Нәпсі мен намыс

Әйел үшін өзін сүйетін ерінің жанында алақынында аялап қана қоймай, өзінің махаббатын білдіріп, оған көңіл бөлгені өте маңызды!
Киностан: Нәпсі мен намыс
Киностан: Нәпсі мен намыс
«Жетінші» арнаның журналистерімен сұхбаттасамын деп жүріп жақында өзіме «Нәпсі мен намыс» деген жаңа телехикаяны аштым.
«Жетінші» арна биыл үнді емес, түрік емес, кәріс емес Қазақстанда эфирді алып жүрген сериалдар туралы барлық стериотиптердің быт-шытын шығарып араб фильмін қазақ тіліне аударыпты. Шыны керек, мен үшін бұл бір ерекше құбылыс болды. Бұрындары да үйдегілерден «Нәпсі мен намыс» деген фильм басталыпты дегенді естіп жүрген болатынмын. Бірақ барлық арналардан көрсетіп жүрген «мыльная опералардың» бірі шығар деп, оның үстіне күнде сағат 2-де, түскі үзіліс уақытында болатындығын білгеннен соң тіпті қызығып та көрмегенім рас еді… Енді телехикая көрмейтін мееееен… Білмеймін әзірше бір күнде бірнеше сериясын көріп тастадым :\
Киностан: Нәпсі мен намыс
Ал енді бұл фильм мені несімен қызықтырды?

Киностан: Нәпсі мен намыс
Біріншіден әдемі актерлер. Басты рөлдері әдемі актриса. Қазақ тіліне жұмсақ, құлаққа жағымды етіп аударылғаны және ертегі емес, шынайы оқиғаға құрылғандығы.

Екіншіден, саундтрегі. Өте әдемі… Тыңдап көріңізші :)

Киностан: Нәпсі мен намыс
Енді қызығып интернеттен қарап көрсем не фильм жайында, не актерлер жайында ешқандай айтарлықтай ақпарат жоқ, ағылшын, орыс тілдерінде де мені қанағаттандыратындай ақпарат таппадым. Сөйтіп өзімнің көрген серияларымнан ой түйіп, ана жақ-мына жақтан тапқан қосымша ақпараттарымды пайдалана отырып «Нәпсі мен намыс» фильміне бірінші болып қазақ тілінде «рецензия» жазып көрмек ниетпен блогымның шымылдығын бүгін телехикаяға рецензиямен ашып отырмын.
Киностан: Нәпсі мен намыс
Киностан: Нәпсі мен намыс
Фильм басталғанда өте бай тұратын басты рөлдегі Ләйлә есімді келіншек «Бақыт байлықта емес!» дейді. Сонда бақыт неде? Телехикая бақыт іздеген келіншектің күрсінісінен басталады…

Бір қызығы бұл араб телехикаясы да түріктердің күнделікті фильмдерінде оқиғаларды бастайтын Ләйле, Ләйләдан басталады. Айлиннің жоқтығыны шүкір деп қояйық :)

Фильмде әзірше негізінен екі, қосымша екі, барлығы төрт оқиға, төрт адамның, екі отбасының оқиғасы көрсетілуде.

Бірінші оқиға, Ләйлә, оның күйеуі банкир Хайт және қызы Диманың аясында.
Екінші оқиға, Ләйләнің құрбысы Сара мен Хайттың қызметкері Валидтің аясында.
Үшінші оқиға, Ләйләнің анасы мен сіңілісінің аясында.
Төртінші оқиға, Ләйлә мен оның жаңадан танысқан суретші жігіттін арасында…
Киностан: Нәпсі мен намыс
Сара: — Ләйлә, осы сенің не үшін қамығып жүргеніңді түсінбей қойдым. Осындай зәулім виллада тұрасың. Қасыңда бар жағдайыңды жасап жүрген күйеуің бар. Бейруттағы бар қыздардың сенің күйеуіңнің бір күлімдегеніне зар болып жүргенін білмейсің бе? Алтындай қызың бар. Алла тіл-көзден сақтасын де!

Ләйлә: — Барға қанағат етіп, Құдайға мыңда бір шүкір деймін. Бірақ неге екенін білмеймін. Жаным жай таба алар емес. Рас айтасың! Жаныма не керектің бәрі бар. Алайда бір нәрсе жетіспей жүргендей. Бәлкім маған осынша байлықтың қажеті жоқ шығар… Бақыт байлықта емес қой. Білмеймін! Шын, білмеймін! Әлде күнделікті өмірден шаршадым ба? Жалыққан шығармын…
Киностан: Нәпсі мен намыс
Киностан: Нәпсі мен намыс
Ләйлә өте бай банкирдің әйелі. Оның еш уайым-қайғысы жоқ. Тек анасымен ара-қатынасы дұрыс болмағаны болмаса… Оның себебін фильмді көру барысында біле жатарсыздар. Ал оның құрбысы Сара қанша жылдар бойы өзін сүйетін, өзі сүйетін ерімен отбасын құрып, бақытты өмір сүріп келе жатқанымен екеуінің денсаулығы жақсы болсадағы бір балаға зар жанұя… Бар армандары бір бала…

