Қазақтың асауботасы - админ жасы отызда!

Блог - Nurgisa: Қазақтың асауботасы - админ жасы отызда!
Біз алғыс жолдаймыз. Өміріңдегі төртінші декадаңның шымылдығын ашпақсың. Былайынша, есі түзулер үш онжылдықта жаманды-жақсылы жасап үлгергенін бір бағамдайды десек, сенің еңсерген асау асуларың бұл тұрғыда жеке өз басыңды сүйсінтетін шығар деп сенем. Бұқара көптің игілігі үшін жасап жатқан мәртебелі жобаларың әмәнда өміршең болсын. Бала-шағаңның қызығына кенеліңдер жеңгей екеуің. Біз сені шексіз сүйеміз! Суреттегідей қашанда еліңе қалтқысыз қызмет ете бер, құрдас!

Құттықтау мәтінін үзеңгілестер сабақтай түсер.
Бөлісу:

45 пікір

Aikona
Туылған күніңізбен Аршат аға! Жасыңыз ұзақ болсын! Балаларыңыздың қызығын көріп, бақытты болыңыз!
Қазақ ұл-қыздарына осындай қазақи иісі аңқыған сайт сыйлай беріңіз :) Еңбегіңіз әрқашан жана берсін!
patick
Ал, туған күніңмен! Өзің қойған мақсаттарға жете бер. Бақытты бол!
TOTY
Ал, Ареке, орда бұзар отызың құтты болсын! Аңсаған арманыңа жет!
Abilakim
Ареке, бар жақсылықты тілеймін! Бала- шағаңның қызығын көр. Қазақстанның жартысы ғана білетін екінші ұлыңның да, үшінші боп туаылатын қызыңның да қызығын көргін!
sammita
Әрқашан да осындай сыйлы боп арамызда жүре бер. Отбасың, туған-туыстарың аман, денің сау болсын! Көтерейік, қане достаар, Аршатжан үшін:)
alisha
Келген жасыңыз осалдық танытатын жас емес, алға! Туған күн — өткеніңді екшеп, алдағы күнге көз тігетін төл мереке ғой. Өткеннің үлесіндегі жетістіктерің аз емес, келер күннің қуанышы да еселене берсін!!!
gerakl
«Сізден» «сенге» технично көшуді үйретіңізші :)
Nurgisa
«сенге», «менге» дегенді сен Әмин Әдминұлынан үйрен :)
alisha
технично көшіп кеткенім соншалық, механизмін өзім деп аңғармай қалыппын:))))
AKY
Әулие Админ күні құтты болсын!!!))))
asaubota
Архиепископ Эмбинский, Байганинский и Вся Приуилья Антоний Мырзабекұлы мені әулие атағына лайық көрді ме?

жъладм
ErNur
Ал Аршат туған күнің құтты болсын! Денсаулығын мықты болсын! Келін екеуің кішкентайдын қызығына тоймай қол ұстасып жүре беріңдер! Жастан жасқа тола бер!
omarbirat
Туған күніңмен, құрдас! Үйіңе береке, еңбегіңе табыс, деніңе саулық тілеймін!
asaubota
рахмет тілектеріңе және маған назар аударып, жеке пост бастаған Нұрғиса інішекке!

