Домбыра Party -де қай-қомус қонақ болды
Сенесіз бе, күн ұзағына күрең тартып, қабағы ашылмай қойған Астананың аспаны дәл Party басталарда шайдай ашылды. Табиғаттың өзі домбыра үнін еститініне қуанып тұр деп жорыдым. Мұндайда көп тұруға болмайды. Бастап жібердік. Жиналған адам қарасы көп болмады. Келмегендердің өз обалы өзіне, біз бір кереметке куә болдық.
Алмас Алтай екінші әнін аяқтай бергенде, арқасына үлкен футляр асынған бір қыз көрінді. Келе онысын ашып, ішінен домбырадан аумайтын бір аспапты алып шықты. Сол кезде таныдым. Ресейдегі шор деген азғантай ғана халықтың маңдайына біткен дарынды әншісі Чылтыс екен ғой.
Ол кісінің өнерімен «Spirit of Tengri» фестивалінің арқасында аз-кем танысқам. Тірілей тыңдап көру бір арман еді. Аяқ астынан сәті түскеніне шын қуандым. Қай-қомусының құлағын келтіріп алғасын, көмейге салып бір әнді бастап жіберді. Қасқыр болып ұлығаны тіпті сұмдық. Итқұс келіп қалған жоқ па деп, еріксіз айналаңа қарайсың. Айтпақшы, мына қырдың астына барып келсеңіз, Чылтыстың өнеріне сіз де тәнті боласыз.
Түбі бір туысқанымызды осы кешке алып келген азаматтарға алғыс. Екі жігіт ертіп жүр екен. Менің танығаным Асқар Құмыран.
Оралдан келген Алтынбек есімді жігітке қалай ырза болмайсыз. Осының алдындағы Party-де бізді таба алмай кетіпті. Алған бетінен қайтпайды екен, осы жолы домбырасын арқалап, тағы келіп әдемі әндерін арнап кетті. Алматылықтар күтіңдер, ұзамай бұл жігіт сіздерге қарай жол тартпақ.
Нұрбол Ханағат деген бауырым Party-дің тұрақты қатысушысына айналғалы қашан. Өзі Бай-өлкеден келген жігіт, осы жолы Қытай қазақтарынан естіген бір әнмен бөлісті.
Осы сайттың мүшесі Анар ханым да осымен екінші рет қатысты. Өткенде қағазға қарап отырып ән салып еді, бұл жолы шпаргалканы қажетсінбеді.
Есенжол деген жігіт суырылып шықты бір кезде. Әдемі, нәзік, сырлы әндер айтады екен. Торғайдың тумасы. Соңғы кезде Астананың патиінде торғайлықтардың дауысы жиі естіліп жүр. Жарайсыңдар!
Ең басты қуанғаным, Partyman Нұрғиса брат оралды арамызға. Жоқ, өзгелерден қызғанып отырғаным жоқ. Сапар көбейсін Нұреке. Алайда, өзің болмасаң, Алмас болмаса Party біртүрлі жансызданып қалады.

asaubota , Анар апайың жақын арада қолданушы атын өзгертеді-ау деймін, кеше Марко да сен сияқты қиыс кетіп, «Анар жетпіс» деген сіз екенсіз ғой деп жатыр еді…
Астанада күнұзаққа жауын-шашындатып тұрғанымен, күн райының жайсыздығына қарамай келген барша әлеуметке риза болдым.
Айтқандай, Чылтыстың әнін Фейсбукке іліп қойдым, қауымдастықта. Тамашалап қайтыңыздар, тың жанр, ерекше мақам…
Айтқандай, Анар ханымның да видеосы қойылды, тыңдаймын деушілерге.