… Күнделікті күннің атысы-түннің батысы қайталана беретін тіршіліктен жалыққан Ләйлә бір күні аяқ астынан Джад есімді суретші жігітпен танысып, екеуінің арасында түсініксіз сезім пайда болады…

Осы арада оқиға тағы бір картасын ашады… Ләйләнің жаңа ғашығы Джад оның туған сіңілісі Рашаның алғашқы махаббаты болып шығады… Енді не болмақ? Әзірше өзім де білмеймін. Кезекті сериаларын күтудемін :)
Киностан: Нәпсі мен намыс

Киностан: Нәпсі мен намыс
P.S. Телехикаяның бірінші, екінші серияларын көріп өз күйеуінің көзіне шөп салған Ләйлә байлықтан есірген әйел деп ойларсың. Бірақ оны осы қателікке итермелеген оны алақанында аялап жүрген күйеуі емес пе?
Бөлісу:

36 пікір

qonyrbai
Саундтрегі тәуір екен.
rakisheva
Хотя бы саундтрегі ұнағанына шүкір :)
zholantai
андай сценалары бар ма?
rakisheva
Андай сцена? Ол қандай сцена? Сенің ойыңды оқитын көріпкелдігім ашылған жоқ еді әлі :)
zholantai
секс — сценалар бар ма?
rakisheva
Мүмкін баааар… Мүмкін жоооқққ… Ахахахха, ондайлары қызықтырса өзің қарап ал. Мен айтпаймын :P
zholantai
сондай сцена бар-жоғын білу үшін әдейілеп іздеп қарамайтыным анық енді. мені, араб киноларындағы эротикалық сценалардың қалай берілетіні ғана қызықтырады.
ken
ол жағы қай елдің киносы екеніне байланысты. араб елдері көп. фотодағы адамдардың түрлеріне қарап Ливан не Иордания ма деп отырмын.
zholantai
онда сол, Ливан, не Иордания мемлекеттерінің киносындағы эротикалық сценалар болсын, опшым
ken
Ливан екен. Араб мемлекеті болғанымен христиан арабтары көп ел бұл. Бірақ эротик сценалардың қалай берілуі немесе болуы киноның авторларына байланысты болса керек.
zholantai
сонымен бар ма, жоқ па?
ken
аткрыса сұлу ма екен?
zholantai
көрмедім, жоғадағы суреттеріне қарап айтып отырғаным ғо
rakisheva
Аааа солай ма? :) Мен Кэннің сұрағанына қарай посттағы суреттер не в счет па деп ойлағам ғооо ;)
zholantai
ойлағышын өзінің :)
ken
болад
болад?..
онда сен сұлу деп санайтындардың фотоларына сілтеме тастасаң.
zholantai
сілтеме тастап отыруға лень
опшым, анандай еріндері бар актрисаларды сұлуға жатқызбаймын,
Dzhonsaken
ОTAU TV алып, көрмесем…
Marco
зарблад алдың ба не?
Dzhonsaken
бір жабағыны сатам-ау
merekeee
Үнді сериалдарынан жалыққанымды қайтейін, мына сериалдың уақыты ыңғайсыз.
Жарнамасын көріп жүрмін, түрікше деп ойлаппын.
rakisheva
Иә уақыты ыңғайсыз. Мен 1-2 рет ТВ-дан қарадым да сосын интернеттен бірнеше сериясын көрдім…
Dzhonsaken
Ләйлә есімді келіншек қай жылғы болды екен? Тым сұлу екен…
rakisheva
Білмеймін. zholantai білетін шығар :)
Ispek92
Оның білмейтіні жоқ)))
Dzhonsaken
zholantai қайда жүр екен!?
zholantai
мұндамын, тамыр
ерні екі шақырымға созылған қатын екен, сұлулық көре алмадым, :)
ken
мұндағы видеоны үйден ғана көрдім кеше. ерні бір жерлерінде шынымен де біртүрлі тартымсыз екен. жасанды ерін болса керек.
Dzhonsaken
Cұлулыққа талғамым ең төменгі сөреде шаң басып жатқанын тағы бір мәрте мойындадым…
rakisheva
За то бәрі кімге Әлемдік сұлулықтың эталондарының бірі болып табылатын Анджелина Джоли ұнамайтынын біліп алды :))
zholantai
Джолидің ерні дәл мұндай емес.
Dzhonsaken
Джолиді де көрмесем…
IndiyanaGumarova
интернеттен канша рет терип кордим, бірақ та мына сериалды таппадым, кайдан коруге болады: