Империалистік пиғыл

Жақында құрбыммен пәтер іздедік, жалға алайық деп. Таңдау көп емес, Өскеменде пәтерлеп қымбат (2 бөлмелілері 55 мың тг-ден басталады), жағдайы да құнына сай емес болып келеді жиі… Бірақ сұрағым басқа жайлы: сайттардың көбінде «сдам квартиру европейской молодой семье или лицам европейской национальности» деп тұрады. «Европеецтері» сол баяғы "қазақ емес" дегендері ғо! Бұны ұлтшылдық деп атау керек пе? Еліміз барлық азаматтарына тең қарағанымен, азаматтары бір-біріне тең қарамайды-ау…
Әрі қарай

Chance күнделігі: Бейімделу

2012 жылы 30 қазан күні «Chance» автомобилін салоннан алып шықтым  Жолда «теряться» етіп, әрең келетін шығармын деп ойлағанмын. Бірақ, үлкен жолға шыққаннан кейін 2-3 минуттан кейін қорықпай айдап кеттім. Одан кейінгі бірнеше күн уақыт бейімделуге, номер алып, көлікті тіркеуге, салық төлеуге, сақтандыруға кетті.
Әрі қарай

Танылмаған бар әлемде

90-шы жылдардың бір күнінде ауылдас адам өз үйіне бес-алты жас шамасындағы баласын фотосуретке түсіруге ұсыныс жасады. Келісімімді бердім. Ертеңінде таңғы он шамасында фотосуретке барып түсіретін болып келістік.
Баланы фотосуретке түсіріп алдым, үйге келдім, фотолабораториямды жайғастырдым, фотореактивтерді жаңадан суға ерітіп ертіндісін жасадым. Фотосуреттерді басып отырмын.
Барлық фотосуреттер сапалы шыққан секілді, кезек тапсырыс бойынша түсірілген баланың фотосуретін басып шығаруға келді. Өкінішті, кадр бүлініп қалыпты, неге екені белгісіз бүкіл кадр үстінен жоғарыдан төмен сұр жолақ бәтіңкенің бауы секілді салбырап тұр, әйтпегенде бәрі жақсы, бала суреті жақсы шығыпты тек сұр жолақты ескермесе.
Тапсырысты апару керек, ішімнен ұялып барам, барлық фотосурет шыққанда әдейлеп түсірілген бала фотосуреті шықпай қалды, қайдан келді екен сұр жолақ? Фотопленка бракгы (сапасыз) шығар, басқа ешнарсе деп түсіндіре алмаймын. Әкелген фотосуреті ата –анасына көрсеттім. Міне реакция, күтпедім. Олар қуана –қуана фотосуретті алды, қайтадан фотосуретке түсіруінде өтінген жоқ. Бұл баланың осы уақытқа дейінгі бірінші фотосуреті екенін айтып рахметтерін жаудырды. Балаларының сырын айтып берді. Туа салысымен қаншама рет фотосуретке түсіруге тырысыпты, бірде фотоаппарат сынат, екіншіде басылған фотосуретте бала бетін корсетпейтін сұр дақ пайда болады екен. Тіпті қаладағы фотосалондарға апарып көріпті. Бірақ баланың кішкене болсада сапалы фотосуретін ала алмапты. Фотосуретке түспейтін адамдар болады екен ау. Бар екен әлемде танылмаған әліде.
Әрі қарай

Мейірімділік оқиғалары

… Байғұс сәби тағы да ауруханада.
Ініме мен күн сайын келіп тұрам. Пряник, кәмпит әкеп берем. Мұнда оны келісімен моншаға салған, шашын алған. Тап-таза іш киім, халат берген. Күйген қолын добалдай етіп таңып, ақ жаймалы, сеткалы темір кереуетке жатқызып қойған. Мен алғаш келгенде өз інімді өзім танымай қала жаздадым. Түрінен кісі шошығандай бұрынғы Тұрдыбек емес, екі көзі қарақаттай, сүп-сүйкімді біреу. Мені көріп, әдемі жымиып кү­леді. Інім екенін сонда ғана таныдым.
Адамды адам ететін де, хайуан ететін де тұрмыс екен, мен соны білдім.
Бір күні сабақ, соңынан Тұрдыбекке тағы да келген­ едім. Төсегінің қасында отырмын. Тұрдыбек сау қолымен жастығының астын сипалап, бірдеңе іздей бастады.­ Сөйтсем, үш тал домалақ кәмпит екен.
Әрі қарай

Туған күніңмен, Димаш!

Бүгін Димаштың туған күні. Туған күніңмен, Димеке! Әр ісіңе, бар ісіңе береке, байлық, барлық, жеміс, жеңіс тілейміз! Айтпақшы, ҚалмақНЕТ-тен келіп қалып танымайтындар болса, ол туралы аз-кем ақпарат. Ол өзі мынандай жігіт.

Алысқа көз тастайды
Әрі қарай

Біртүрлі мамандықтар...

Мүмкін, көкекский прикол шығар, бірақ, бөлісуді дұрыс көрдім.
Арамызда өзінің мамандығын сүйетіндер де, жақтырмайтындар да бар. Дегенмен төмендегі мамандықты жақсы көретіндер де бар шығар. Сонымен…
Әрі қарай

Махаббат күні жайлы

Тәәәәк. Негізі өзім махаббат тақырыбын көп көтеретін азаматтардың бірімін(пазор=). Менің есімім Бақдаулет. Мен sen-ushin.kz сайтының ұйымдастырушысымын (қысқасы админмін). Бұл менің осы сайттағы бірінші жазбам. Жазба 14 ақпан жайлы.
Бір жыл бұрын осы 14 ақпан «мейрам ғой» деп сайтымдағы оқырмандарға сыйлық жасап немесе жай құттықтап құтылатынмын))
Бірақ сол күні сайтыма боқтау сөздер естідім. «Неге бұл мейрам тойлануы керек?? Біз неге шет елдің мейрамын тойлауымыз керек??» — деп кей оқырмандар қатты «ренжіді». Бірақ, неге біз махаббатын көрсету үшін тағы бір себеп табылғанына қуанбай, осындай әңгімені қозғаймыз??
Бұл мейрам туралы сіздердің ойыңыз…
Әрі қарай

Омарбырат, туылған күніңмен!

Ал, құрметті керекшілер. Бүгін omarbirat -тың туылған күні екен. Құтты болсын!


Омарбырат, сені туылған күніңмен құттықтаймын! Еңбегіңнің жемісін көріп, еліңнің құрметті азаматы бол. Жүгермектерің жарыстардан жеңімпаз бола берсін.
Әрі қарай

MiniBlogCamp-2

Осы сенбі күні, 28.01.2012, кездесетінімізді жариялаймын.
Кездесетін орын: Астана қ., «Керуен» СО, 3 қабат.
Уақыт: 15.00
Әрі қарай