Классиканы сүю..!

-Скрипач Арман Мурзагалиевтің триосы қойған тамаша кештен келдім. Ой, несін айтарсың, керемет болды ғой. Шуман мен Малердің туындыларын бір деммен құйқылжытқанда жанымды қоярға жер таппай, өнерлеріне керемет тәнті болдым. Сен неге бармадың?
-Мен онша да классикалық музыка жанрын түсінбеймін, ызыңдап миымды ашытып жібереді.
-Айтасың-ау сен де, классикалық музыкалар жанды рахаттандырады. Ол нағыз өнер ғой, қалай түсінбейсің оны?! Білсең, миды тыныштандырады. Арманға ғашық болып қайттым, бір сөзбен айтқанда. Ол нағыз талант. Роберт Шуманның «ақын махаббаты» туындысын орындағанда бар ғой, өзімді қалай керемет сезінгенімді сөзбен жеткізе алмаймын. «Жамбыл» филормониясының жұпыны, жадағай, көңілсіз сахнасына көзім қадала қарағанмен, көңіліммен шарықтай Тулузедегі театр сахнасында махаббат биін ырғала билеп кеттім бір сәт… нара на на… нанна… патшалар да жаяу баратын жаққа барып келейін,-деп асығыс көтерілген ол тумбочканың үстіне төсеп қойған газеттің бір бетін далпита ұстап шығып кетті.
-Тез кір де, шықшы, мен барайын деп отыр едім.

Абырой болғанда көп күттірген жоқ. «Мана кешкісін ана өзбектердің самсасын бекер жеппін, бар пәле содан болды» деп дауыстаған күйі ішімді қаусыра ұстап, тапырақтап тұра жүгірдім. Көңілім жайланғанмен, ішімнің ауруы басылар емес. Байыз таппай алақтаған көзіме қақ шекесінен көлденең жыртылған Әуезовтың суреті басылған газет түсті. «Егемен Қазақстан» газеті екен. «… зов әлемі» деген баттиған жазуы бар жарты көлдей мақала. Әуезовтің жарты шекелі суреті менен алысқа қарап міз бақпайды.
«… Кешірші, Мұха...» дедім де бүріп бара жатқан ішімді сығымдай, ұстап әжетхана есігін тарс жауып, кете бардым… Міні саған классиканы сүю..!
Бөлісу:

37 пікір

torgai
Енді… Былай… Қазір ішіңіз қалай?
Aya
сол алаңдата ма сізді?
torgai
Енді Мұхаңды құрбан еткенде, тыйылды ма дегенім ғой
zhanara2013
Қор болған, қайран классика…
asaubota
Багратионұлына жауап па ММ фандарынан?
Aya
Қай жағынан жауап болмақ деп ойлайсыз? Менің жалпы айтпағым басқа зат болған еді. Түсіне алмаған сияқтысыздар деген де, өзім жөнді жеткізе алмаған сияқтымын
neoaskar
Әжептеуір кісіні қор қылғаңа… Әжетхана қағазы жоқ па еді. намыс жоқ екен. тағы кешір деуін. мазасыз
Tyulpan
ой, сіз де бір жөн айтқыш екенсіз өзі жайыңызға жүрмей
Aya
Құрметті қазақтар, бірінші жақтан баяндалса міндетті түрде менің басымнан өткен тағдыр емес, азғын қиял деген бар шығар.
zhanara2013
Соңына P.S. келтіру керек еді…
Tyulpan
Ауа, түсінгендер түсінбегендерге түсіндірсін. а так түсінікті ғой сіз емес екеніңіз
Adiletshu
Ештеңке етпейді. Бәрімізде анда-санда ондай боп тұрады
satibaldi
Үш қайтара оқыдым. Жоқ, өте анық, дәл, бір оқығаннан түсінікті етіп жазылған. Тағы екі рет оқығаным — аффтардың суретші ретінде мұнымен не дегісі келгенін түсінуге тырыстым.

«Көз көрген арыстарыңды қазір көтіміз көрген» дегісі келген бе? Бірақ, қазір ешкімнің аузына қақпақ жоқ, бұйдаламай тура айта салса да болмады ма екен? Жұрт жұрттың көзінше ұйығып та жатыр ғой осы күні. Мұхасы нес епті, мен өткенде пакетке құрал саймандар орап жұмысқа кетіп бара жатқан түрікті көрдім. Отверткасы — пакеттегі Мұстапа Кәмілдің нақ мұрнынан тесіп шығып тұр екен. Күрд шығар шешесс дедім де қойдым.

Хард-әдебиет жанрында қалам тербеу ме? Онда неге тым күрделі?

«Сендер де осындағы сияқты — арыстың бетімен көттеріңді сүртіп жүре беретін анталаған қара тобырсыңдар!» деген мессеж бе? Бірақ ондайымызды осынша меңзеп-ымдап жеткізудің қажеті не, онсыз да сондай тобыр екеніміз рас қой.

Әлде… ом манэ падме хуум — қарабайыр месячный???
Aya
иә, сол, қарабайыр не ғой.
satibaldi
Шұлығымды жемеш.
Aya
«Кем талант — мүмкіндігінше, шын талант — қалағанынша жазады», оған бола шұлықты жегізіп тастайтындай не болды?!
satibaldi
Талантың туралы тіпті әңгіме болған жоқ. Жоқ нәрсе туралы әңгіме қозғап нем бар.
Aya
мен өз мүмкіндігімше жаздым ғой!
satibaldi
мен өз мүмкіндігімше жаздым ғой!
Біреудің мүмкіндігінше жазсаң масқара болар еді де.
Шығармашылық әлеуетін емес, фабуласын әңгімелеп жатырмыз. Талант деген сөзге құмартпа, ол 19 ғасырдан кейін ешкімде жоқ.
Aya
қоламтаға су құйып өшіріп тастай беру керек пе.
satibaldi
Қоламта деген не? Көп сөздер сияқты, буынға бөліп көрсең де ыңғайсыз екен.
satibaldi
далпита ұстап шығып кетті
Давид Мүсірепов, 2025 жыл:
«Көзге қораш сөздер де бар. Әсіресе „далпита“ дегені сондай қарабайыр да жадағай, тұрмысы тіршіліктен саптала салған сөз сиқяты көрінді маған. Аяның ертеректегі жазбалары сымбаттытын...»
Aya
ай Дивекең де көңілденіп кеткен кезде