Мен көрген Лондон
Лондон – Британия астанасы. Тұмандысын қайдам, біліктілікті арттыруды көздеп екі аптаға барған бізді жылы шыраймен қарсы алды. Гэтвик әуежайы бізге қоныс болған «қонақүйден» (Guest House) біршама қашық екен. Қап-қара «Мерседесімен» қарсы алған шопыр Ибрахиммен сөйлесіп, жол қысқарды. Қарашаның он сегізі, жексенбі еді.
Орналасқан жеріміз – Zone 2, күнделікті қатынап тоқитын жеріміз — Zone 1. Лондонның қақ ортасы. Құжынаған түрлі-түсті адам. Ығы-жығы. Өзіңді сол мозаиканың ішінде сезінуде де бір гәп бар, әсілі.
Екі апталық мерзімге метро және автобусқа жарайтын “Oyster card” сатып алдық. 63 фунт стерлингке шықты (1 ф.с. – 245 теңге шамасы). Лондонның метросына ырза болғаным – қай станциядан түспе, адаспайсың. Қатынау барысында бір метро желісінен екіншісіне ауысу қажеттігі туындайды. Барлық жерде мен мұндалаған нұсқағыштар адасып кетпеуіңе қолғабыс. Бірінші күні-ақ игеріп алдым, діттеген станцияның аттарын білсең жетіп жатыр. Метро араға отыз секунд, кейде одан аз уақыт салып қатынайды. Метроға кіреберіс-шығаберістерде тегін газет-журналдар үлестіріледі. Жалпы, газетті сатып алып жатқан біреуді көрмедім. Көбіне газетте жарияланатын жарнама, промоутерлік науқан арқылы табысын табатын шығар деп шырамыттым. Түптеп келгенде, метро – лондондықтардың басым көбінің таңдауы. Біріншіден, нысаналы жеріңе кептеліссіз аз ғана уақыт ішінде жетесің. Екіншіден, өз көлігіңмен жүру қымбатқа түседі. Орталыққа беттей берісте күнделікті он ф.с. шамасында салық төлейсің. Парковкасы бөлек әңгіме. Қиын, яғни.
Қарым-қабілетті ұштаған жеріміз – International House London (IHL). Zone 1, Stukeley street атты көше бойында. Холборн станциясынан үш минуттық жерде. Бірнеше қабатты сәулетті ғимаратта әлемнің түкпір-түкпірінен келген кісілермен таныс болдық. Арасында Қарашығанақ жобасынан барған бір ағаны жолықтырып қалдым. Бесінші қабаттағы шайханада қазақша мәслихаттасулардың небіріне куә болды солжерлік коммьюнити.
Шай демекші… Шай – Грейт Британның басты талғамы. Астерикстің соңғысын көргендер білер, Үндістаннан келген бұл сиқырлы напиток Альбионда әлімсақтан қош көрілген сусын. Небір түрі, дәмдеуіші бары бар. Және кофенің таңдаулы сорттары. Былтыр АҚШ-қа жол түскенде шайдан кәдімгідей тарыққаным бар еді. Мұнда көңіл жай тапты. Маған бергамот дәмдес шай ұнайды. Одан кейінгі Лондонда ашқан жаңалығым – ыстық шоколад болды. Жетон сияқты сыйымдылықта ұнтағы болады, бұрынғы газводаның машинасы сияқты аппаратқа салып жібересің, пиялайыңа құйып береді. Күнделікті сабақ осынау бір жылы да шырайлы процеспен басталады.
Түске дейін Сингапурдың экс, Британияның қазіргі азаматы Чиа атты апай, түстен кейін СССРдің экс, қазіргі Британ азаматы Ирина апайлардың дәрістеріне қатыстық. Тілдегі дилемма мәселесі бар, аудармадағы әдістің түр-түрі бар… күн тәртібінде алуан материалды қамтуға тырыстық, әрине. Үйрену қашан да кеш емес. IHL’де елуді еңсерген өзге ел азаматтары да ағылшын тілін жетілдіруге келгенін көрдік. Біз қайта жаспыз олардың қасында. Аудармашы болуымыз да себеп шығар, бізді эдвансд груп санатында қарастырды. Әрине, жаттығулар барысында көпекөрінеу қателеріміз түзетіліп отырды, білгенімізден білмегеніміз көп екенін сан мәрте көріп бақтық. Ұштауға тырыстық.
