блиц-сұхбат: Madikon

Қымбатты дүниенің төрт бұрышынан жиналған қазақтар және қазақ еместер!
Бәріміз таныс болайық. Керекинфоның жаңа қолданушыларының бірі, болашағынан көп үміт күттіретін Мадикон ханымды қарсы алайық  Мадикон ханым, сізбен танысқаныма қуанышты болдым. Сөз өзіңізде.



Қала: — Астана
Сала: — Аудармашы мамандығының 3-курсында оқимын. Бірақ болашақта инвестор боламын.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мен көптен қазақ сайттарына кірмей кеткем. Бір күні әдеттегідей фэйсбукте отырып, керекинфода жарияланған бір мақаланың фэйсбукке қойылған сілтемесін көрдім. Сайтқа бір кіргеннен ұнап кетті, солай керекинфоның бір белсенді мүшесі болуға шешім қабылдадым. Алғаш "қош келдім" деген бір сөз арқылы мындағы адамдардың қалай қабылдайтынын байқамақ болдым.Солай көп адам "қош келдің" дегенде керемет орта екеніне көзім жетті.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
— Келгеніме аз уақыт болғандықтан ештеңе деп айта алмаймын. Әрбір жазылған мақаладан өзіме пайдалы ақпарат алуға тырысамын. Пайдалы ақпараттар көп болса деймін.

— 2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не?
— Ойланып отырсам үлкен оқиға болмаған сияқты. Бірақ алдынғы жылға қарағанда біраз өзгерген сияқтымын. Өзіме үлкен жауапкершілік алып,өмірімді өзгерту үшін қолымнан келгенін жасадым. Көп сабақ алдым.

— 2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?
— Меніңше мында жарияланған әрбір тақырыптың өз ерекшелігі бар. Әрбір мақала адамдардың жүрегін сала отырып жазғаны ғой.
Бөлісу:

37 пікір

Tyulpan
Мадикон, негізі қай жақтансыз?
madikon
Мен Маңғыстау облысынан келдім. Оқуға түскеннен бері жанұяммен Астанаға көшіп келдік.
Erke
Адайдың қайсысысың!
madikon
папам Атыраудың жігіті болғандықтан адай емеспін, мамам Маңғыстаудың қызы, нағашыларым адай. Өзім кіші жүз он екі ата байұлынан. бірақ өзім Маңғыстауда туылдым.
Beisek
Байұлының қайсысы?
Adiletshu
Дым қызық емес сұхбат бопты. Мадикон, жігігің бар ма
madikon
Дым қызық емес сұхбат бопты
барымша жауап бердім.
жігігің бар ма
жоқ. Менім ойымдағы жігітті кездестірмедім.
Beisek
таңдама, тазға жолығасың =)
Gastarbaiter
Барынша сыпайы болуға тырысып жүрмін, сұхбат нашар шығыпты
Abilakim
Бірақ болашақта инвестор боламын

Тамыр-таныстар солай деді ме?
asaubota
иә, мен де түсінбедім сол жерін. түсіндірші Мәдикон.
madikon
Оқуды бітірген соң жұмыс іздемей, жеке кәсіптің иесі болсам деймін. Ал үлкен ақша жасап, Дональд Трамп сияқты миллионер болғанда қазақ еліне көмектесу үшін көптеген жобаларды қаржыландырып отыратын, жұмс беретін азаматшаның бірі болсам деймін. Әрине, оған біраз уақыт кететінін білемін. 30-40 жасымда миллионер боламын. Бұл күлкілі немесе жай арман болып көрінуі мүмкін бірақ менің жоспарым осындай. Шет тілдерін үйрену арқылы әлемдік бизнес құрсам деймін.
ademi_alem
қазақ еліне көмектесу үшін көптеген жобаларды қаржыландырып отыратын, жұмс беретін азаматшаның бірі болсам деймін. Әрине, оған біраз уақыт кететінін білемін. 30-40 жасымда миллионер боламын. Бұл күлкілі немесе жай арман болып көрінуі мүмкін бірақ менің жоспарым осындай.
Арманыңызға адаспай жеткейсіз!!!
Tyulpan
Ақ жол! бір қыз бар еді бай болуды алдына мақсат етіп қойған, соны есіме түсірдіңіз. бірақ ол қазақ еліне көмектесем демеген. )) баю үшін қандай іс-әрекеттер жасап жатырсыз? баюдың оңай жолы не деп білесіз?
madikon
баю үшін қандай іс-әрекеттер жасап жатырсыз?
үйреніп жатырмын… Нақты білсем байып кетер едім ғой қазір.
баюдың оңай жолы не деп білесіз?
меніңше баюдың оңай жолы жоқ. Үлкен еңбекпен, дұрыс жолмен келеді деп ойлаймын.
Rafaello
Әдемілік те жарайды.
madikon
әдеміліктің көмегі шамалы…
Erke
Мәдиконіміз қайда? ау Мәдикөн? Кайда жүр өзі жұртты сүретіне телміртіп қойып! Осы постты фэйсбукқа сілтемесін жіберіңдерші, оқып келсін осында!!!
konvict
Құдай-ау, бойдақтарға құдай қарасатын болды ғой. Сурет мощный. пікір жазуға қолым енді тиді ғой
Daniar-Alan
пікір жазуға қолым енді тиді ғой
 не істеп келдің сонда азғын?
007
жұрт айтып жатқандай шынындада қырық жігітті қырқасынан құлататындай көркіңіз бар екен Мәдикөн!!!
Rafaello
Жасыңыз нешеде? (көп сұрақ шешімін табады)
nurbergen_makym
3-курс оқитынын оқып, 1993 не 1994 жылдың тумасы ма деп отырмын… Хотя, вундеркинд те болуы мүмкін. Ондайлар да бар ғой, осында
Adiletshu
Дұрыс. 93 жылғылар 2,3-курста оқып жүр
Massa
Жынысы: әйел
Туған күні: 23 қаңтар 1993
Ereimen
Сұрақтар қарша борапты ғой, айтпақшы өткен туғаніңіз құтты болсын!!! мында сұлу бойжеткенді қарап "қаран бойдақ күнім ай"- деп бармақ тістеп отырғаным.
VKM
Алдыңа қойған мақсатың бар, ол да дұрыс. Соған қиналмай жетуіңе тілектеспін.Қош келдің!
Adiletshu
Мадикон, «Секретті» қанша рет көрдің? Соған шынымен сенесің бе?
madikon
3-4 рет қайталап көрдім, негативке түсіп кеткенде соны көруге тырысамын. Ия сенемін, ондай жағдайлар өмірде де кездесіп тұрады.Сенде сен! Өмірің өзгереді.
Adiletshu
Мен Құдайға сенемін
araika
Астаналық керекшілердің қатарына қосылуыңмен!

Оқуды бітірген соң жұмыс іздемей, жеке кәсіптің иесі болсам деймін.
Сонда қаржы көзі қайдан болады? Әлде грантта оқисың ба? Менің бір группаласым стипендиясын жинаған, кейін қайда жұмсағанын білмеймін бірақ)
madikon
Астаналық керекшілердің қатарына қосылуыңмен!
рахмет!
Сонда қаржы көзі қайдан болады?
соны жасау үшін жеке істі бастау керек қой.
Adiletshu
Жеке істі ақшасыз қалай бастайсың? По любому біреуге жұмыс істеуге тура келеді.