Dabaileaks-2

Сенбі күнгі кездесуге Салтанат, Қалдықыз, Мақпал, Балжан, Мейіргүлдер бауырсақ, тәтті-пәттілерін әкеп, әдемі дастархан жасады. Шай үстінде Қарасақал, Теріскей, Қисық, Patick, Жалғас, Мырзабек бар бәріміз алдағы жоспарларымызды пысықтадық.

KIMEP-тен ресми хат келді. Яғни, өткізетін орын нақты деген сөз. GSM Kazakhstan демеушілік жөніндегі ұсынысты қарастырып жатыр. Ең болмаса, кофе-брейктерді көтерер деп үміттеніп отырмын.
Әрі қарай

Нәпсі мен намыс

Әйел үшін өзін сүйетін ерінің жанында алақынында аялап қана қоймай, өзінің махаббатын білдіріп, оған көңіл бөлгені өте маңызды!
Киностан: Нәпсі мен намыс
Киностан: Нәпсі мен намыс
«Жетінші» арнаның журналистерімен сұхбаттасамын деп жүріп жақында өзіме «Нәпсі мен намыс» деген жаңа телехикаяны аштым.
«Жетінші» арна биыл үнді емес, түрік емес, кәріс емес Қазақстанда эфирді алып жүрген сериалдар туралы барлық стериотиптердің быт-шытын шығарып араб фильмін қазақ тіліне аударыпты. Шыны керек, мен үшін бұл бір ерекше құбылыс болды. Бұрындары да үйдегілерден «Нәпсі мен намыс» деген фильм басталыпты дегенді естіп жүрген болатынмын. Бірақ барлық арналардан көрсетіп жүрген «мыльная опералардың» бірі шығар деп, оның үстіне күнде сағат 2-де, түскі үзіліс уақытында болатындығын білгеннен соң тіпті қызығып та көрмегенім рас еді… Енді телехикая көрмейтін мееееен… Білмеймін әзірше бір күнде бірнеше сериясын көріп тастадым :\
Киностан: Нәпсі мен намыс
Ал енді бұл фильм мені несімен қызықтырды?

Киностан: Нәпсі мен намыс
Біріншіден әдемі актерлер. Басты рөлдері әдемі актриса. Қазақ тіліне жұмсақ, құлаққа жағымды етіп аударылғаны және ертегі емес, шынайы оқиғаға құрылғандығы.

Екіншіден, саундтрегі. Өте әдемі… Тыңдап көріңізші :)

Киностан: Нәпсі мен намыс
Енді қызығып интернеттен қарап көрсем не фильм жайында, не актерлер жайында ешқандай айтарлықтай ақпарат жоқ, ағылшын, орыс тілдерінде де мені қанағаттандыратындай ақпарат таппадым. Сөйтіп өзімнің көрген серияларымнан ой түйіп, ана жақ-мына жақтан тапқан қосымша ақпараттарымды пайдалана отырып «Нәпсі мен намыс» фильміне бірінші болып қазақ тілінде «рецензия» жазып көрмек ниетпен блогымның шымылдығын бүгін телехикаяға рецензиямен ашып отырмын.
Киностан: Нәпсі мен намыс
Киностан: Нәпсі мен намыс
Фильм басталғанда өте бай тұратын басты рөлдегі Ләйлә есімді келіншек «Бақыт байлықта емес!» дейді. Сонда бақыт неде? Телехикая бақыт іздеген келіншектің күрсінісінен басталады…

Бір қызығы бұл араб телехикаясы да түріктердің күнделікті фильмдерінде оқиғаларды бастайтын Ләйле, Ләйләдан басталады. Айлиннің жоқтығыны шүкір деп қояйық :)

Фильмде әзірше негізінен екі, қосымша екі, барлығы төрт оқиға, төрт адамның, екі отбасының оқиғасы көрсетілуде.

