Қонақ дастарханын сынап кету

Блог - asaubota: Қонақ дастарханын сынап кету

Бір ай бұрын satibaldi Фейсбукте
«Бауырсақтары ше, ашып кеткен бе, қамыры жабысып тұр ше, біреуін ауыз тидім де қойдым. Сен де сүйттің бе?». ©

деген пост жазып еді. Астына түрлі пікірлер жаздық. Солардың ішіндегі қызықтарын сіздермен бөліскім келді. Тақырыпты әрі қарай жалғастырсақ та болады

Блог - asaubota: Қонақ дастарханын сынап кету
Сурет: shyn.kz

Данияр Алан әрәғі арзан екен… жылып та кеткен бааа…

Акбаян Болат «Ужас, құдайдың маечка пакеттерін аяғаны ма, кәмпит-сәмпит салуға бермегені несі?»)

Satibaldi Kerbabaev «Жұрттың әкелген шоколадтарын жинап жүреді де, осындай кезде шығара қойып, құтыла салад».

Satibaldi Kerbabaev «Шымкенттен болғасын, оған палауымды жегізуге ұялып жүрсем… Өзінікін көрдің бе? Ужсс».

Satibaldi Kerbabaev «Фуу, баянсұлудың кәмпиттерін салып-салып қоя салған» © Akbayan Bolat

Әйгерім Кеулімжай екі-ақ түрлі салат жасапты ғо.

Satibaldi Kerbabaev «Гаряшиі суып кеткен, сіңлілері балп-балп етіп сампылдай бергенше, сондайын қарап тұрмай ма?»

Әйгерім Кеулімжай Дым шәй іше алмадым, дұрыс шығармапты.

Әйгерім Кеулімжай Дастарханға май қоймапты. Қас қылғанда, қонаққа барсам, нан мен май жегім келеді емес пе?

Satibaldi Kerbabaev «Кәллективі дым әкелген жоқ, анабір люстраны шошайтып әкеліп тұр; үйі жоқ адамға сүйте ме екен?», ббуах-ха-ха-ха-ха-ха-ха-хаа))))))))))))))))))))))))))))))))))))

Әйгерім Кеулімжай Асқан еттері арықтау шығыпты. Сойған ба, сатып алған ба?

Жансая Сыдықбай Арзан напитыктар қоя салыпты. Салаттарды өздері жасапты. Тойханаға заказ бере салса несі кетті?

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Осының менюі-ақ өзгермейді. Әнеуір фруктовый салатын жасай береді, помой сияқты, пффф!(((

Әйгерім Кеулімжай Столды сүйтіп жасайтын болған ба кәзір, кіттай-кіттайдан қойыпты, прям санадым сол жерде, бір тәрелкеде 2 вафли, 3 пішінәй, 4 кәмпит

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Көтеніне қарамай жылқының етін асады есщо! Бізге бәрібір ғой, тойып алдық!

Аршат Оразов еттің нанын өздері илемеген, Арзу ала салған сияқты, қатты екен

Әйгерім Кеулімжай Тастай-ау, тастай келіндері. Колбаса-сырды жұп-жұқа етіп турапты, ар жағынан күн көрінеді. Сүйтіп баииды жұрт.

Жансая Сыдықбай Заказ Берген қымыздары ашып кетіпті. Ана Диқанкөлдің қымызын алдырмай ма екен? Шымкент жақта

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Иии, мамбетка ғо ол! Стол жаю білмейді. Сервировканың не екенін білмид, жыпырлатып толтырып қойыпты дастарқанды. Ішіміз өтпей қайтсін!

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Сараң, сұмырай, қуларын көрмейсің бе! Экономдап второй пісірмес үшін, алдымен ет бергенін!

Әйгерім Кеулімжай Етті әкеліп болмад, ана жерде елдің қарны ашып баратыр, жәмән салаттарды жеп, жұмыстан шыққан ғо енді.

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Әдейі шорым-борымға тойып алсын деді ме, осы жолы бірінші шәй берді күрішпен. Шәйға тойып алғасын, ет қайдан желінсін!

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Слишком пысық қо, слишком пысық! Ақша шығармас үшін, осы кезге дейін шақырмай, әдейі огородындағы қияр-помидордың піскенін күтіп. Етті де ауылдан алдыртыпты қой сойғызып. Бас тартпады тағы!

Әйгерім Кеулімжай құрысын шәй қойыңдарш, ана үйде не жеп, не қойғанымызды білмей қалдық қо.

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ «Бизге не акелдиндер?» «Не акелик кудай?! Базарский пирог баягы, алма-салма. Кайдан тасып журин, оздери салып берип жатпагасын».

www.facebook.com/satibaldi/posts/564225590302120
Әрі қарай

Қандай сайтты қалар едіңіз?

