Жекенді - жұмақ мекен



Керекші ағайындар! Сіздермен қуаныш бөліскелі отырмын :)
Админіміз @asaubota — Аршат екеуміздің туған ауылымыздың, мектебінің 80 жылдықтарына арналған кітап албомымыз басылып жарыққа шықты. Кітапта ауылдың, мектептің тарихы, басшы болған азаматтар жайлы мәліметтер, және осы ауылда туған елімізге, облысымызға танымал болған әртүрлі салада қызмет атқарған және атқарып жатқан азаматтар жайлы мәліметтер беріледі. Ең жасы Аршат Оразов өздерің білетін. :) Осы өңірден ұлы отан соғысына қатысып елге оралған, және қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен аталарымыз тізімдері, кейбіреуінің суреттері бар. Өңірдің жер су атаулары жайлы толық мағлұматтар берілген. Сонымен қатар облыстық, республикалық газеттерде ауыл жайлы жарияланған мақалалар да топтастырылды. Осы кітапты шығаруға көмектескен жанашыр ағаларымызға, және ең басты көркемдеген Рауан досыма алғысым шексіз. Ал енді ауылдың суреттерінен көріністерді тамашалаңдар:







Бөлісу:

37 пікір

asaubota
құтты болсын! әйелім мен балам осы демалыста ауылға бара жатыр. Ақтөбеге барғасын саған хабарласса біреуін беріп жібере аласың ба?
ErNur
Әрине берем ғой :) Көретін көз керек енді, тамаша шықты
ErNur
@asaubota өзіңнің үйіңді аңғарасыңба бірінші суреттен? :)
asaubota
аха, көріп тұрмын. мектептің төбесінен түсірдің бе? тағы да суреттер бар ма?
ErNur
Бар суреттері бұйыртса кітаптан бір көресіңғо :)
Nurgisa
Дұрыс, ілмей кідіре тұр. Аршат күткенді жақсы көреді.
sigma мықты математик.
sammita
Құтты болсын! Аршат жайлы жазылған мәліметті салсай.
Onlasyn
Жекенді жұмақ мекен
Ағашка ахидан кірдің ғой қораға. :)))
ErNur
:))))
Nurgisa
Әр өңір өз озатын мақтан тұтуы жарасымды жай ғой. Осы керектегі көбісі «тентектікке» салынса да, сөзінен, ойынан оқымысты, зерек екенін байқаймыз. Әр ауылдың тентегі мен телісі болады десек, Аршаттың кіндік қаны тамған жердің тарихнамасынан ойып тұрып орын алуын жақсылыққа жорып көрейік. Иә, өзінен жасы үлкендермен оқыды, теперіш көрді. Иә, әлі келмеді. Бірақ жарып шықты. Мен де осындай құрдасымның барын мақтан тұтамын! Мінсең — ат, кисең — киім…

P.S. Тақырыпты дұрыстай салсайшы, Ереке.
ErNur
Рахмет Нұреке! Жоқтан бар жасап қолымыздан келгенін жасауға тырысқанымыз ғой :) Баспасөз саласында қызметке кіріскенімде туған жерге естелік болса екен деген арман — қиял туып еді. Сол әйтеуір кейінгі жас ұрпақ осы өңірден шыққан перзенттерін білсе екен, соларға еліктеп азамат болуға талпынса екен деген ой ғой біздікі…
Nurgisa
Ойылға барып, балық аулау бір арман болды. Жұмыс құрғырдан қол да босамағасын сөз күйінде қап қойды небір көрікті жоспарлар. Естіумше, Ойылда қазақшылық жақсы сақталған. Ол жақтардың балқаймағын да жедік қой, түһ! Әлі естен кетпейді. Аршаттай админіміздің туған аулы туралы деректі фильм түсірсе де аздық қылмас еді. Телевизиялық емес, ютубқа. Өскелең юзер әкімгерінің білсін тегін. Айтатындай, бөлісетіндей бар, ақыры.
ErNur
Олда жоспарда бар бұйыртса. Сол қазір жұмысбастымыз ғой уақыт таба алмаймыз. Бұйыртқан күні оны да көріп қаларсыздар
sakenspb
ойылдың тарысы туралы мәлімет салуды ұмытпаған шығарсыңдар?
Ahi
Тақырыпқа басқа сөз табылмады ма? Жекенді — керемет мекен десеңіз қатып кетер еді!
a63a1
Қазақтың әсерлеп айтатын сөзі, онда тұрған не бар?
Ahi
Әсерлегенде шектен шықпау керек қой!
a63a1
бұл шекетен шыққандық емес! Әр адамға өз туған жері жұмақ, ана жұмаққа барғанша дейін өз жерімізді солай атасақ ештене етпейді
Onlasyn
@ErNur брат қайдасың? Айттым ғой… :)))
a63a1
@Onlasyn сен сәуегей емессіңбе? Қайдан біліп қойғансың? ЫХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ
Onlasyn
Әнәсстің осырсаң да ширк дейді ғо..))))))
qisyq
Осы жерден толығырақ… Күнделікті көріп жүрген процесс болған соң...
ErNur
:))))))ия көріп отырмын. Айтатынын айта берсін қайтеміз айтып — айтып қоядта өзі
Onlasyn
"… пқа дауа жоқ" дейді қазақта…
VKM
Аршат аға,құтты болсын.Жуыңыз енді десем))))
Janasil
pdf нұсқасын осында тастасаңдар керемет болатын еді. Бар болса.
KILYZAMAN
Жарайсыңдар, нағыз азаматтық! Ауылын сүйген азаматта — қадір, қасиет, отаншылдық, бауырмалдық…
asaubota
Отан үйден басталатын болғандықтан әр ауыл осылай өз кітап-альбомдарын шығарып отырғаны дұрыс. Мысалы бұл кітаптың сіздер үшін еш құндылығы жоқ, бірақ әке-шешелері, ата-бабалары, ағайындары, өздері сол ауылдан шыққандар үшін құнды материал әрине. мұндай құндылықтар патриотизмді дамытады. @ErNur үлкен іс істеді!
ErNur
Ия Аршат дұрыс айтасың, өздеріңдей жігіттер арқылы ұрпақтың патриоттық сезімін ояту біздікі
TERISKEI
Уот, ырзамын, Ерекеңе, Админ ағаға! Болар елдің балалары бірін-бірі осылайша дем беруі керек!!! +10!!!
Geltau
Жумакты корген адам жок, баскаша тенеу болса, мысалга керемет мекен, табигаты коркем т.б.
alisha
жалпы қолданыста «жер жәннаты» деген сынды тіркестер бар ғой…
ErNur
Әркім өз ойын білдіруге ерікті. Абзал інішек айтты ғой жауабын, әркімге туған жерін жұмақ санаудың несі айып екен?! Дұрыс қазақ десек өзіміздің басымызға тиед көреалмаушылықта болуы мүмкін. Мен өз арманымның миссиясына жеттім, басқасына қыстырмаймында… Кітапты көргендер разылығынан басқа ештеңе демеді маған соның өзі жетерлік…
satibaldi
Жекенді — жұмақ мекен
Жергілікті молдаларға уағыз жүргізу қиын шығар нақ
asaubota
ауылда ешкім ораза ұстамайд, нмаз оқымайд