Жеті Атаға дейін үйленбеу сыры
Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Неге екенін білеміз бе? Осы жайында оқыған бір аңыз әңгімені ұсынбақпын.
15-ғасырда Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен Жәнібек хандар басқарғаны белгілі. Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп, соны шақырады. Өтебойдақтың емінен кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарына қонымды жауаптар алып, соңғы сұрағын қойыпты:
— Қандай ауруды емдеу қиын?
— Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын.
— Ал, оның алдын алуға бола ма?
— Болады. Жеті Атаға дейін туыс адамдар қыз алыспау керек. Жеті қазақ үшін қасиетті сан.
Өтебойдақ емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тиым салыпты. «Кімде кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін» деген жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ хандары да осы жарлықты бұлжытпай орындап отырыпты. Ал, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» атты шипагерлік кітап жазған адам.
Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйретіп жаттатқан. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген содан қалған.
Енді жеті Ата қалай аталатына келсек.
Газет-журналдарда да, кітаптарда да жеті Атаны көбіне былай бөліп келеді:
1. Әке
2. Бала
3. Немере
4. Шөбере
5. Шөпшек
6. Немене
7. Туажат
8. Жүрежат
9. Жекжат
10. Жұрағат
11. Қаймана.
Менің ойымша, «туажат» пен «жүрежаттың» орны ауысып кеткен сияқты. Себебі, «жүрежат» дегені – жүре-бара жат болады дегені, ал, «туажат» дегені – туа сала жат болып кетеді дегеннен шыққан деп ойлаймын. Сондықтан, 7 – жүрежат, 8 – туажат болуы керек сияқты. Сонда қазақтарда өзара құдандаласу тек сегізінші ұрпақ – туажаттан басталады. Шежірелерімізді біле жүрейік!
Алынған жерін ұмытып қалдым, интернеттен

Адам ата қазақ болған десем, тағыда шежіре айтып шыға келесіңбе, сондықтан сөздің төркіні жеті атамызды білу бізде ғана екендігі екені. Шежірені жатқа білген көне көз қариялардың қиялы мен арманы, арқасы болмайды дегенді кім айтып еді?
Әркім өзі есіткен күні сол нәрсенің шыққан күні деп есептеу дұрыс емес.
Ал менің дауым бар, халха мұңғолдар да, басқа да көшпелі халықтар жеті атаға дейінгі некеге тиымды ұстанады
Бұл баяғы жеті ата,құда құдандас тұрғысынан. Уақыттың салатын өрнегі — бауырдың бәрі бірдей бауырмал емес уақыт өте(жүре) бір біріне жат болып кетуі…
Алдында қарындасым менен: «Көке біз Андағұлдан тараймыз ғой. Ал Амантайлар бізбен қыз алыса ма?», -деп сұрады. Мен: «Жеті атадан асса қыз алысатын шығар, атадан сұрайын», -дедім. Атамнан сұрасам ол былай деді: "Құламанның ішінде Жаныс би деген әулие адам болған. Сол кісі Андағұл мен Амантайлар бір біріңмен қыз алыспаңдар. Әйтпесе араларың алыстап кетеді деп айтып кеткен. Бірақ ол кісінің айтқанын тыңдамай Андағұл мен Амантайлар жеті атадан асқан соң қыз алысып кеткен".
Қыз алыспаудың екінші бір себебі тұтас бір ру болу, бір біріне туысқан болу. Ал егер қыз алысса онда екі ру болып бөлініп, бір біріне құда-жегжат болып кетеді.
Күнәхар пенделердің(бүткіл пенде жайлы, ұлты емес) арасында туған-туыс, аға-әкпе, бауырды былай қоя тұрып ата-ананы сыйламау да бар. Ал ізгі сезімге(махаббатқа) шек жоқ болуы керек, соның арасындағы ең үлкен сезім — жаратылысты жалғастыруды айтсақ, ЖЕТІ АТАДАН кейін төсек жарастыруға — мұрсат берілуді бұрмалаудың қажеті жоқ сияқты.
және «жеті атадан аспай қыз алысуға болмайды» дегеніміз жеті атадан асса міндетті түрде қыз алысу керек деген сөз емес.
біздің бұл салтымыздың бір кереметі әрбір адам өз руыңдағы барлық қыз балаларға өзімнің қарындасым деп қана қарайды. еш арам ойы болмайды (егер қазақы тәрбие көрген адам болса)
жеті атаның сақталуын ешкім қадағалап отырған жоқ:
жеті атасын білмейтіндер көп
бірнеше рет үйленіп-ажырасқандар көп
жетім балалар көп
орыстнып кеткендер көп
жеті атадан аспай қыз алысуға болмайд дегенді ұқпайтындар көп
арақ ішетіндер көп (арақ ішкен адам не істеп не қойғанын білмейді)
деген сияқтыларды ескеріп өзімше айтқан пікірім. ешқандай кітаптан, журналдан, интернеттен алған жоқпын, біреуден естігн жоқпын
Ауылда «Алшындар» мен Тамалар" бір бірімен ағайынбыз деп, балараы да біргелесіп басқалармен қырылысып жүрген. Бір күні «Ой қыз алысуға болады екен» деп бір-бірімен қыз алысып кетті. Бірінші сезім жаман болды нақ.
Әйелде Y хромосомасы болады деп кім айтты сізге, әйел ХХ, еркек ХУ, сосын ұрпағына қаны беріледі дегеніңіз не? меніңше ата анасының белгілері беріледі, ол қан арқылы емес жалпы клеткаларда сақталады бұл белгілер. сосын ата-анасынан 70-30% алады деген қатып қалған заң жоқ.
Бірақ жеті атаға дейін үйленбеуді қоштаймын. Біздің үйде даже бір елдің баласына үйленуге қарсы.
Пікірлердің бәрін оқыған жоқпын, бірақ қазірде бір рудың ішінде қыз алыспау керек деушілер шығып жатыр. Бұған қалай қарайсыздар?
ел деген тым кең ұғым ғой…
деп жауап беріпсің.