілер, караокеге арақ ішу үшін баратындар, араласатын ортасын әлеуметтік статусы мен байлығына қарап сұрыптайтындар, биография мен географияның тайталасы, жұмысқа бара жатқанда көшедегі пробкалар, мемлекетті басқарудағы мемлекеттік емес подходтар, т.б. ұсақ-түйектер…

Астанада бауырсақ пен шелпек деп аталатын бір құбыжықтан қорқатындардың бірі сен екенсің ғой. тек мен ба десем
аулаларың кең болған шығар??
Мәдениеттанудан беретін бір жапон профессорым айтқаны еске түсе береді. «Адам өзінің туып өскен ортасының мәдениетін сіңіреді, солай болуы керек деп қабылдайды. Сосын кейін басқадай салтты көргенде, неге олар солай жасайды?? Олай дұрыс емес қой, дұрысы былай болу керек қой деген протест болады. Себебі әр адам үшін өзінің туып өскен ортасының мәдениеті, салты бірінші орында болады». Жалпы қазақтарға тән қасиет Мысалы маған қалың ғып пысқан шелпек біртүрлі сияқты, ну үйде жасаса еще лана, ал бірақ той-домалақ, асқа арналған дастарханға қойылғаны қызық болатын алғаш көрген кездері. Ал кейін уже Алматының мультимәдениетінен білінбей кетеді екен.
мәдениет туралы пікірге келісемін. Астаналықтар да біздің жаққа барғанда алдарына тартылған табақтағы етке (бешбармақ, қамыр-ауқат, ет тамақ) қолдарын салуға «арланып» отырады.
алi балалыгым басылмай журген жынды кызбын го, бiрак балалы болып та еркелей беруге болады деп ойлаймын )
менің жыным келмесе де шыдамым таусылады, сондықтан өзім жаяу жүргенде жүгіріп өтуге тырысамын.
география-туған жері.