Кәрі қыз
Өздеріңіз білесіздер, өткенде осы жерде Нұрғиса керектің қыздары күйеуге шыға алмай жүр деген сияқты әңгіме айтты.
Өз пікірім, жұрт кәрі қыз болды, отырып қалды деп айтады деп жалғыздықтан қорқудың қажеті жоқ. Әркімнің бұл өмірде атқаратын қызметі, рөлі бар, біреу отбасын құрып, ана болуы керек болса, біреу өз қалауымен карьера қусын. Жаппай бәрі солай істесін деген ешкім жоқ қой. Біреу ерте дайын болады, біреу кеш.
Шыны керек, бұрындары тұрмыс құру дегеннен қашатынмын, себебі дайын болмадым, моральді тұрғыда. Күйеуге шығып жатқандарды көріп, қандай батыл деп сүйсінетінмін де. Үйлену оңай, үй болу қиын деп жатады біздің қазақ. Ол рас, қыз баланың мойнында қаншама жауапкершілік бар. Мен сол жауапкершіліктен қорқатынмын. Негізі, қорқақпын :)
Қазір өзім ұнатқан жанды кезіктіргеннен кейін бе екен, дайынмын. Бірақ, дайын болғанымды қайтейін, ол елде, мен осында :). Алла жазса, бұйрық болса соған тұрмысқа да шығармын, я шықпаспын, бірақ әңгіме ол жайлы емес.
Біздің қоғамдағы қыздарға деген көзқарасты түсібеймін. Неліктен, қыз жиырмадан асса болды тұрмыс құруы керек? Неліктен, отызға келсе кәрі қыз атанып, келемеж болуы керек?

Сосын бұл постты жазуға түрткі болған жалғыз ол әңгіме емес еді ;)
Тілектеспіз ғой, @balzaminka!
Кәк рәз таки осындағы оқымысты, көзі ашық қыздардан саналы балалар туады, соларға осындағы «көпті көрген» қыздар (өзің айтпақшы «кәрі қыз» болса, оның үстіне) жақсы тәрбие бере алады деп ойлаймын. Құдай нәсіп етер құтты қияларыңа құт боп қоныңдар, айналайын!
Дегенмен, жалпақ жұрттыкінің айтқыш ауызына қақпақ бола алмасың тағы бар. Бір жағынан, көпшілік қайрап отырмаса, жалғызбастылыққа қатты «бауыр басып қалуы» да ықтимал ғой қыз-жігіттің… Сол қатерлілеу…
Бұрын отбасы жоқ адам шынымен келемеж болатын, өйткені семья институтының қоғамдық маңызы өте жоғары болды. Қорғаушысы қуып шыққан әйел ежелгі заманда ит-құсқа жем болып, аштан өлетін. Ол заманда алимент түгіл ешкінің құйрығы да жоқ. Сондықтан әйелдер күйеуін барлық шарттылық пен шартсыздықтардан жоғары қоятын. Сонымен қатар қыз қарата алмайтын, немесе бала таптыра алмайтын еркекті де ежелгі қоғам шеттетіп, қоғамнан аластатып жіберетін. Әйелі жоқ еркек те жасы ұлғайған сайын мүсәпір күйге түсетін. Яғни әйел мен еркектің бір-біріне тәуелділігі қазіргідей емес көбірек болатын.
Қазір үкімет жалғыз әйелге көмек береді. Ажырасқанда әйелге үстемдік беріледі. Еркектер де үйленуге асықпайды, карьерасы өрге басса кір жуатын машинаға жуа салады, кафеден тамақ іше салады, жыныстық қатынас рахатын көру үшін де үйленудің қажеті болмай қалды.
Жалпы кәрі қыздардың мәселесінен бұрын, қазір отбасы маңыздылығының біртіндеп құлдырауы өткір тұрған сияқты. Тіпті батыста чайлдфри (бала тумауға келіскен) отбасылар көбейіп барады.
… тоқаш/би...(жүрек ұстаған смай), нау жерді былай деп елестетіп отрм, Үнді елінде тәубаға келушілік көп пе?)))