Бірінші оқиға, Ләйлә, оның күйеуі банкир Хайт және қызы Диманың аясында.
Екінші оқиға, Ләйләнің құрбысы Сара мен Хайттың қызметкері Валидтің аясында.
Үшінші оқиға, Ләйләнің анасы мен сіңілісінің аясында.
Төртінші оқиға, Ләйлә мен оның жаңадан танысқан суретші жігіттін арасында…
Киностан: Нәпсі мен намыс
Сара: — Ләйлә, осы сенің не үшін қамығып жүргеніңді түсінбей қойдым. Осындай зәулім виллада тұрасың. Қасыңда бар жағдайыңды жасап жүрген күйеуің бар. Бейруттағы бар қыздардың сенің күйеуіңнің бір күлімдегеніне зар болып жүргенін білмейсің бе? Алтындай қызың бар. Алла тіл-көзден сақтасын де!

Ләйлә: — Барға қанағат етіп, Құдайға мыңда бір шүкір деймін. Бірақ неге екенін білмеймін. Жаным жай таба алар емес. Рас айтасың! Жаныма не керектің бәрі бар. Алайда бір нәрсе жетіспей жүргендей. Бәлкім маған осынша байлықтың қажеті жоқ шығар… Бақыт байлықта емес қой. Білмеймін! Шын, білмеймін! Әлде күнделікті өмірден шаршадым ба? Жалыққан шығармын…
Киностан: Нәпсі мен намыс
Киностан: Нәпсі мен намыс
Ләйлә өте бай банкирдің әйелі. Оның еш уайым-қайғысы жоқ. Тек анасымен ара-қатынасы дұрыс болмағаны болмаса… Оның себебін фильмді көру барысында біле жатарсыздар. Ал оның құрбысы Сара қанша жылдар бойы өзін сүйетін, өзі сүйетін ерімен отбасын құрып, бақытты өмір сүріп келе жатқанымен екеуінің денсаулығы жақсы болсадағы бір балаға зар жанұя… Бар армандары бір бала…

… Күнделікті күннің атысы-түннің батысы қайталана беретін тіршіліктен жалыққан Ләйлә бір күні аяқ астынан Джад есімді суретші жігітпен танысып, екеуінің арасында түсініксіз сезім пайда болады…

Осы арада оқиға тағы бір картасын ашады… Ләйләнің жаңа ғашығы Джад оның туған сіңілісі Рашаның алғашқы махаббаты болып шығады… Енді не болмақ? Әзірше өзім де білмеймін. Кезекті сериаларын күтудемін :)
Киностан: Нәпсі мен намыс

Киностан: Нәпсі мен намыс
P.S. Телехикаяның бірінші, екінші серияларын көріп өз күйеуінің көзіне шөп салған Ләйлә байлықтан есірген әйел деп ойларсың. Бірақ оны осы қателікке итермелеген оны алақанында аялап жүрген күйеуі емес пе?
Әрі қарай

Керекшілер , танысайық

Баршаңызға, сәлем! Осы атмосфераға келгелі 2 жазба жазыппын. Енді өзімді таныстыруды жөн санап отырмын.
Ендеше, таныса отырайық.
Мен, Sunshine — бұл лақап есімім. Ал, шын мәнісінде есімім — Гүлназ. Батыс Қазақстанда, соның ішінде Атырау өлкесінде дүниеге келдім. Араларыңызда ең жасы мен екеніне шүбәм жоқ .:) Тамыздың 12 жұлдызында 1997 жылы дүниеге келдім.
Атырау қаласындағы химия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 12 сынып оқушысымын.
Опшым, алғашқы түлегі боламын. Бұрындары, Кіші Өнер академиясында журналистика факультетінде оқыдым. Қалған қызықты кейін айта жатармын.
Енді бұнда қалай келдім? Уот, қызықты сұрақ.
Бұнда Томарлық есімді блогердің арқасында келдім. Маған осындай шара ұйымдастырылып жатқанын айтқан сол болатын. Ол кісіге разымын!
Блогерлік — менің хоббиім. Не жазсамда өз еркім, әр түрлі тақырыпта жазамын, Әуесқой блогермін, блогерлікке қатысты тамаша идеяларым бар. Болашақта соны жүзеге асырмақ ойым бар.
Енді, мындағы мырзаларға бірер сөз.
Сонымен, шара бойынша арнайы 4 адам бағалап, пікірін жазады. Оларға сөзім жоқ, құптаймын. Дегенмен, дегенмен кей адамдардың пікірлері қытығыма тигесін… Өзімді таныстыруды жөн санадым. Мен Blogtime.kz танымдық блогтұғырда жазып тұрамын. Көлденеңнен ойын кесіп айтқан адамға, жұмыстарымды қарау үшін. Мына, сілтемені қуана жазғым келіп тұр:
blogtime.kz/profile/SUN/created/topics/
Блог - Sunshine: Керекшілер , танысайық
P/S: Nothing is an impossible to willing heart / Just do it! Бұлар менің өмірлік қағидам! Күндеріңіз жақсы өтсін, баршаңызға қайырлы түн !:)
Блог - Sunshine: Керекшілер , танысайық
Әрі қарай

Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Әлеуметтік желіге бас сұқпақ боп, смартфонымды қолға алғаннан кейінгі әрекетім – «онлайни бетпердемді» киіп алу. Көңіл-күйім жоқ па – позитивтісін, ашулымын ба – сабырлысын, жалғызсырап отырмын ба – бақыттысын, кейде бәрі керісінше. Тұрақтысы жоқ, білетінім, «мендегі күйді ешкім сезбеу керек».
Сол секілді кейбіреу жан-дүниесін жасыру үшін, әлдебіреу болмысынан әлдеқайда жақсырақ көріну үшін, ендігісі өз-өзін мойындамастан басқаға ұқсап бағу үшін бетперде тағып алады. Әркімнің талғамына қарай.
Бетперденің әшкере болу пайызы өмірден гөрі монитордың арғы бетінде аздау, сенімдірек. Сондықтан болар, әлеуметтік желідегі біраз қолданушы қиялындағы образды өзіне қаптап алады. Өмірде екі адамға өткізе алмаған күйін виртуалда екі жүз адамға жайып салу тым оңай, аз ғана тырысса болғаны.

Виртуалда өзім көріп жүрген бетпердені 8 топқа бөлдім. Оқырманым, өзіңізді көріп қаларсыз, бәлкім)


Әсіредіншіл


Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Біреудің суреті не жазбасынан жиі күнә көріп қалады. Оның ақыретте қалай қиналатынын айтып, қорқытады. Оның ойынша, жұрттың бәрі намаз оқуға, хиджап киюге міндетті. Алланың жазалағанын тілеп, қарғағыш. Мешітте орамал не тақиямен суретке түсіп, жұма сайын жұма намазға баратынынан хабар беріп отырады. Кейде хадисті түгел жатқа білетін адамдай кез келген жағдайға дінмен, хадиспен баға беріп кетеді. Қай жерде, қай уақытта болсын өзінің «дұрыс жолда» екенін айқайлап көрсетіп жүруге тырысады. Ал, өмірінде ол намаз оқымауы мүмкін, тіпті, ара-тұра достарымен бірге стақан соғыстырып қоятыны бар. Онлайнда имам, оффлайнда Иван. Оны қойшы, беті ашылған, арты ашылған жаңалықтарды біріші боп оқиды және порно сайтта голд аккаунты бар.

«Иншаллах, ифтарға бара жатырмын. Оразаны бір жыл бойы асыға күттім ғой».
«Жұма мүбәрәк болсын! Жұма намазға бармаған қазақ – қазақ емес».

Динара Болат, психолог:
— Олар — жасөспірім кезінде өз қатарластарынан оқшауланған немесе өткен өмірінде бұзықтық, тіпті, моралды-құқықтық нормаға қайшы жүріс-тұрыста болған адамдар. Олардың мақсаты — ендігі кезекте өзінің сүттен ақ судай таза, ешкімнің ала жібін аттамайтындай түзу жүрісін жариялау. Және осы образын нығайту үшін қоса, өзінің ілімімен көлгөсір бөлісу.
Емі: діннен алшақтау. Әрине, ол екіталай нәрсе.



