«Махаббат пен жаза» немен бітеді? (Видео)



Сериалды үзбей көрушілерге арналады.
62 сериядан тұратын сериалдың соңы немен бітетінін білгіңіз келсе, ары қарай оқыңыз.
Чичек Савашпен ресми айрылысып, Балдар холдингке қаржы директоры болып келген Хаканға тұрмысқа шығады. Хаканның тұйық қызы алғашында бұл одаққа қарсылық танытқанымен, кейін әкесінің таңдауын қолдайды.
Назан ақыр түбінде Бораның әрекеттері құйтырқы болғанын ұғады. Жымысқы пиғылды одан кетіп, өз үйіндегілеріне барып қосылады. Түпнұсқада Назанның Музафферден туылған баласының аты Боран емес, Баран.
Пала мен келіншегінің арасында түсініспеушіліктер туындайды. Бірақ кейіннен олқылықтың қыртысы жазылып, қайта қосылады.
Саваштың әкесінің Шахнұрдан басқа өзге келіншектен туылған ағасы табылады.
Ясмин (түрікше түпнұсқада Ясемин) Савашпен табысып, олардың үйіне көшеді Өмермен. Явуз қыр-соңдарынан қалмайды. Бірталай қырсық әрекеттер жасалады. Түптің түбінде Явуз оққа ұшады. Савашқа оқ жаудырайын деп жатқан сәтте.
Саваш пен Ясминнің Өмерден кейін Масал атты қызы туылады. Қос ғашық тату-тәтті ұзақ өмір сүріп, мақсат-мұраттарына жетеді.

Сериалдың соңғы эпизодтарын тамашалағысы келетіндерге:

Бөлісу:

45 пікір

asaubota
көп болды бұл сериалды қарамай кеткеніме. рахмет немен аяқталатынын жазып қойғаныңа. Бериваннан бері түрік сериал индустриясында мұндай жаман сценарийлі сериал болмаған шығар?
Zhan
Неге, маған қызық бұл сериал. Ясеминді де, Савашты да онша ұнайтпаймын едім, көре берсең ұнатып кетеді екенсің. А так «Фатмагүлді» асыға күтіп жүрміз ғой
satvaldo
екінші сорт түріктер ойнайды. қайталама сериал. сол баяғы күрттерді «ақтап» алу үшін түсірілген н-нші фильм.
Nurgisa
Қан дауасы деген дерт тек күрдтерде ұшыраса ма екен? Осы мәселенің анық-қанығын жақсы білмеймін, әйтеуір аяусыз көне дәстүрлері екенін ғана білеміз. «Рулар» арасындағы.
satvaldo
типик доуу меселеси. ал, о жақта күрдтер мен зазалар, күрдтеніп кеткен армяндар, түріктер — жалпы парсы тілдестер мекен етеді. Модерн Анадолу түріктері күрдтердің осы әулет институтын кемсітіп, «мойындамай» келді. енді «жылы» кезеңдер басталып, осылай оларды да бейшарасыз ғып көрсеткен түрлері ғой…
asaubota
иә, ал шын мәнінде олай емес  барлығы наркотик, қару сатушы. ПККны қолдаушылар.
satvaldo
еврейлер мен алмандар күрдтер мен армяндардың (қаншама қорқақ армян күрд әулеттерінің көттеріне кіріп тірі қалған) мәселесіне ставка жасайды. ал, Америка түріктерді алғы планға шығарғысы келеді, арбатарды Османлы «кошмарды» түсімен қорқытады.
бір түсінгенім, күрдтер мен түрктер бірге болған жағдайда Таяу Шығыс аймағы Түркия ықпалына өтеді…
asaubota
КВПның да қақсап отырғаны осы ғой
satvaldo
онсыз да КВП түріктердің сезімдерімен ойнап ақша тауып жүр ғой.
тікұшақта апат болған ана политик соны алғаш айтып, өмірімен қош айтысып, ергенеконды бастатып кеткені жақсы болды Пана Фильмдіктеге. со баяғы джемааттың движениелері ғой. олар Кадириялар…
asaubota
уже қарағым келмейді, бірақ наркоман болып қалғасын әр жұма күні амалсыз қараймын интернеттен
vebred
Аршат мырза, осы сериалдын арқасында түрік сериалдры сценеарийінің сарапшысына айналатын болды ау))
asaubota
қараған түрік сериалдары саным санаулы. бас жағын қараймын, егер сценарийі нашар болса қарамаймын. Түркияда 7 жыл жүріп тек 2 сериал ғана қараппын.
Nurgisa
Ясминнің роліндегі Нұргүл Йешилчай 1976 жылы 26 наурызда Афьонда туылған.
Савашты сомдаған Мұрат Йылдырым 1979 жылы 13 сәуірде Коньяда келіпті дүниеге.
Zere
Екеуі кездескенге дейін қызық болып еді. Енді тым іш пыстырарлық болып кетті. Соңын біліп, енді тіптен қарамауға да болады екен. ) Жалпы басты рөлдегі екеуі онша жараспайтын сияқты. Махаббаттарын тым переигрывать етеді.
asaubota
толық қосыламын. оқиғалар өте жәй өрбиді. мынаны үйдегілерге оқып беріп, оларды да бұл азаптан құтқарайын бүгін.
dark_nazgul
Түпнұсқада Назанның Музафферден туылған баласының аты Боран емес, Баран.
«Маусым түні» сериалында да бас кейіпкер Баран, бірақ оны бізге Байрам деп беріп еді ғой.
asaubota
орыстар күледі деп сонда Баран деп айтқылары келмегені ме? түрікше ол нормальный адам аты ғой, 31-ліктер бұлай істемесе екен келесіде.
dark_nazgul
31-арнадан кино көрген құрлы болмайсың. Жартысы жарнаманың астында қалып қояды. Менің мамам сол үшін күніне екі рет көреді.
Nurgisa
Суреттер сөйлесін:











dark_nazgul
Мен басында Явузды жібі түзу адам екен деп ойлағам. Бір нұсқасы: ол Назанға ғашық, сол үшін Музафферді өлтірді деген болжам жасағам.
Балдарлардың Чичекке бір ауыз лебіз білдірмей, қайғысына ортақтаспағаны дұрыс болмады.
asaubota
бір күлкім келетіні осы сериалда, үйлері үлкен болса да басқалар естімеуі тиіс нәрсені айқайлап басқаларға естіртіп айтады, естіп қалушы күтпеген жерден келіп қалып естіп қалып жатады. лібә дейсің да просто, 1 бөлмелі үйде тұрсақ та құпия сөзімізді де басқа ісімізді де бөгде ешкімге естіртпей қалай жүрк (жүрміз) екен деп.
dark_nazgul
Бәрінен бұрын, тың тыңдап тұрған адамның орта жолдан кетіп қалатынын айтсаңшы. Мен таңқалам: кинодағы адамдарға «ары қарай не айтар екен» деген любопытство тән емес пе? Өз басым, біреудің әңгімесін тыңдасам, аяқталғанға дейін тапжылмай тыңдар едім.
Erkekyz
Басе, Ясмин Савашқа қарағанда үлкен екен ғой, қасында әпкесі сияқты.
Бұл сериалдан мен де жалықтым. Мылжың диалогтар өте көп. Ясмин мен Саваштың, Ясминнің құрбысымен диалогы жанға тиеді.(( Сосын «жестокий сериал» ғой, қалай олар өз қызын/ұлын ата салады солай? Оңай? Ващще, ужас енді. Шынымен де сондай дәстүрлері бар ма?
dark_nazgul, мен де солай ойладым, Явуз Музафферді Назанға ғашық болғаны үшін өлтірді деп.
Nurgisa
Саваш пен Ясмин «ууффф» деп ақыры қосылып, бірге мәз-мейрам боп жатқанда МІНДЕТТІ ТҮРДЕ Саваштың үйіндегілер телефон соғып, бір жаман жаңалық айтады…
dark_nazgul
Перихан деген кім?
Nurgisa
Негізі Фидан ғой, шатасып кетіппін.
dark_nazgul
Бәсе. Мен ендеше Паланың ашынасын көзіме елестетіп отырсам.
Nurgisa
Перихан «Фатмагүлдегі» Селимнің шешесі ғой.
asaubota
бұл сериалда дені дұрыс тек бір адам бар, ол Мустафа. сондай болады шын өмірде мұндай әулеттің адамдары.
dark_nazgul
Мұстафаңның тіпті тұрған тұрысы жиіркенішті ғой, сүмірейіп.
Nurgisa
Мұстафаның Явузға «Шіркін, ағам сен болғанда ғой» деуі жақсылыққа апармайды.
Сериалдағы Надя, сосын ана ресторанның алдыңғы бастығының (Саваштың досы) миссияларын түсінбедім, бары не, жоғы не…
Одан соң, үп-үлкен Стамбұлда 5Х5 асханасынан басқа барып көңіл көтеретін жер жоқ сияқты
Сериалда түріктер төсек жамылғыларын, төсеніштерді жақсы жарнамайды екен.
Одан соң, қашан көрсең бастары тек тамақ ішкенде ғана қосылады. Сосын, шай мен кофені іше беретін неткен құдық еді өздері…
dark_nazgul
Бірінші көргенде Явузды Жауыздыққа қимап едім. Тіпті өткен сериада, бір ой келді: Явуз да ана құпия органдардың тыңшысы, және Савашты да соларға «вербовать» етіп беру үшін бәрін әдейі істеді деп.
Nurgisa
Сценаристер біраз қуып кеткен екен мұнда. Қиыспайтын сюжеттер көптеу. Ауыр қаралады, сосын: проблемадан проблема… "Әр кәлләдә бір қиял".
Айтпақшы, Өмердің ролін екі ағайынды бала сомдай ма деп қалдым:

Zere
Иии, заны! Осы балапан үшін ғана көруге болады )))))
asaubota
ондай күрделі сценарий күтпе. шын айтамын өте нашар сериал. тек танымал актерлар ғана ұстап тұр. көптен бері мұндай нашар сериал болған жоқ.
dark_nazgul
Жалпы мұндай сериалдардың сценариі «походу» жазылады ғой. Сценаристер де алмасып отырады. Басында қандай фабула болғанын соңына келе өздері де ұмытып қалатын шығар.
TERISKEY
Бұл фильм қай каналда боватр?
meirzhan
31 арна қателеспесем.
araika
жеке өзіме осы сериалдың ұнағаны, шынайылыққа құрылғаны. Өзгелерін алып қарасақ, 1 проблема 20 серияны алады ғой, ал мұнда өзгешелеу. Соңғы кездері соңына дейін көру мүмкіндігінен айырып жүрмін өзімді, тым ұзақтығы ішімді пыстырады)
Zere
Кеше бәрі Савашты жоқтап жатқанда, өлсінші, сонда қызығырақ болады деп ойлап едім. А-ля, өлмей қалды.
Erkekyz
Джейда ханумды баяғы моншақты үйдің ханымы Назарға ұқсата берем. )