Танылмаған бар әлемде

90-шы жылдардың бір күнінде ауылдас адам өз үйіне бес-алты жас шамасындағы баласын фотосуретке түсіруге ұсыныс жасады. Келісімімді бердім. Ертеңінде таңғы он шамасында фотосуретке барып түсіретін болып келістік.
Баланы фотосуретке түсіріп алдым, үйге келдім, фотолабораториямды жайғастырдым, фотореактивтерді жаңадан суға ерітіп ертіндісін жасадым. Фотосуреттерді басып отырмын.
Барлық фотосуреттер сапалы шыққан секілді, кезек тапсырыс бойынша түсірілген баланың фотосуретін басып шығаруға келді. Өкінішті, кадр бүлініп қалыпты, неге екені белгісіз бүкіл кадр үстінен жоғарыдан төмен сұр жолақ бәтіңкенің бауы секілді салбырап тұр, әйтпегенде бәрі жақсы, бала суреті жақсы шығыпты тек сұр жолақты ескермесе.
Тапсырысты апару керек, ішімнен ұялып барам, барлық фотосурет шыққанда әдейлеп түсірілген бала фотосуреті шықпай қалды, қайдан келді екен сұр жолақ? Фотопленка бракгы (сапасыз) шығар, басқа ешнарсе деп түсіндіре алмаймын. Әкелген фотосуреті ата –анасына көрсеттім. Міне реакция, күтпедім. Олар қуана –қуана фотосуретті алды, қайтадан фотосуретке түсіруінде өтінген жоқ. Бұл баланың осы уақытқа дейінгі бірінші фотосуреті екенін айтып рахметтерін жаудырды. Балаларының сырын айтып берді. Туа салысымен қаншама рет фотосуретке түсіруге тырысыпты, бірде фотоаппарат сынат, екіншіде басылған фотосуретте бала бетін корсетпейтін сұр дақ пайда болады екен. Тіпті қаладағы фотосалондарға апарып көріпті. Бірақ баланың кішкене болсада сапалы фотосуретін ала алмапты. Фотосуретке түспейтін адамдар болады екен ау. Бар екен әлемде танылмаған әліде.
Бөлісу:

44 пікір

AyaulymToleubek
ияяя қызық оқиға екен… сонымен бұл жолақтарды қалай түсіндіруге болар екен?! Бір емес үнемі солай бола беретін болса, әруақ ұғымын қолдануға болар ма екен? әлде иесі бар деп жатады ғой.
bake
жуық араға дейін өзім де стандарты емес адамдар қатарына жатқанмын)) бал ашылмайтын, мешітке бар деп бірнешеуі кеңес берді, бардым, сосын бал ашылды. Мда деп қоясың… Осыдан кейін сенбей көр
AyaulymToleubek
ияяя негізі тылсым дүниелерге сену керек сиякты )
meirzhan
Бұның сыры автордың қорқынышты әңгімелерді айтып, бізді өзінше қорқытпақшы.
AyaulymToleubek
қорқыту несінен қорқасыз?
meirzhan
сондай адамдар болады өзі, кішкентай кезінен балаларжы жиын ап, кешке қорқынышты әңгімелер айтатын. Автор солардың бірі ме дейм. Іштей рахаттанады бұлар.
bake
Былай болған дейсің ғой «Тойға әке-шешелері қу бастарын ғана алып келмей балаларын еріте алып келеді. Той аяқталады. Үй иесі ұсақ балаларды «бір бөлмеге қондырайық» деп босатып береді. Барлығын жатқызып бөлменің шамын сөндіріп қояды. Түн орта шамасында бір бала жылап шығады „қорқамын“ деп ата-анасының қойына барып жататады. Бір-екі минут өткеннен кейін екінші жылап бала шығады. Түбінде ең үлкені соңғы болып жылап шығады. Сұрастырсақ ең үлкені барлық кішкентайларды қорқынышты әңгіме айтып, олар қрыққаннан бөлмеден қорқып шыққан көрінеді. Жалғыз қалғаннан кейін өзінің әңгімелерінен өзі қорқып жылап шыққан екен))»
AyaulymToleubek
ммм, сизде солай ма деп ойласа керек, менде де сондай ой туындап )))
GUL78
 молодец!!! нагыз батыр десе…
AyaulymToleubek
қорқытпақшы дегенмен келіспеймін, себебі сенбеймін деген адам Құдайға да сенбейді ғой. Тек куәгерлер болмаған оқиға болғасын аздап сенінкіремеуге де болады, күмән да тудырады дегенім ғой )
gauxar9595
бал ашканы нес
bake
оны дұрыс айтасың, әңгіме бал ашқаннан емес емшіге емделуге барғанда шыққан бәрін емдеуге қабылдаса мені қабылдамады
gauxar9595
неге кабылдамады?
bake
ешнәрсеге сенбеймін екен)) адамда ең бірінші сенім болуы керек)) Ғажап дүние қай жерде болады? Әрине ғажапқа сенген жерде
gauxar9595
гажап дуние гайыптан болады…
VKM
Ренжімесеңіздер, сенбеймін))))
meirzhan
Егер сен сенбесең, бізге сеніп не жорық?
VKM
мен не қорқуым керек адам сияқтымын ба?)
meirzhan
Мен солай ойлағам. «туй, мен қорқам!» деп.
ken
автордың алдыңғы жазбаларын оқып-ақ біле берсейші, не жазып отырғанын)))
bake
жазбаларым туралы хабардар болғаның қуантады, бірақ бәрі қиял, фэнтэзи емес. Алдыңғысына қарап жалғасы солай деп те болжауға болады, бірақ дәл мына жазбада емес. Сену сенбеу әркімнің ісі
mercedes
Бұны қалай дәлелдейсің бізге Бәке?
bake
Дәлелдей алмаймын, ауылға жаңа көшіп келіп бір-екі жыл тұрып көшіп кеткен. Ондай сыр жайылмайды ғой, кім баласына әркімнің сұқ саусағымен көрсетіп "әне келе жатыр" деп айтқызғысы келеді. Өзім әңгіме жазып біреуге зиян келтірем бе деп қорқам. Келтіре жаздадым да, ең бірінші өзіме сосын… түні-күні сайтты күзететін әкімшілеріне алғыс
AyaulymToleubek
дәлелдей алмайтыныныз өкінішті (
Devlet
Ия бұл жағдай қызық екен.
Adiletshu
Бал аштыру Аллаға серік қосу. Яғни ең үлкен күнә
Gastarbaiter
Мұсылман өздернің құдайларын наге іші тар, қызғаншақ, эгоист, догмат диктатор етіп суреттейді екен?
, Аса мейірімді Алла бал аштырғанның бәрін тозаққа жіберсе қиын екен.
Менің құдайым бал аштырған ақкөңіл байғұстарға жымия қарайды. Солай екеніне сенем неге екенін.
bake
Осы мәселенің басқа жағы бар, егер намаз уақыттары арасында күнә істесе екінші намаз уақытына дейін кешірілет дейтіндерін естігем. Менімше қанша намаз оқы күнәһәр болсаң сондай болып қала бересің
bake
Телевизордан бір хабарында имам «бал аштырған бес күн оқыған намазы саналмайт» дегенін естіп қалғанмын. Күнәнің бағасы бар ау деймін…
GulL
Серік қосу деп жатады сонда емшілер, мысалы әруақты аталардың ұрпақтарына да сенуге болмайды ма? Оларда ең алдымен емдерін Алланың атын аузына алып бастайды ғой. (Шын емшілер жөнінде айтып отырмын)
Adiletshu
Серік қосу деп жатады сонда емшілер, мысалы әруақты аталардың ұрпақтарына да сенуге болмайды ма?
Сұрағыңызды түсінбедім
GulL
әруақты аталарға да сыйынуға болмайды ма дегенім, Мысалы я Бекет ата өзін қолда деп жатамыз сонда сол дұрыс емес пе?
Adiletshu
Әлбетте, дұрыс емес. Бекет ата емес пайғамбарлардың өздерінен де сұрауға болмайды.
Gastarbaiter
Видеоға түсе ме екен жарықтық, әлде дауысы да жазылмайтын хуйбыжық па?
bake
Видеоға түсетін шығар, фотопленкаға түспейді. Чернобыльде атом станциясы жарылғанда пленкаға түсіретін камералар әлі қолданыста болыпты, пленкадағы суретті шығарса бәрі қарайып кетіпті (радияция сәулесі жарық сәулесіндей камера корпусынан өткен). Видеокамера іздеп тауып алғанша Чернобыль атом станциясын телевизордан көре алмадық. Радиациядан кейін мутацияға ұшыраған «хуйбыжық» сонда табуға болатын шығар. Егер шынымен айтсақ мутация сәлдері кішкене кезімде көргем (Семей полигоны), мутант балалар дүние салып біткен көрінеді. Дүниеге келіп тірі қалмағандарын ШҚО сот сараптау бюросының патологоанатомның бөлмесінде спиртке қатырып қойған жерінен көрдім. Басқа бермесін. УДЗ (орысша УЗИ) апараты келмей тұрғанда не болғанын елестеткім келмейді…
Gastarbaiter
Сірә нәзік құрылымды жансыз-ау)
torgai
Шынымен рас болса номеріңізді беріңізші. Өзіңізбен тілдесу керек.
salamat
сол баланы тағы да фотоға түсіріп көріңіз немесе хабарласып біліңіз жағдайын.
бұрынғы жағдай қайталанса ол адамның бойында беймәлім тылсым күш бар деуге болады. қасындағыларға әсері болуы ықтимал.
шалғайдағылар қорықпауға болады.
bake
Ауылдан 1997-2000 жыл арасында ауылдан көшіп кеткен көрінеді. 1994 жылы ауылдан қалаға кеткенмін. Kodek, Agfa фотозертханалары ашылған соң (фотосурет алуға қатысты өңдеу технологиясынан құтылған соң) қайтадан фотоапаратты қолыма алып анда-санда фотосуретке тусіруге ауылға баратынмын. Мен білетін олармен араласқан адамдар немесе туыстары жоқ. Тек күйеуінің полиция офицері аға лейтенат болғаны есімде.
salamat
бұл жұмбақ жағдайдың сыры ашылмай қалатын болды ғой