Табысты



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Әлеуметтік желідегі парақшасына кіре қалсаңыз, бірден өмірде де, қызметте де табысқа жеткен жан екен деп ойлайсыз. Гламур отырыстар, гламур киімдер, iPhone, күзен тон, керемет сыйлықтардың суреті. Бақыттан басы айналып отырып жазған посттары. Өмірі – өмір емес, ертегі дерсің. Виртуалдағы супертабысты жан. Алайда, өмірде пәтер жалдап тұрады, басында екі кредиті бар, кейде ақшасы таусылып қалып та жатады.Бетперде кигендегі мақсаты – мақтану, ауылда қалған сыныптасы мен мектепке мұғалім боп орналасқан группаласының көзін қыздыру.
«iPhone6-ға берген тапсырысым қашан келер екен, асыға күтудемін...»
«Осы базардан жұрт киім ала ма? Тіпті Меганың өзінен сапалысын табу қиындау. Арзанның сорпасы татымайды ғой».

Динара Болат, психолог:
— Негізі ешкімге өкпесі жоқ, ешкімге ешнәрсе дәлелдеуге мұқтаж емес, қалыпты жолмен жетістікке жеткен табысты жандардың интернетке өз-өзін жариялауға көп құлқы да, уақыты да бола бермейді. Ал, біз интернеттен көретін еш проблемасыз, шалқып өмір сүріп жүрген табысты жан қазіргі жетістікке тар жол тайғақ кешумен жеткен болуы керек. Мәселен, кедей отбасы, толық емес отбасы, сол себептен кезінде қатарластарының, не айналасындағылардың күлкі, мысқылдау обьектісіне айналған оның бойында «Мен сендерге көрсетемін!», «Мен әлі бай боламын!», «Менің алдыма келесің әлі..» секілді амбиция қалыптасады. Сонымен қатар, кезінде оның сезіміне жауап қатпаған адамына "Әлі-ақ өкінесің!" секілді агрессияны қозғаушы күш еткен табысты жан ғана жан-жақты өзінің жетістіктерімен бөлісіп отырады.
Емі: басындағы жағдайдың өзгеруі, шын бақытқа кеңелуі немесе үлкен ғашықтық сезіміне бөленуі.



Бейшара



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Бұл – табысты жан киіп алған бетперденің антиподы. Үнемі жолы болмайды, сәтсіздікке жиі ұшырағыш. Көңілсіз, мұңды жазбаларымен жұрттың аяушылық сезімін оятып, өзіне назар аудартқанды жаны қалайды. Айлығының аздығына, азық-түліктің қымбаттағанына жиі шағымданады, аурудың кесірінен жиі өлім аузында жатады, ауылын не алыстағы туысын жиі сағынады, жылайды, жалғызсырайды. Ал, шындығында ол өмірде сізден де, менен де көп табыс табуы мүмкін. Талай жоспары алға жүріп, мақсаттарына қол жеткізген болып та шығады.
«Дәл осындай ауырған сәтте жағдайыңды жасайтын шынайы достың жоқ екенін түсіндім».
«Балам алып бер деген қымбат ойыншыққа ақшам жетпейтінін қайдан білсін, кейін деп құтылдым...»

Динара Болат, психолог:

— Өзіне үнемі аяушылық сезімін тудыртқысы келіп, көптің назарын мүсәпірлікпен аударатын жан — балалық шағында ата-анасының мейіріміне қанбаған адам. Отбасында, бауырларының арасындағы ала қарға кейпіне кейіп, ата-анасы бұл баладан гөрі басқасын ерекше көріп, ол сырттай сол көріністі бақылап, ішіне мұң-өкпесін тығып өскен адам.
Емі: өзінің балалық шағын ойдағыдай өткізуге кедергі болған адамдарды кешіру. Оларды кешірген кезде тек виртуалды емес, жалпы өмірдегі позициясы өзгереді.


