Жеті Атаға дейін үйленбеу сыры

Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? Осы жайында оқыған бір аңыз әңгімені ұсынбақпын.
15-ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты.
Әрі қарай

Жылы едендер немесе үй жылытудың мына түрін білесіз бе?

Қыс кезінде үйді жылтудың өзі бір мәселе, әсіресе кең бөлмелер, қонақ бөлме жылымайды,
болашақты 2 — 3 қабатты катедж салып жатсаңыз, бөлмелері кең болса кәдімгі радиатормен жылынуы мүмкін емес.
ондай үйлерді жылытудың ең тамаша жолы жылы еден салу, студент кезімде осы жұмыспен айналысып нан шайымды
айыратынмын. мен үйлеріне жылы еден салған атақты адамдардың ішінде Тоқтар Серік пен «Түркістан» газетінің бас редакторы
Шамшиддин Паттийев бар.
Аршаттың өтінішімен қысқаша түсіндіріп көрейін.
Жылы еденнің өзінің арнайы плассмасса түтігі болады (шланкы дей берейінші) суретте көргеніңздегідей, ол шыланкылар белгілі бір ұзындықта кесіліп дайындалады. стандарт 75 М сосын суреттегідей жерге айналдырып жатқызып шығады, жерге жатқызудың әртүрлі әдістері бар, полға цемент шеге қағу, астына тор тастау. айта кететін жай пол стиашкамен (дұрыс жаздым ба) құйылған болу керек және оның үстіне жылуды, суықты өткізбейтін арнаулы қаптама жайылады.
Ал енді жаңағы 75 м шланкыны жатқызып болған соң келесі 75 м жатқызамыз. осылайша үйді толық қамытығанша жалғастырамыз. енді шланкының екі ұшын жылы еденге арналған радиаторға жалғаймыз. суреттегідей. ал радиатордан шыққан екі үлкен түтік пешке жалғанады. үлкен катедждерге арнаулы пешін істеткен дұрыс, ал жер үйлерге кәдімгі парвой пештер бола береді, тек судың айналымын тездету үшін насос орнату керек. бұл кореадан шыққан техника, кореский филмдерден олардың көбінде жерге отыратынын, жерге жататынын көрген боларсыз. қысқаша осылай сұрақтарыңыз болса қойыңыздар.

Шланкы астына төселетін теплонг

Шланкының ұшы жалғанатын радиатор
Әрі қарай

Блогкэмп-2011: Аласұрған сезімдер

Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым.
Әрі қарай

Ораздың Аршаты отызда!


Киелі өңір Ойылдың бір бөлшегі Жекендінің бір ерекше туған ұлы Аршат ордабұзар отыз жасқа келді бүгін. Аршаттың жеткен белесіне, жетістігіне разымыз. Әлі болашағы алда! Бағындырар белестері мол болатынына толық сенімдіміз! Жұлдызың жарқырап жана берсін Аршат! Туған жеріңнің тілегі деп қабыл аларсын, тілекшіміз әрқашан!
Әрі қарай

Қазақтың асауботасы - админ жасы отызда!

Блог - Nurgisa: Қазақтың асауботасы - админ жасы отызда!
Біз алғыс жолдаймыз. Өміріңдегі төртінші декадаңның шымылдығын ашпақсың. Былайынша, есі түзулер үш онжылдықта жаманды-жақсылы жасап үлгергенін бір бағамдайды десек, сенің еңсерген асау асуларың бұл тұрғыда жеке өз басыңды сүйсінтетін шығар деп сенем. Бұқара көптің игілігі үшін жасап жатқан мәртебелі жобаларың әмәнда өміршең болсын. Бала-шағаңның қызығына кенеліңдер жеңгей екеуің. Біз сені шексіз сүйеміз! Суреттегідей қашанда еліңе қалтқысыз қызмет ете бер, құрдас!

Құттықтау мәтінін үзеңгілестер сабақтай түсер.
Әрі қарай

Көңілім қалды

«Жұлдыздарға ғашық болу» ауруына бұрын — сонды шалдықпаған едім. Қазір де, дәл солай. Бірақ, мен оның әндерін алғаш естігенде, әнші ретінде мойындадым (өзім үшін, әрине, халық оны баяғыда-ақ мойындап қойған). Қазақ халқына тән қоңыр дауысы, әдемі үні мені баурап алды. Ер жігітке тән сұлулық пен үйлесімділік бар бойынан табылатын сол адам — мен үшін өмірдегі теңдесіз жан. Зұлымдық пен ашкөзділік, хайуандық пен арамдық, сайқалдық пен арамдық басым түскен қазіргі қоғамда мен сол адамды адамгершіліктің символы деп бағаладым. Осы өмірде бір сәттік қызығушылықтар мен атақ үшін, өзінің қара басы үшін ар, намыс, ұят, адамгершілік, тазалық, имандылық, қарапайымдылық деген ұлы сезімдерді құрбан еткен кейбір(көпке топырақ шашпай-ақ қояйын) «жұлдыздар» тізіміне кірмеген «алтын адам». Оның ән айтпай-ақ күлгенінің өзі неге тұрады?! Сүп-сүйкімді бет-бейнесі… Көз-қарасы… Құдды бір періште дерсін…
Блог - abilbekova_inabat: Көңілім қалды
Фейзбуктен сүйікті әншімнің Қарағанды қаласына келіп, концерт қоятынын оқыдым. Көшеде жарқағаздар(афиша) ілініп тұрмағандықтан, мүмкін жалған ақпарат шығар деген ойлар маза бермеді. Ең алдыммен, ойымда оның рас-өтірігін білу болды. Шынымен де, солай екен. Енді есіл-дертім алғашқы орындардың бірінен концерті билет алу еді. Өзім де ойыма келгенді істемей қоймайтын адаммын, ақыры сабақтан шыққан соң, құрбымды ертіп алып, Кеншілер сарайының кассасына барып, билет алдым. Билет алған алғашқы адамдардың бірімін десем, мақтанғандық емес шығыр. Бұл — өнерге, өнер адамына деген құрмет, махаббат…
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Төреғали Төреәлі сахнаға шыққанда, әкем келгендей қуандым ғой. Жүрегім нұрлы қуанышқа бөленіп, бақыттан басым айналды десем артық болмас еді. Видеоға, фотоға түсіріп, фейзбуктегі достарыммен бөлістім, қуанышыммен ортақтастым. Кенет, техникалық ақауларға байланысты микрафон істен шықты. Періште деп жүрген адамымнан естіген сөзім: «Шіріктер, шіріттіңдер ғой! Лақтырып жіберейін бе?!». Техниканың аты — техника. Бұл өмірден жұмыр басты пенделердің өзі кетіп жатқанда, микрафонның істемей қалуы заңды дүние емес пе? Оны лақтырып немесе микрафонға жауапты адамдарды «шірік» қылып не таппақшы? Дүйім жұрттың алдында бұлай сөйлегені былай тұрсын, фотоға түсуге барғанда бәлісінгені-ай! Фотоға түскісі келмесе, мәдениетті түрде жеткізуге болар еді, міндетті түрде айқайлап, артымызға адам салып, есіктен итеріп қуып шықпай.
Қас-қағым сәт деген осы шығар… Қаншама жыл нағыз қарапайым, адамгершілігі мол деп жүрген адамнан көңілім қалды. Концерттен кейін көп ойландым. Атақ адамды осыншама өзгертеді ме, әлде халықтың іші-бауырына кіргенше, бетперде киіп жүре ме? Қызық, мен «жұлдыз» болсам, қайтер едім?

"Алтын" ине

Алтын ине салу тәсілдерін өзара салыстыру.