ҚазНетте бір-бірінен тек тақырыбен ғана ажыратылатын сайттар көбейіп кетті. Бұл жақсы да шығар. Өз басым, жалықтым. Бұларды «жоба» деп атауға келмес, өте баяу дамиды, табыс та әкелмейді. Қанша жерден мықты жүйе болғанмен сайтың жайлы админдер қайсың ауыз толтырып айта аласың? Орташа сапа, орташа талап, орташа өмір — ешқашан прогресске әкелмес. Жаман да болсын, бәлкім, өзіміздің «ориджинал» жобамызды жазамыз???

Сонымен, сіздің қалауыңыздағы сайт қандай болуы мүмкін еді??

Қиял, тілектер жаудыра берулеріңізге рұқсат!
«Алдыңа бір пост қойдық, пернетақта бос қойдық»))

P.S: Жазба өте жылдам жазылды. Артық кетсем, айып етпең. Кейін бір сүзіп шығармын.

Upd: Жазбадағы мақсат Қазнет сайттарын даттау емес, жалпы, шығып жатқан жаңа сайттарға пікірім және өзге қолданушылардың қалауын білу ғана.
Әрі қарай

2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)

Төбелес клубы: 2013 жылдың бірінші жартысындағы үздік нокауттар (субъективті шолу)Биыл көрген жекпе-жектердегі мен үшін ең әсерлі болған нокауттарды GIF форматында бөліссем деймін. Басқалар сияқты орын-орындарға бөліп, хит-парад түрінде ұсынсам да болатын еді, бірақ, шыны керек, қайсысын қай орынға жатқызарымды білмей отырған жайым бар. Нокауттардың барлығы мен үшін бірдей болып тұр
Оның үстіне, өзім аралас жекпе-жек өнерлерінен өтіп жүрген жарыстарға қызығып жүргеніме көп болмағандықтан, постты субъективті шолу ретінде ұсынуды жөн санап отырмын. Яғни, бұдан да мықты нокауттар орын алған болуы мүмкін. Мен тек өзім көргендерді ұсынамын.

Ал кеттік!
Әрі қарай

Домбыра Party -де қай-қомус қонақ болды

Сенесіз бе, күн ұзағына күрең тартып, қабағы ашылмай қойған Астананың аспаны дәл Party басталарда шайдай ашылды. Табиғаттың өзі домбыра үнін еститініне қуанып тұр деп жорыдым. Мұндайда көп тұруға болмайды. Бастап жібердік. Жиналған адам қарасы көп болмады. Келмегендердің өз обалы өзіне, біз бір кереметке куә болдық.
Әрі қарай

Зодиактар рейтингі

Астрология, гороскоптарға қызығатындар бар шығар? Алғашқы жазбамды қабыл алыңыздар.



Көзге шөп салушылар
1. Мерген
2. Тоқты
3. Егіздер
Әрі қарай

Классиканы сүю..!

-Скрипач Арман Мурзагалиевтің триосы қойған тамаша кештен келдім. Ой, несін айтарсың, керемет болды ғой. Шуман мен Малердің туындыларын бір деммен құйқылжытқанда жанымды қоярға жер таппай, өнерлеріне керемет тәнті болдым. Сен неге бармадың?
-Мен онша да классикалық музыка жанрын түсінбеймін, ызыңдап миымды ашытып жібереді.
-Айтасың-ау сен де, классикалық музыкалар жанды рахаттандырады. Ол нағыз өнер ғой, қалай түсінбейсің оны?! Білсең, миды тыныштандырады. Арманға ғашық болып қайттым, бір сөзбен айтқанда. Ол нағыз талант. Роберт Шуманның «ақын махаббаты» туындысын орындағанда бар ғой, өзімді қалай керемет сезінгенімді сөзбен жеткізе алмаймын. «Жамбыл» филормониясының жұпыны, жадағай, көңілсіз сахнасына көзім қадала қарағанмен, көңіліммен шарықтай Тулузедегі театр сахнасында махаббат биін ырғала билеп кеттім бір сәт… нара на на… нанна… патшалар да жаяу баратын жаққа барып келейін,-деп асығыс көтерілген ол тумбочканың үстіне төсеп қойған газеттің бір бетін далпита ұстап шығып кетті.
-Тез кір де, шықшы, мен барайын деп отыр едім.

Абырой болғанда көп күттірген жоқ. «Мана кешкісін ана өзбектердің самсасын бекер жеппін, бар пәле содан болды» деп дауыстаған күйі ішімді қаусыра ұстап, тапырақтап тұра жүгірдім. Көңілім жайланғанмен, ішімнің ауруы басылар емес. Байыз таппай алақтаған көзіме қақ шекесінен көлденең жыртылған Әуезовтың суреті басылған газет түсті. «Егемен Қазақстан» газеті екен. «… зов әлемі» деген баттиған жазуы бар жарты көлдей мақала. Әуезовтің жарты шекелі суреті менен алысқа қарап міз бақпайды.
«… Кешірші, Мұха...» дедім де бүріп бара жатқан ішімді сығымдай, ұстап әжетхана есігін тарс жауып, кете бардым… Міні саған классиканы сүю..!
Әрі қарай

Унитаз қақпағын көтеріп қою - дискриминация ма?!