Псевдопатриот



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Ол үшін қазақ – әлемдегі ең қасиетті, ерекше ұлт. Қазақ болып туғанына мақтанады, бүкіл ұлт үшін өмірін қиюға даяр. Қазақтың судай мөлдір, бөтен қылықтан жат болуын қадағалап жүреді. Қазақ қыздарына ақыл айтып, қазақ жігіттеріне жөн сілтеуді әу бастан міндеті етіп арқалап алған. Қазақ тілі дегенде жанын беруге дайын, шалақазақтарды атып кетуге жиі жоспар құрады. Ал, монитордан екі қадам аттап, дүкенге бара қалса, нанды орысша сұрайды. Ұлын орыс сыныбына бергелі тіпті үйде де нанды алып беруін орысша сұрайтын болған. Күннен-күнге семіріп бара жатқан әйеліне енді қысқа көйлек жараспайтынын айта алмай жүргеніне үш жыл болып қалыпты.
Шетелде тұратын псевдопатриот ағамызды айтсаңызшы… төрінде домбыра мен ту ілініп тұр, қасқайып. Па, шіркін! Туған жерін сағынғаннан еңірейді де отырады. Бірақ, Қазақстанға келуге құлқы жоқ. Ол елде жұмыс істеу туралы ойласа, құсып қоюға шақ қалады.

«Көктем келсе, қаракөздеріміздің етегі қысқара бастайды. Қазақ қызына жарасатын қылық па сол?»
«Ұшақтағы қазақша жазулардың қатесін өйтіп-бүйтіп түзедік, енді стюардессалар шықты қазақша сұраққа орысша жауап беріп. Қор болған қазақ, қор болған қазақ тілі».

Динара Болат, психолог:

— Бұл типті адамдардың басымы — ерлер қауымы. Жасөспірім кезінде тобырмен жүріп, мысы басым досының ықпалына түскендер. Өзіне сенімсіз, тұла бойы тұрған комплекс, жалған намыс.Кезінде мойындалмаған бозбаланың қазір де не әйеліне, не балаларына оңайлықпен сөзі өтпейді. Осы себептен де, сырт көзге өзін қазақшыл, отбасы жағдайында ыссы болып көрінуге тырысады. Себебі, ол — «патриот!»
Емі: сөзден амалға көшіп, айналасындағылардың мойындауын ер азаматқа тән іспен жаулау.


Интеллектуалды



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Қандай да бір пост жазбас бұрын Гугл арқылы нақыл сөздерді бір шолып шығады. Абайдың, Далай Лама не Омар Хаямның айтқандарынан үзінді келтірсе, тіпті аз-маз өзгеріспен өз атынан ұрып жіберсе, анағұрлым білімді көрінетіні сөзсіз. Посттарында жалпақ жұрттан ерекшеленгісі келіп, бәріне түсініксіз терминдерді жиі қолданады. Жұрттың жазбасына тым биіктен қарайды, кекесін, мысқылға толы пікірді үйіп-төгіп тастап кете салады. Ал, өмірде бір кітапты аяғына дейін аяқтай алмай, сериал көріп кетуі мүмкін.

«Дедлайн жақындап қалыпты, овертайм қосу керек, меніңше».

Динара Болат, психолог:
— Интеллектуалды адам — ол мектептегі ботаник. Оның басты қаруы, бойындағы көзірі — жиған білімі. Сондықтан өзгелерден қорғану механизмі кезінде орынды-орынсыз білген білімін тықпалай береді. Оған қоса, шамадан тыс жиналған білім қорын іске асыру, қолдану санаасты деңгейінде өзі сұранып тұрады.
Емі: өзіне үйреншікті өмір дағдысын алмастыру. Мәселен, қатып қалған қағидаларға сыймайтын экзотикалық жерге саяхатқа шығып, тұрақты қысым жағдайындағы миын босаңсыту.


