Керекшілер , танысайық
Баршаңызға, сәлем! Осы атмосфераға келгелі 2 жазба жазыппын. Енді өзімді таныстыруды жөн санап отырмын.
Ендеше, таныса отырайық.
Мен, Sunshine — бұл лақап есімім. Ал, шын мәнісінде есімім — Гүлназ. Батыс Қазақстанда, соның ішінде Атырау өлкесінде дүниеге келдім. Араларыңызда ең жасы мен екеніне шүбәм жоқ .:) Тамыздың 12 жұлдызында 1997 жылы дүниеге келдім.
Атырау қаласындағы химия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 12 сынып оқушысымын.
Опшым, алғашқы түлегі боламын. Бұрындары, Кіші Өнер академиясында журналистика факультетінде оқыдым. Қалған қызықты кейін айта жатармын.
Енді бұнда қалай келдім? Уот, қызықты сұрақ.
Бұнда Томарлық есімді блогердің арқасында келдім. Маған осындай шара ұйымдастырылып жатқанын айтқан сол болатын. Ол кісіге разымын!
Блогерлік — менің хоббиім. Не жазсамда өз еркім, әр түрлі тақырыпта жазамын, Әуесқой блогермін, блогерлікке қатысты тамаша идеяларым бар. Болашақта соны жүзеге асырмақ ойым бар.
Енді, мындағы мырзаларға бірер сөз.
Сонымен, шара бойынша арнайы 4 адам бағалап, пікірін жазады. Оларға сөзім жоқ, құптаймын. Дегенмен, дегенмен кей адамдардың пікірлері қытығыма тигесін… Өзімді таныстыруды жөн санадым. Мен Blogtime.kz танымдық блогтұғырда жазып тұрамын. Көлденеңнен ойын кесіп айтқан адамға, жұмыстарымды қарау үшін. Мына, сілтемені қуана жазғым келіп тұр:
blogtime.kz/profile/SUN/created/topics/
P/S: Nothing is an impossible to willing heart / Just do it! Бұлар менің өмірлік қағидам! Күндеріңіз жақсы өтсін, баршаңызға қайырлы түн !:)

Шара аяқталғаннан кейін де осы жерде блог жүргізу жоспарыңызда бар ма?
Атым — ахалтеке, есімім — Сатыбалды. Пойызда туғанмын, қай облыстың аумағында екені белгісіз.
Хоббиім — журналистика факультеті түлектерінің фотоларынан демотиватор жасау.
Керекинфоға қай жылы келгенім есімде жоқ. Мені VKM сияқты асқақ сезімдер мазаламайды, сәнді әдеби салондардың тұрақты оқырманы емеспін. «Лебединое озеро» деген балетті соңғы рет Брежнев қайтыс болғанда ма, әлде Андропов дүниеге келгенде ме, бала күнімде көргенім есімде қалыпты.
Арақ, темекі, қару-жарақ — менің өміріме жеткілікті рухани-тауарлық азық.
Атым — Жәнібек. Түркістанда туып, орта мектепті Арыста оқыдым. Қазір Шымкенттемін. Жасым — 24-те. үйленбегенмін. Сондықтан, балам да, әйелім де жоқ. «Оңтүстік Рабат» газеті мен «Отырар TV» телеарнасында журналистпін. Жеке басқаруымда сайт жоқ.
Жастарға арналған Тоқтама (www.toqtama.kz) сайтына редактормын. КВН қарамаймын. Футболға қызығып кетпеймін. Ара-тұра, ай аралатып тяга болғанда ішемін. Ешбір партияда жоқпын.
керемет. қуаныштымын сізбен танысқаныма :)
Көктем мезгілінде байқамай шашқан уылдырықтарың жоқ па? )))
Есімім KILYZAMAN , 1959 жылы туғанмын. Қол бос уақыттарда пеш саламын. Қол бос емес уақытта да пеш саламын: пешшімін мен. Біраз уақыт АҚШ ұйымдарына Қазақстан туралы құпия мәліметтер тасымалдап жан сақтадым. Одан кейін Қытайға сатылдым, олар мені Ресейге сатып жіберді. Ақыры түк өнбегесін қайтадан пешші болдым мен. Көмек керек болса хабарласыңыз, түрлі пеш қалаймын: пиролиздік пеш, салқын термоядролық синтез негізіндегі пеш, тупо — пеш. Пеш… Пештер… Пештер…
ой, мұнда жазып қойыппын ғой))
орысшам әдемі кетті, ә)