Қисық сөздер. Бірінші сөз. БлоГ
Блог дейтін ыстық құшақтың бар екенін білгеніме шамамен үш, ал оның қойнына кіріп, балқып жүргеніме бір жыл болыпты. Осы уақыт ішінде небір жазба оқыдық, небір блогшыны көрдік, сараладық, салыстырдық, санадық. Берерімізден аларымыз көп болды. Сөзіміздің саптасы сылбыр жүрістен сары желеңге салатынды шығарды. Ойымыздың қанықтығы анықтала түсті, бұрын білмейтін біраз білімге ие болып шыға келдік. Әнебір сарыауыз шағымызда айдарымыздан жел ескен «белді, беделді» блогшы атандық.
Бұл бір жанға дауа екен деген едік басында. Бірақ, артынан дерт болып жабысты. Жазбаңды жариялай қойсаң, құрыс-тырысың жазылып, қу шекеңнің тырысқаны қойып, кеңіп сала беретін болдық. Жарияламасаң, ішіңде отырған біреу істігімен түртпектеп, жаныңды жеп, жазбасыңа қойғызбады. Тек, бір жаманы не болса соны жазып кеттік. Біреу мақтады, біреу даттады.
Жә, бұл кезеңнен де өттік. Ақ сақал, сары тісті ардагер болмасақ та, кәнігі, қайыстай қайтқан, қара аспанды суға да, өзге де алғызбас, бұзаубас, бұқа мойын, тіке һәм жанама сөздерге былқ етпес сөзуарға айналдық. Төбеңнен төмен қарата топырақ құйып жатқан бәзбіреуге қисыны келсін-келмесін
Бұдан да өттік. Іс жүзінде болмаса да, соңғы өзгерістер өтпелі кезеңнің басталғанынан хабар береді. Ендігі жерде ені қалың, сынық сүйем қара пышақ кейпіндегі жазу келсе жақсы болар еді ойға. Қолды кеспейтін, бірақ, тиген жерін алмай қоймайтын, талайды көрген, ысылған, қақталған, отпен кіріп, сумен шыққан қара пышақ. Сапалы пышақ. Мен сияқты кәсіби шеберлігі «ақсап басатын» қайғы-блогшыға қажеті де осындай жазба.
Берекесін берсін не болса да.
Осы сайтта романынан үзінділері бар айтпақшы
Ғаламарт — жақсы шығармашылық топ.
Керекинфо-жақсы сайт"… осының шығу тарихын жазатын кезің болды ғо)
Мына форматы басқа демесең, форум сияқты мен үшін.
Мен вордпрессте белсенділік танытып жүргенде, Жақабай мен Нақұрыс өртеп жүрген, (Сатыбалды шалды айтпауға да болады, оған Аңсар түгіл, Гитлердің өзі «сөзім жоқ» деген) Патик, Қисық восходящая звезда боп жүрген… Патиктің «Мой Мирде» блог жүргізіп жүргені есімде әлі
Бүгінде олар өзің орнын дәлелдеген сыйлы мүшелер. Сайттары бар өзінің «Киностан» (білмейтіндер болса).
Жиындарда Қисық пен Патиктің замандастарынан кішілерді не жаңа белсенділерді танымай жатқанымды «несіне көт болып отыр» деп түсінер біреулер. Бірақ олай емес. Біз актуалды тақырыпқа ілесіп, блогосферадағы жаңалықтарға құлақ түруден қол үздік, тек баяғы сол танитындарымызбен шектеліп қалдық. Ондайға кезінде Алмас, Мараттар келді. Анда санда, шалдығымызды шайқап, шайқасты күндерді еске алып, құтырынып, қутыңдайтынымыз болмаса, біз де Әбіләкім екеуіміз соған келдік Ендігі кезек Қисық, Патиктерде болса керек.
мен-Саммита.
лібәәәәәәәәәдддд… барлығының басынан өткен нәрсе екен ғой..