Суперана



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Үш жасар сәбиі он үштегі баланың сөзін айтады. Өте ақылды, тәртіпті, өнерлі, өзгеше жаратылған. Тіпті, вундеркинд. Бөбегі туралы посттардан «көрдің бе, мен қандай ақылды ұрпақ тәрбиелеп отырмын» деген месседж аңқып тұрады. Арасында баласы айтты қылып, өз ойын да жаза салады. Үнемі томпиып қана ойнап отыратын, үнемі мәз боп жүретін балақайының суретін жиі салып, балалы болудың тек қана бақыт әкелетінін, қылаудай қиындығы жоғын көп жазады. Өзін балаға да қарап, шаруаны да атқарып, бәріне үлгеретін суперана қылып көрсеткісі келеді. Ал, тасып кеткен сүті, баласы т**ып қойған кілемі, ол ауырғанда түн ортасындағы айқайы, бәрі-бәрі монитордың ар жағында қалып жатыр.
«Димашым: — Мына сериалды көргеннен не пайда бар, жазуыңды аяқтасаңшы,» — деді. Иии, төрт жасында мұндай, өскенде президент болатын шығар».

Динара Болат, психолог:

— Ана мен қыз арасындағы институты, яғни байланысы кезінде дұрыс орнамаған жандар. Бірінші, өз анасының оған берген тәрбиесіне, үйде жасаған жағдайына көңілі толмауы.Сол себептен өзіне жасалмаған оңтайлы жағдайларды өз баласына жасап, баптап қолы жетпеген күндердің орнын толтыру. Екінші нұсқасы — анасының қызының қабілеттеріне сенбей өсіруі. Осылайша анасына өзінің қаншалықты дәрежеде үй шаруасына, бала тәрбиесіне, бабына мықты екендігін дәлелдеу мақсаты қозғаушы күшке айналады. Үшінші себебі — өзінің қызметте жүрген құрбыларына өзінің отбасы, бала-шаға арасында бақытты екендігін дәлелдеуге тырысуы.
Емі: балалардың өсуі немесе қызметке шығуы.



Қыдырымпаз



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Парақшасына пост жазғаннан гөрі жиі сурет салады. Үнемі не түнгі клубта, не пабта жүреді. Күнде жиын, күнде той. Өнер адамдарымен суретке түсіп, алғаш көріп тұрса да, «Мейрамбек досыммен», «Қайрат бауырыммен» деп жазып қоюға құмар. Қаладағы мейрамханалардың бәрінен хабары бар. Алайда, күні бойы кеңсесінде басы ауырып, көңіл-күйі болмай отырғаны туралы әріп те жазбайды. Кейде ішкен-жегеніне төлер ақшасы болмай, масқара болғаны туралы есіне де алмайды. Таныстары қарыздарын сұрай берген соң телефонының номерін жиі ауыстырып тұрады.
«Бүгін Әjet барда тегін коктейльдер үйлестіретін күн екен. Есімнен шықса да, дәл келіппін (Қолымен лайк көрсетіп тұрған суреті)
Мен және Айгуля (Екі қыздың суреті)

Динара Болат, психолог:

— Бұл топтағылар — көптің ойына тәуелді, өздеріне сенімсіз адамдар. Олар белгілі бір топпен жүргенде ғана өздерін солардың ығында өздерін қауіпсіз сезінеді. Сол беделді адамның аясында «бауырым, ағам» деп өзіне күш қосып, көптің алдында халықтың сол беделді адамдарға деген ілтипатын өзіне қоса жамылып, өзін жұбатады. Ішіндегі аласапыран күйді күнде қыдырып, у-шумен басып, өзін-өзі алдайды.
Емі: Отбасылы болу немесе өмірге көзқарасын өзгертетіндей жағдайды кешу арқылы өмірдің шын ләззатына бөлену.


