Chance күнделігі: Бейімделу

2012 жылы 30 қазан күні «Chance» автомобилін салоннан алып шықтым  Жолда «теряться» етіп, әрең келетін шығармын деп ойлағанмын. Бірақ, үлкен жолға шыққаннан кейін 2-3 минуттан кейін қорықпай айдап кеттім. Одан кейінгі бірнеше күн уақыт бейімделуге, номер алып, көлікті тіркеуге, салық төлеуге, сақтандыруға кетті.

Жолполға сапар
Көлік келгеннен кейін, оны жол полициясына тіркету туралы ақпарат іздей бастадым (қалай, қанша дегендей). Көліктің жағдайын жақсы білетін, жалпы менің автомобиль жөніндегі кеңесшім Ербол Азанбекпен хабарласқам, ол бірден: «Ешқайда барма, өзім алып барамын сені» дейді. «Жақсы» деп қуанып кеттім. Содан жұма күні екеуміз тартып кеттік (екі машинамен). Жолшыбай Ерболдың машинасына ілесе алмай 1-2 рет адасып кеттім. Әйтеуір «Меркур» орталығындағы басқармаға жетіп, құжаттар рәсімдедік. 9 мың теңгедей ақша мен 3 сағаттай уақыт кетті.

Зауыт брактары
Машинаны автосалоннан түнде қабылдап едім. Сондықтан 1-2 ақауына мән бермеппін:

1. Салонның артындағы диванның бір жағы астынан дұрыс бекітілмепті. Орындықтың астында ілмек бар, бірақ сол ілмек кіріп тұруы тиіс саңылауға салғанда ілінбейді.


2. Артқы фарлары екі түрлі.

Шұңқырларға тиіспеңдер, бәрі менікі!
Бұрынғы ескі машинада салдырлап жүре беретін әдетім әлі қалмаған ба, әйтеуір жолдың шұңқырларын байқамай қала беремін. Осы көліктің рөліне отырғанымда шұңқыршыл болып кеттім. Азайту жолында жұмыс істеп келемін. Нәтиже бар сияқты. Бірақ бір оқиға кәдімгідей ішкі жан-дүниемді ашытып жіберді. Інім Құрманғазы көшесінің бойындағы жатақханада тұрады. Соны апарып тастайын деп Құрманғазыға бұрылғам. Жолдары жазғы жөндеуден кейін әлі қалыпқа келмепті: топырақ жол, үйілген тас-топырақтар. Очм, құрылыс алаңы секілді. Інім айтып қояды: "Қойна, машиналар өтіп жүр. Бір жақ шетімен жүрсең шығып кетесің". Бекер тыңдаппын. Астын оңдырмай ұрдым. Звондап інімді бір боқтап алдым. Әйтеуір, ештеңе сынбаған сияқты.

Ми ашыту
Жаңа көлік алсаңыз (әсіресе, Шансты) мынаған дайын болыңыз: кез-келген жерде (үй, паркова, ГАИ, жұмыс, бағдаршам) аялдай қалсаңыз, қасыңызға біреу келіп: Бұл не машина? Объемі қандай? Еще автомат па? Қанша тұрады? Кредитке алдың ба? Айына қанша төлейсің? деген сұрақтардан бастап, жеке басқа қатысты сұрақтар қарша борайды. Тіпті, капотын ашқызып, мотордың әлі жылтырап тұрғанына таңдайын қағып тұратындары кездеседі. Бірінші аптаның есебі мен оқиғалары осы  

P.S. Айтпақшы, техникалық сипаттамасында 100 шақырымға 8 литр "ішеді" делінген. Бірақ 8 литрім әзірге 60 шақырымға ғана жетіп тұр
Бөлісу:

44 пікір

a63a1
әлгі брактарды апарып қайта ауыстырып алуға болмаспа екен?
a63a1
уақытың болса капотының астын фотоға түсірсиш қызықтайықта))
patick
ок, келесі жолы салайын
a63a1
Көп жүргізушілердің әдетіғой әкесс...))) Білсін білмесін, капот ашуға жаны құмартып тұрады)
patick
ия, мен де оларға түсіністікпен қараймын, бірақ шаршатқаны болмаса
omarbirat
2. Артқы фарлары екі түрлі.
Өзінің дизайны сондай шығар. Менің мәшинемде де артқа жүргенде жанатын фары біреу ғана. Екіншісі — қызыл түсті (оның противотуманник екенін былтыр ғана білдім )
omarbirat
Артқы фардың біреу болғанының бір жаман жері — жарықтың жетіспеуінен айналардан арт жақ онша көрінбейді. Түнде артқа жүргенде аварийканы қосу арқылы жағдайды сәл де болса жақсартуға болады
patick
Солай сияқты, жаңа мына суреттен де байқадым:
Aldeken
Уа, Патик, бауырым, көлік құтты болсын! Көлігің тозса да, өзің тозба! Жалпы алғанда шұңқырдың бәріне «сәлем беру» деген жаңа машина алған кездегі психологиялық жағдай ғой, жаңа шалбар алған кезде «тізесі шығып кетпесін» деп жүремізден отырмауға тырысатын, «шаң жұқпасын деп» анау-мынау жерлерге тізе бүкпей қақайып тұратынымыз сияқты… )))))))))
Aigolek
2012 жылы 30 қараша күні «Chance» автомобилін салоннан алып шықтым

УАКЫТ МАШНЕСИН КАШАН ЖАСАП АЛГАНСЫН?
omarbirat
Машинаны автосалоннан түнде қабылдап едім. Сондықтан 1-2 ақауына мән бермеппін:
Мәшинені саған түнде тапсыруында да бір гәп болған шығар
patick
Айтқан сылтаулары: Сағат кешкі 7-де кел, үлгермей жатырмыз
patick
Ең басты қорқыныш, қараңғыда Сүйінбайдың бойына 1 миллион 700 мың теңгемен баруым болды
omarbirat
Қорқынышты. Қалтаңда ақша емес, бомба бар сияқты сезімде боласың
omarbirat
Ал  Құттықтауларға мен де қосылам
a63a1
мен машина сату әурешілігімен жүрмін, ептілер көрінген жеріне тиісіп баға сындырғысы келед, көрінген ұсақ түйекті тауып алып. Басында ақталатынмын, кейінгі кезде лібә алсаң ал, алмасаң қойым деп қана тұра берем.