Қарап отырсам, көп суретке де түспеппін. Мүмкіндігінше эстетикалық ләззәт алуға тырысады екенсің. Апыл-ғұпыл есерсоқтық емес, көрген жерлерімнің архитектурасына, инфрақұрылымына қызықтаумен болдым. Оксфорд көшесі – арзан бутиктердің отаны. Лондондатып келгендер онша-мұншасын сол жерден қарыштауға тырысады. Әлемдік брендтердің көбін табасыз.
Джейми Оливердікінен түстендім. Үш түрлі желі иесі екен, тиісінше “Jamie Oliver”, “Jamie’s Italian” және “15”. Менің барғаным аталғандардың алғашқысы. Сервировкасына тәнті болдым. Асқабақты гарнир ретінде пайдаланғанды алғаш көруім еді. Ұнады.
Кемемен Темза бойымен Гринвичке бардық. Темза тереңдеу сияқты. Сұраған кісілерден 10-15 м. деген жауап алдым. Кеме жылдам, сағатына 60-70 км.ге дейін үдетті-ау деймін. Лондонда қысқы мезгілде сағат төрттен кейін күн қарауыта бастайтындықтан, кешкі қаланың көріністері көздің жауын алмай қоймады. Көк сеңгірмен иық тірескен ғимараттар жалт-жұлт еткен жарық эффектімен ерекше әсер қалдырады. Кемеде сусынның ассортименті ұсынылады. Ойстер картаңыз болса, үстінен 4 фунт төлеп кіре бересіз.
London Eye дегенге бардық. Биг Беннен қашық емес. Кабинкалары сыйымтал. Қала алақанға салғандай еді ең шыңына қонғанда. Әнебір жерде Еуропадағы ең биік ғимараттан саналатын Шард (Shard) мен мұндалайды. Үш жүз метрге таяу. Біраз лондондықтарға оның дарақыланып тұрғаны ұнай қоймайтынын білдім, дегенмен.
Мадам Тюссоныкінде танымал шоубиз жұлдыздарының айна-қатесіз көшірмелерін көрдім. Жеті-сегіз секция екен, бәрінен өтесің. Өтпей қойғызбайды: тек бәрін өтіп барып қана «Exit» жазуын көруге болады. Президент Обаманың овалды кабинетіне кіріп ассалауғалейкүмдестім, Мэрилин Монро мен корольдік жанұямен қол созымдай жерде тұрып сырласқансыдым.
Лондон сапарының ең мықты әсері Стэмфорд стадионындағы футбол еді. Алаң иесі «Челси» қонақтап келген «Манчестер ситиді» қабылдады. Ойын тікелей эфирде таратылды. Ағылшын жанкүйерлерінің перформансы өзінше ерек. Бақырып-шақырып ойыншының әкесі мен шешесіне лағнет жаудыру жоқ. Топтаса, бірлесе ән шырқау бар, есесіне. Одан соң дәстүрге беріктік бар.
Букингем сарайына Биг Беннен жаяу тарттым. Күн ашық, көңіл жайдары. Жексенбі еді. Жете берісте бір топ әскери киімдегілер ән айтып, шагайттап жатыр екен. Іргелес жерде. Сол шагайттағаннан шагайттап Букингемге бір-ақ тартты. Қақпалар ашылды, олар кірді. Ішке қарай әндетіп кете барып көреберістен жоғалды. Адам қарасы көп. Көп тұрақтамадым. St James Park арқылы қайтқым келді. Парк жап-жасыл, тиіні көп. Келіп бір нәрсе бер деп дәмеленеді. Қаз да көп. Баяғыдан бергі табиғи ареалы осы ма дерсің. Әдемісіне әдемі.