Оcылай екен...: Алтын ине
Елімізде тәуіпшілік пен сынықшылықтан басқа назар аударуға тұрарлық бейдәстүрлі қандай да бір ем түрі болса, ол — Шығыстың инемен емдеу тәсілі. Кейбір науқастарға дәстүрлі медицина алтын ине салдыруға арнайы нұсқау береді. Ал кейбір дәрігерлер оны өзіне қосымша кәсіп етіп алған.
Әрі қарай

Сенна туралы

Блог - Nodar: Сенна туралы
Картинг «карт» деп аталатын болидтың шағын және қарапайым түрімен арнайы картодромда жарысуды айтамыз. Алматының сыртында, қай жерінде екенін нақты білмеймін, картингтен ұялмайтыңдай дәрежеде сайыстар өткізуге болатын картодром бар деп естідім, бірақ көрген емеспін.
Ал оны көруге мүмкіндігі жоқтарға картингпен «Метро» ойын-сауық кешенінде немесе Қиял-ғажайып бағында танысуға болады. Бағасы 1200 теңгеден жоғары. Алайда жеңілдіктер кезеңіне тап болсаңыз 400-600 теңге аралығында 4 минуттық тамаша әсер алуға болады.
«Формула 1-ге» деген қызығушылығым осы картингтен кейін басталды. Жас кезімде әкемнің осы спортты теледидардан қарап отырғанында «Не деген мағынасыз әрі қызықсыз дүниені көріп отыр» деп ойлайтынмын.
Блог - Nodar: Сенна туралы
Бір күні АйЭмДиБидің сайтын шарлап отырып, деректі фильмдердің үздігінде «Senna» деген атауға көзім түсті. Биографияға негізделгені анық, рейтингісі өте жоғары, алайда естімеген есім… Қысқаша синопсисы Формула 1 жүргізушісі жайлы екенінен хабар бергесін, қарағым келмей кеткені рас. Алайда, қызығушылық жеңді де…
Осылайша Айртон Сеннаның тұлғасы мен спорттық карьерасының фанатына айналдым.
Айртон Сенна 33 жасында өмірден өтті. Жүрегі таза, бар өмірін, өзін түгелімен Формула 1-ге арнаған, оны шын сүйген «Сыйқыршы» (әріптестері мен фанаттары берген атауы)
Әрі қарай

Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі

Қазіргі қазақ эстрадасында жүрген кейбір жас әншілердің орындап жүрген әндері Сіздің көңіліңізден шыға ма? Жеке өз басым төрімізде тұратын теледидар мен радиода жиі айтылып жататын кейбір қазақша әндерді тыңдай алмаймын, тіпті басын естіп, аяғына дейін тыңдауға жүйкем жұқарып кетеді. Осы орайда «Не себепті?» деген сұрақ туындайтын шығар. Түсіндіріп көрейін…

Біріншіден, басқа тақырып құрып қалғандай, махаббаттан басқа тақырыптағы әнді сирек естиміз. Басқа тақырыпта ән айтқанның өзінде әуені ойдан шықса, сөзі көңілден шықпай жатады. Екіншіден, сөздері мұңлы әнді тым ырғақты, көңілді әуенмен айтады. Үшіншіден, ән мәтініндегі сөздер құр ұйқасқа құрылған. Сөзіміз дәйекті болуы үшін, бірнеше мысал келтіре кетелік:

Көзден кетсе де, көңілден кетпеген әнші Мәдина Ералиеваның орындауындағы өмір, тағдыр туралы тақырыпта жазылған «Ризамын» (әні Қ.Намаз, сөзі М.Мақатаев) атты әнді тыңдай бергің келеді. Себебі, бұл әнде қанағат, шүкіршілік, үміт бар.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізіміТағы да көрдім, тағы да көрем таң нұрын,
Аязын қыстың, аяулы жаздың жаңбырын.
Алтынға мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым,
Ризамын саған, ризамын саған, тағдырым.

Өшпестей етіп өмірдің жазған бұл заңын,
Түсінбей кейде, тосырқап менің жүр жаным.
Кеудемде мына өзің сыйлаған бір жалын,
Лапылдап жатыр, тағдырым, саған ризамын!

Ал дәл осы тақырыптағы «Mysterions » тобы айтатын "Өмір" әнінің сөзіне назар салып көріңіз. Әуені шет елдік әннен ұрланғандығымен қоса, сөздері сын көтермейді. Қазақша әріптердің де қадірін кетіріп, қалай-болса солай айтылған.

Блог - ademi_alem: Екінші рет тыңдай алмайтын әндер тізімі
Өмір — сынақ, өмірім майдансың,
Жүрем сенен жеңіс тілеп.
Жеңілсеңіз, жылама күйініп,
Тағдырда жоқ жүрек.
Әрі қарай