Жұмыстағы немесе пәтердегі дәретханаларда, әсіресе ортақ әжетханаларда унитаз қақпағын ерлердің қайта-қайта көтеріп қою әдеттері олардың әйел қауымына қатысты көзқарасының көрсеткіші ме және бұл дискриминацияға жатады ма?! Ортақ тойлеттен шыққан ер адамнан кейін әйел адам кіріп, унитаз қақпағына қарап, оның әйел қауымын қай деңгейге қоятынын білетіндей. Ал егер ол еркек сол әйелдің танысы, досы немесе әріптесі болса ше, жалпы қарым-қатынастағы аздаған түсініспеушілікке осы да себеп болып жатса, таң қалудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ бұл туралы ашық айтыла бермейді.
Жалпы солтүстік еуропа елдерінде ерлер мен әйелдер құқығы тең екені баршамызға белгілі. Осы аптада Швеция елінің парламенті ерлерді кіші дәреттерін отырып алуға міндеттейтін заңжобаны қарайды. Оны ұсынушы депутат Вигго Хансеннің санауынша, бұл гигиена деңгейін көтеріп, ерлер мен әйелдер теңдігін нығайтып, простата алдын алады.
Заңжоба авторларының ойынша, егер ерлер кіші дәреттерін отырып алып үйренсе, отбасыда ыдыс-аяқ сылдырлау жағдайлары азаяды екен.
Әрі қарай

Сең қозғалды. Астанада алғашқы форум өтті.

  • KazNET


Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде алғаш рет ІТ форум өтті. Форумның қалай өткені маңызды емес дәл қазір. Бастысы бұл көптен бері айтылып жүрген нәрсенің сөзден іске көшуі. Алғаш рет жиналдық, жұртпен таныстық, бір нәрселер үйрендік, үйреттік, жаңа идеялар пайда болды. Жастардың белсенділігі ұнады, Талғат бастаған топ өз жұмыстарын беске атқарып шықты. Бәрі риза болып кетті деген ойдамын.
Әрі қарай

блиц-сұхбат: Madikon

Қымбатты дүниенің төрт бұрышынан жиналған қазақтар және қазақ еместер!
Бәріміз таныс болайық. Керекинфоның жаңа қолданушыларының бірі, болашағынан көп үміт күттіретін Мадикон ханымды қарсы алайық  Мадикон ханым, сізбен танысқаныма қуанышты болдым. Сөз өзіңізде.



Қала: — Астана
Сала: — Аудармашы мамандығының 3-курсында оқимын. Бірақ болашақта инвестор боламын.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мен көптен қазақ сайттарына кірмей кеткем. Бір күні әдеттегідей фэйсбукте отырып, керекинфода жарияланған бір мақаланың фэйсбукке қойылған сілтемесін көрдім. Сайтқа бір кіргеннен ұнап кетті, солай керекинфоның бір белсенді мүшесі болуға шешім қабылдадым. Алғаш "қош келдім" деген бір сөз арқылы мындағы адамдардың қалай қабылдайтынын байқамақ болдым.Солай көп адам "қош келдің" дегенде керемет орта екеніне көзім жетті.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
— Келгеніме аз уақыт болғандықтан ештеңе деп айта алмаймын. Әрбір жазылған мақаладан өзіме пайдалы ақпарат алуға тырысамын. Пайдалы ақпараттар көп болса деймін.

— 2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не?
— Ойланып отырсам үлкен оқиға болмаған сияқты. Бірақ алдынғы жылға қарағанда біраз өзгерген сияқтымын. Өзіме үлкен жауапкершілік алып,өмірімді өзгерту үшін қолымнан келгенін жасадым. Көп сабақ алдым.

— 2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?
— Меніңше мында жарияланған әрбір тақырыптың өз ерекшелігі бар. Әрбір мақала адамдардың жүрегін сала отырып жазғаны ғой.
Әрі қарай

Мен көрген Лондон

Лондон – Британия астанасы. Тұмандысын қайдам, біліктілікті арттыруды көздеп екі аптаға барған бізді жылы шыраймен қарсы алды. Гэтвик әуежайы бізге қоныс болған «қонақүйден» (Guest House) біршама қашық екен. Қап-қара «Мерседесімен» қарсы алған шопыр Ибрахиммен сөйлесіп, жол қысқарды. Қарашаның он сегізі, жексенбі еді.
Әрі қарай