Жалпы, қыдырыстап баратын болсаң алдын-ала баратын жерлеріңді тиянақтап алған дұрыс па деймін. Бірін қалдырмай бәрін көру дегенді өз басым түсінбеймін. Бару үшін бару?! Мүмкіндігінше қасыңызда гид болғаны жақсы. Есепті суретке түсуді емес, есіңізде не қалатынын, алатын әсеріңізді ойлаңыз. Мен сөйтуге тырыстым, әйтеуір.
Әр кәйіпке бір шектеу. Екі апта тез өтті. Стамбұл арқылы қайтыс, сағаттардағы айырмашылық… Мұның бәрі тез ұмытылады. Лондон – әсте…
Ал енді кезекті суреттерге берейік:
Біздің таңғы сессиямызға баскөз болған Чиа
Ұштаған машықтардың бірі — cинхронды аударма. Мына жерде жаттығу жасап жатырмыз. Жұмыс барысында бұл будканың ішінде, кейде қатал шарттарда іске асады. Сөйлеушінің сөйлеу жылдамдығына ере отырып, ол айтқан мәтінді тыңдаушы қауымға сол мезетте адекватты эквивалент таба отырып аударуың шарт.
Әріптесім Абзал екеуміз метрода
Айтпақшы, Лондонда жолыңыз түсе қалса мюзиклге барыңыз. Мен «Шректі» таңдадым. Билет алу оңай емес, сапалы мюзиклдерге қашан да аншлаг. Біз балконнан алдық, билет құны — 45 ф.с. Абзалдың Лондондағы достарымен, бала-шағаларымен бірге қарадық
Оксфордпен қиылысатын Риджент стритте әлемге әйгілі «Hamley's» ойыншық дүкені бар. Кішкентайларды қайдам, мен өзім шықым келмей қалды. Ертегі әлеміне тап болғандайсың құдды бір. Must go
Темза жағалауында. Сағат күндізгі бес
Екі апталық курс тәмам, IHL директоры Моурис сертификатты салтанатты түрде табыстап жатыр

Нұрғиса аға, фото)))
Сен тізіп өткен жеңілдіктерің мен жағдайларың бола тұра бармауға уақыт таппауың өкінішті екен. Ендігі ретте реті келсе қалт жіберме. Достарыңа, апайыңа тосын сый жаса. Айтпай бар.
Анкара мен Гаваннадан кейін осы қала шықты-ау деймін, бару һәм көру керек қалалар тізімімде, мына посттан кейін…
Алған біліміңнің, жиған тәжірибеңнің қайырын берсін, Нұреке!
Чиамен Сингапур туралы көп сөйлестік. Мысалы, пәтер жеке меншікке берілмейді, 99 жылға жалға беріледі. Досы жақында тоқсан тоғыз жылға 840 мың долларға екі бөлмелі пәтер сатып алыпты Мемлекет кішкентай, бір ұшынан екіншісіне жаяу жүріп өтуге болады. Тиісінше, пәтерді қайдан алма, бәрібір орталық болады. Ұлтарақтай ғана жерде 5 миллион түрлі ұлт пен ұлыс, дін өкілдері мекен етеді екен. Порты әлемдік маршруттарға өте қолайлы, суы тайыз емес. Үлкен кемелер келіп тұрақтай алады. Орташа еңбекақы 3 мың доллар көлемінде екен…
Өте келе интерактивтілік көп білім институтында осындай иллюстративті құралдармен толығарына сенгім келеді. Ақыры инновациялық, инабат сияқтылық жаппай насихатталып жатыр…
Аудармашысың ба, рубен?
Сертификат құтты болсын, жұмысыңыз жемісті болсын!
Ойыншықтар дүкеніне барғым кеп кетті.
түсіндік
сингапурдағы жағдай қиын кен, қонақ боп кеп, қонақ боп кетеміз өмірге деген мақал соларға келед кен
Лондондa әсiресе ескi тұрғын үйлер ұнaғaн.
Оқып, көріп отырып барып келгендей болдым.
Нурғиса аудармашы болсаңыз әріптес болдық қой ;-)
Синхронды аудармашы болу арманым бірақ көп еңбекті қажет етеді ғой
Сізге қызығып тұрмын, біліміңіз кәдеңізге жарап, табысты болыңыз!