Қисық сөздер. Бірінші сөз. БлоГ



Блог дейтін ыстық құшақтың бар екенін білгеніме шамамен үш, ал оның қойнына кіріп, балқып жүргеніме бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде небір жазба оқыдық, небір блогшыны көрдік, сараладық, салыстырдық, санадық. Берерімізден аларымыз көп болды. Сөзіміздің саптасы сылбыр жүрістен сары желеңге салатынды шығарды. Ойымыздың қанықтығы анықтала түсті, бұрын білмейтін біраз білімге ие болып шыға келдік. Әнебір сарыауыз шағымызда айдарымыздан жел ескен «белді, беделді» блогшы атандық.
Әрі қарай

Олжас Қасым "Алтын қалам" сыйлығының иегері

Бүгін Алматыда «Алтын қалам» әдебиет сыйлығының жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Жүлдегерлер арасында
«В номинации „Поэзия“ на казахском языке выиграли Олжас Қасым и Динара Мәлікова» депті Тенгри ньюс. Осы жерде Әбіләкім қуалап жүретін Олжас Қасым сөйтіп Алтын қаламды алыпты. Құтты болсын дейсің ба Әбіләкім.

Ақпарат пен суретті мына жерден алдым: tengrinews.kz/books/198532/
Әрі қарай

«Махаббат пен жаза» немен бітеді? (Видео)



Сериалды үзбей көрушілерге арналады.
62 сериядан тұратын сериалдың соңы немен бітетінін білгіңіз келсе, ары қарай оқыңыз.
Чичек Савашпен ресми айрылысып, Балдар холдингке қаржы директоры болып келген Хаканға тұрмысқа шығады. Хаканның тұйық қызы алғашында бұл одаққа қарсылық танытқанымен, кейін әкесінің таңдауын қолдайды.
Назан ақыр түбінде Бораның әрекеттері құйтырқы болғанын ұғады. Жымысқы пиғылды одан кетіп, өз үйіндегілеріне барып қосылады. Түпнұсқада Назанның Музафферден туылған баласының аты Боран емес, Баран.
Пала мен келіншегінің арасында түсініспеушіліктер туындайды.
Әрі қарай

Сәлем-пост

Сәлем барлықтарыңа!

Есімім — Зульфия. Жаңа Patick дейтін (дұрыс жаздым ба?) қолданушы "қош келдің" деп жазып жатыр, рахмет. Керекинфо туралы құрбыларымнан естіген едім, бір айдай болды, тек сырттай бақылап жүрдім. Бүгін тіркелейін деп шешім қабылдадым.

Блогтарда жүргеніме бір жылдай болды. Бұған дейін, негізінен орыстілді ортада болған едім (ол жайлы сұрамасаңыздар екен, неудачный опыт). Қазақтілді юзерлердің арасына келуім бірінші рет.
Әрі қарай

Жаңа функция: Бөлме



Жаңа функция қосылды. Бөлме деп аталады. Facebook, Вконтактелерде бар ғой Wall, Стена дегендер соның бір нұсқасы. Қабырға, жар дегеннен гөрі Бөлме деп атауды жөн көрдім.

Әр қолданушының профиль бетінде бөлмесі болады. Сол бөлмеге барып, туған күнімен немесе басқа қуанышымен құттықтауға болады. Басқа да жазу немесе фото қосуға болады, оған пікірлер жазуға болады.

Бөлмедегі жазулар тікелей эфирге де шығады.

Оффтоп, флуд азаяды деп ойлаймын осы функция арқылы. Біреуге қоятын сұрағыңыз болса да Бөлмесіне барып қоюға болады.

Бірге тест жасайық, қате жерлерін түзетуге тырысайын.
Әрі қарай

otaw orda bolsin



jahinda tapsirispen ,jas jubaylarding neke saltin otkizetin, sahana jane kelin men kuyew jigitting otiratin usteli (orni),jobalawin magan tapsirgan edi, sodan Photoshop ta jobalap osi boyinxa jasawdi ayttim, oylaganim hazahxa bolgani jahsi hoy, ogan hazagimizding talay azamattari bas hosadi jane ogan kwa bolatin ah orda hoy ol.
Әрі қарай

Тегін бейнеслайд жасайтын сайт

Біреу-міреуге КЕРЕК болып қалар деген ниетпен...

www.animoto.com cайтында тегін бейнеслайд жасауға болады екен. Ол үшін сайтқа алдымен тіркелу керек. Жаңа қолданушы аты құрастыру керек емес. Фейсбуктағы аккаунтымыз жеткілікті.
Әрі қарай