енді менен көп күлмейтін, салиқалы, салмақты пікірлер күтіңдер. егер жазбай кетсем демек жазатын дымым жоқ деген сөз :)
Nurgisa
Пах, шіркін! Жас өз дегенін алады десеңізші, иә, Асау аға? :)
asaubota
иә, інім сен де бір күні жетерсің Омар ағаң екеуміздің жасына
Nurgisa
«Сіз де біздей болғансыз, біз де сіздей болармыз» деп сақалыңа жармасайын ба?
19852407
Туған күн құтты, денсаулық мықты болсын!
Идеяларыңыз да, өміріңіз де, өзіңіз де сібежий болып, шауып жүре беріңіз!
Nurgisa
Ақыры он төртінші ақпанда арқасы қозады ғой бұл жұрттың. Себеп керек екен, әулие-әмбиеге тәу етпей-ақ, жалпыұлттық ауқымда Админ асаубота күні деп жариялау бастамасын қолға алсақ па екен? Тым болмаса тәлім-тәрбиелік мән-маңызы болар еді, дегендей…
ErNur
Дабай Нұрғисажан референдум өткізейік! :) )))
Nurgisa
Аршаттың керекинфодағы әкімгерлік өкілеттілігін өмірінің соңына дейін ұзарту бастамасын қолқа салып па?
ErNur
ия… дәл солай! Тек әділ сайлау жүргізейік деген кедергіге тап болып жүрмейміз бе?!.. :)
Nurgisa
Әрірек нетпей тұрғанда бәсеңсиік ;)
Қазір, байқаған болсаңыздар, кейбір томпақтау жайттарды табу ғып тастады ғой БАҚтарда, сайлау өткенге дейін. Мысқалы тереңіректе сықпытты.
asaubota
мен қарсымын :))) "әділ" сайлау болсын :)))
Delhi
Туылған күніңіз құтты болсын! Денсаулығыңыз мықты, ақшаңыз көп болсын!
monti
Алдыңғы айтқандарға қосылам сол үшін алып қоялық… қымыздан :)

Бүгін сізге жақс шығар ә, 2 подарк аласыз )))
asaubota
студент кезде солай еді, тойыс бойдақ кезде :)
qisyq
Қайынаға, туған күн құтты болсын!

Тепсе темір үзетін денсаулықтан, берекелі, ырысты дәулеттен, жаймашуақ, бейбіт тіршіліктен Құдай айырмасын сені.

«Админ ағай, админ ағай, анау қалай, мынау қалай» деп сенің мазаңды ала берейік (арам ойым ғой:)), ал сен ғаламдық тұрғыдан қарағанда, қазақ интернет-кеңістігінің дамуына үлкеееен үлесіңді бере бер, қоса бер…
Huan
Қазақ интернетінің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген бауырымызға, деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне жеміс тілейміз! Енді тек ордалар ды бұза бер ) біз тек жаныңда сол ордаларды бұзуға көмектесіп ,қару -жарақ тасып жүре берейік қаумалап, жәнеде Әулие деген атын құтты болсын!
Erkekyz
Аршат ағай, туылған куніңізбен! Менде жоғарыдағы айтылған тілектерге қолысамын! Ең бастысы деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын. Қамқор әке, жақсы админ ағай боп арамызда жүре беріңіз. :)
Zilola
Ата анаңыздың алдында ойнап-күліп, бала шағаңызбен бақытты отбасы болып жүре беріңіз!!!
Nurgisa
Енді, ата-анасының алдында күлер-ау, бірақ ойнайтындығына қатысты күмәнім сейілер емес.
Zilola
әңгімені тура мағынасында түсіну қате ғой, аман-есен ойнап-күліп жүргенге не жетсін!!!
Nurgisa
Арайлап атқан әрбір таңында ойнап-күліп, туылған күннен туылған күнге ойнап-күдіп аман-есен шыға берсін, десейші :)

Негізі осы тәріздестерді шаблон дегенімізбен, көп ретте бұлар шынайы көңілмен, ықыласпен айтылады-ау. Менікі жай соны көрсету еді. Әйтпесе ілтипаттың түгелі ізгі ғой!
Zilola
негізі ойнғанда тұрған ештең жоқ, кеше өз басым Медеу айдынынан шығып таудан пакетпен сырғанап алдым, 30-дан ассам да сөйтемін, так что ойнау деген балалыққа тағы саяхат жасау деп те түсініңіз :)
alisha
отыздан ассам да… ойпырым-ау, сіз жылына неше жасайсыз сонда?
Zilola
жоооқ, алдағы уақытта 30-дан асып жатсам да дегенім ғо :)))
ken
Аршат, туған күніңмен құттықтаймын!
Осындағы жазылған тілектердің барлығы орындалсын.
Gastarbaiter
Курметты Аршат ага, сызды туылган кунынызбен куттыктаймын. Сызге зор дэнсаулык, мол табыс, узак гумыр тылеймын. Иыссыз жамагат атынан сызге улькен алгыс айтамын.

Д.А.Медведев

Құттықтаймын, амиго!
Nurgisa
атбасына амандык тілемепсің ғой, е?
Jacqabaies_Chirac
Құтты болсын Бақытты бол!