Мимими


Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Виртуалдағы ең мейірімді, ең ізгі жан. Күн сияқты айналасына позитивті пікір шашып жүреді. Ол жазба жазғаннан гөрі, біреудің суретін «сұлуым, лапуська, ерекше әдемісің, жаным, күнім, ғажапсың» сияқты пікірді көп жазады. Бәріне жақсылық тілегіш, көмектескіш. Ал, монитор алдында қызғаныштан өртеніп, өзінен озған адамды жек көріп, сәтсіздік тілеп отырады. Ути-путилатып, шаруасы біткен соң «жанын» ұмытып кетуі мүмкін.
«Жаным, бүгiн ерекше сұлусың»

Динара Болат, психолог:
— Бұл типті адамдарды екіге бөлеміз. Біріншісі, өзінің мінез-құлқын, өмірге өкпесін белгілі бір білім арқылы жеңіп, жанына жай орнағандар. Әдетте олар — айналадан тек жақсы нышан іздеушілер. Сондықтан да, жаны әдемі адамнан тек жақсы сөздер шығады. Екінші түрі — жасандылық. Бұл жердегі негізгі күш — жағымпаздық.
Емі: емге жатпайды. Алайда, өзі үшін беделді адамның талабымен өзгеруі мүмкін.

Әрі қарай

Үй салу. Бастама

Еркек өмірінде 3 нәрсе істеу керек деген қағида бар еді ғой. Үй тұрғызу, тал отырғызу және бала тәрбиелеу. Үйлену оңай, үй болу қиын. Үйленгеннен кейін бөлініп шығу керек. Талай жас семьялардың квартирадан квартира ауыстырып, тентіреп жүргенін көріп, алдымен үй соғып алайын деген шешімге келдім. Сонымен қатар әрбір еркектің балалары қысылмай жүретін, шаршағанда демалатын, шаптырып белгілеп қойған жеке территориясы болуы керек. Бүгінгі постым үй тұрғызу жайлы болмақ: қалай бастау керек, неге көңіл бөлу керек және қандай қателектерді жібермеу керек.
Әрі қарай

Жаңалықтар математикасы

Кез келген өнім секілді тележаңалықтар да тұтынушы, яғни көрерменге дайын күйінде жеткізіледі. Бірақ, ең қысқасы бес минут, ұзақ дегенде бір сағатқа созылатын жаңалықтар бағдарламасының дайындалуы да тұнып тұрған математика. Енді, күн сайын түбір астын шығарып, матрица түзіп жатқанымыз шамалы. Дей тұрғанмен, математика элементтері біздің жұмыста жетерлік.
Әрі қарай

Дүние жүзінің алқаштары. Апелец

Прагада Мухырлоның өзі мен Кафканың кесенесінен басқа не бар деп жемегейсіз, херметті оқырман. Арақ туризміне шыққан жиһанкезге алғашында, Прага сияқты Еуропаның ең әдемі қаласының ішу ілімінде айтары жоқ болуы мүмкін. Ендеше асықтың, сіңлім!
Әрі қарай

"Шахтерды" қолдауға барайық!

Футбол, тек қана футбол!: Шахтерды қолдауға барайық!

30 шілде, сағат 19:00-де Астана Аренада үлкен футбол. Чемпиондар лигасы 3-ші іріктеу кезеңінде Қарағандының «Шахтеры» Албания чемпионы «Скендербеу» командасымен ойнайды. Керекшілер болып бірге жиналып, бір жерден қарайық.

Кіру тегін.
Әрі қарай

Ашудың орнына не істеу керек?

Ертеректе ынтымағы мен көңілдері 60 жыл бойы жарасқан атамыз бен әжеміз өмір сүріпті. Бір-бірлерінен құпия-сырларын жасырмай тату-тәтті өмір кешсе де, әжеміз атамызға бір қобдишасының ішіндегісін көрсетпеймін деп, атамыз қарамаймын деп келісіп жүре берген екен.
Күндердің бір күнінде әжеміз қатты науқаска шалдығып, төсек тартып қалады. Шалы үй жинай жүріп әлгі құпия қобдиды тауып алады да, кемпіріне әкеліп беріп, ұзақ жылдар бойына корсетпей жүрген қобдиының сырын ашуын өтінеді.
Әрі қарай