Шақырған жерге барамынғой машина көрсетуге. Сонда не іздеп жүргенін өзі білмейтін бір дауылбай шақырды, Қиалоқ былай басталды:
— Май жимә?
— жоғи жемид (май ауыстыру кітапшасын алып шығып корсетіп жатырмын)
— соғылғанба?
— Соғылмаған (айнала көрсетіп шықтым)
— әәәә. дабай хабарласамын — дедіде кетіп қалды
мен болсам телефонмен сөйлесу үшін артқа бердімде паркопкаға тұра салып арада 5 минуттай өтпей жатып, бір болтын ағытып тастасаң шашылып қалайын деп тұрған опель кадет келіп тұр, шамамен 80 жылғы бағасы да 1000-2000 доллыр шамасында. Кәдімгідей асты-үстіне түсіп қарап жатты.
Осындайлар маза бермей қойды, бекерден бекер қызық үшін шақыратындарда жетіп артылады
patick
шақырғандарға бармаймын
Armanjan
Беееу, құтты босын көлігің! Бұйыртып мінгізсін!
Armanjan
«В» деген серия қай өңірдікі еді, Алматыныкі «А» емеспеді осы?
Aikona
Машина құтты болсын! астыңнан тозсын!
Armanjan
астыңнан тозсын!
өткенде үйленген досымызға бәріміз жамырасып осылай тілек айтып кеткеніміз бартын / былай да, былай да келе беретін тілек екен ә/
Aikona
кетші қумай  ол тілек көлікке қана қатысты айтылады (осы керекке айтылуға болмайтын сөздерді жазып қоймасам)
VKM
құтты болсын.Өзің теуіп,өзің сатып жібер)))
ruben
Құтты қылсын! Кісінетіп мінгейсің
Nurgisa
Базар жоқ, Ернар! Жақсы жағдайларға көбірек қызмет қылсын, нәсіп қылса.
— Негізі қатты кейінге қалдырмай, анау ақауларды жөндеткізіп ал: түсінуімше, тегін істеп берулері керек сияқты.
— Қысқы балонды да осы бастан қарстыра бересің-ау?
— Тығында көбірек жей ме деп қалдым. Трассада номиналды көрсеткіштен аспаса керек.
a63a1
Әбілдің мишубишиін альфа рамеоға айырбастап алғанын айта кеткен жөн. ))))
patick
Мә, оны естімеппіз
Aldeken
Айтпақшы, техникалық сипаттамасында 100 шақырымға 8 литр "ішеді" делінген. Бірақ 8 литрім әзірге 60 шақырымға ғана жетіп тұр
Не ғо, жалпы алғанда, бастапқы уақытта, жаңа көліктің «обкатка» дегендей бәлесі болады, екіншіден, сенің жүргізу мәнерің мен көліктің жүру мүмкіндіктері бір-бірімен үйлескенше осылай болатын болуы керек. оған бола көңіліңді түсірудің қажеті жоқ секілді. Ал, жалпы көліктің жанармай шығынын есептеудің ең тиімді жолы, полный бак жанармай құйып, 100 км жүргеннен кейін, тағы полный заправка жасасаң, салыстырмалы түрде шындыққа жанасарлықтай жанармай шығының белгілі болады. Сосын, біздегі жанармай құю стансаларының да, жанармайды көрсетілген мөлшерден құюға талпыныс тенденциясын ескерген дұрыс секілді…
omarbirat

Қазір менде де орташа жанармай тұтынуы 11,4 л болып тұр (мотордың көлемі — 1,6). Бірақ көлік жүргізу мәнерім оңып тұрған жоқ.

MickThatsMyNick

Көлік құтты болсын, өзіңе ұнаса болды, тақа болмаса құтыл жынданып кетпей тұрғанда. Жаңа көлік алған соң ешқандай ақау болмауы тиіс деп ойлаймын, өйткені сен сол үшін ақша төлеп жатсың.

Aigolek

салапандарын али шешкен жок шыгарсынСмеюсь

serjan
Мені бағасы қызықтырып тұрғаны.
edige
Пікір жазу
patick
Ең басты қорқыныш, қараңғыда Сүйінбайдың бойына 1 миллион 700 мың теңгемен баруым болды
patick
Автоәуесқойлар клубында қадамдап жазып келе жатырмын осы машина туралы. Бәрі жазылған.
MamaAya
мықты-мықты, шұңқыр теру менің де қаныма сіңген әдет… Үлкендер отырса «Бісміллә-бісміллә»-дей береді, а күйеуім отырса теряться етем бееее, мандраж боп шұңқырлар теп-тегіс боп көрініп қала берет, а өзім ғана балаларыммен болсам, өте грамотно жүргізем-ау дейм…
patick
5 жыл толды. Бүгін ішем :)