Қайткенде адам қалады адам болып?


КТК арнасынан жаңа түрік сериалы болып жатыр ғой. "Қайран заман" деген. Бас жағын көріп едім, тым ауыр екен. Әлде, таныс жағдай, таныс тағдыр болған соң ауыртты ма екен… Әйтеуір, көргім келмеді.
Бірақ, анда санда, мамаға барғанда, бірге көремін. Сол кездері адамның бір қателіктен екіншісіне қалай ұрынатынына, адам баласына деген аяушылықтың, сыйластықтың болмай кететін кездеріне таң қаламын.
Төрт баласы бар отбасын тастады. Мақұл. Жүрекке әмір жүрмейді, жарыңнан суынып, басқа әйелмен тағдыр қосқың келді ме — бәрі өз қолыңда. Бірақ, неге еркектер сол бір қадамды адам сияқты жасай алмайды екен деп ойлаймын.
Неліктен, қанша жыл отасқан әйеліңді тастап бара жатып, тым болмаса сол әйелдің арын, намысын аяққа баспай, адам құсап кетпеске?
Неліктен, әке мейрімінен айрылып, тірі жетім қалып бара жатқан балаларыңның бұдан былайғы тағдырына алаңдаушылық танытпасқа?
Неліктен, тым құрыса, балаларыңның туып, өскен қара шаңырағын солардың өздеріне қалдырып, соқа басың кетпеске?
Неліктен, бұдан былай пешенесіне жартыкеш өмір жазылған бұрын, бір кездері сүйіп қосылған әйеліңнің аяғынан тік тұрып, тіршілігін жалғастырып, балаларын өсіріп жеткізу жолындағы талпынысын сырттай болса да құптамасқа?
Неліктен оны бауыр еті баласы, көз қуанышы кенжесінен айырмай, онсыз да жаралы жүрегін ауыртпауға тырыспасқа?
Неліктен, нақсүйеріңді бұрынғы отбасыңнан алыста ұстамасқа?
Неге? Неге осы ер-азаматтар өздері үшін талас жүріп жатқан кезде қоразданып кетеді? Неге осындай қыл үсті, онсыз да ары таразыға түсіп тұрған сәттерде қоқиланып, айналасындағыларға қорлық көрсетіп жібереді?
Түсінбеймін… Осы сериалды көрген сайын санамды сан сұрақ тілгілейді. Адамның азғындығының шегі осы ма, әлде одан да сорақы қылықтар жасай ала ма?
Сол сериалда мен Джемилеге емес, Алиге жаным ашиды. Сорлылықтың шегіне жетіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, ойыншыққа айналғанын сол өзі ұға ма екен?
Әрі қарай

Адам не үшін мақтанады?


Расында, адам не үшін мақтанады?
1. Сенің ішіңді күйдіру үшін, қызғанып, өзін бишара, елдің қоры сезінгенін көріп рахат алу үшін бе?
2. Әдейі мақтанып, сенің реакцияңды біліп, мақтанып жатқан кезінде сені өзіңді қалай ұстайтыныңды қызықтағысы келу үшін бе немесе мені көре алмайды екен деп көзіңді жеткізіп алу үшін бе?
3. Мақтанбаса тұра алмайтын және сол мақтануына орай естігісі келетін сөздерді естімесе ауырып қалатын ауру болғандығы үшін бе?
4. Өзінің артықшылығын сезіну үшін, жеткен жетістігін, мал-дүниесін өзгемен салыстырмалы түрде қарастырып, көңілін жайландыру үшін бе?
5. Реті келсе, мақтанып жатқан елмен бірге қоса мақтанып, өзінің де «ниче» екенін еске алу үшін бе әлде. Сосын ешкім ештеңе сұрамаса да өзін өзі мақтап, қандай қымбат киім алғанын, қандай атақты адамдармен кездескенін, қай елге барғанын, қандай заты барын айтатындарға құсқым келеді.
Мен де бір кісідей мақтанамын. Айтамын, ішім босап, жеңілдеп қалам. Тіпті, қуаныштан жүзімнің алаулап кететінін қайтерсің. Соған қарағанда, мақтану адамға жақсы энергия беретін позитиві мол бірнәрсе болса керек. Бірақ, мақтанған кезде мүмкіндігінше біреудің іштей жәбірленіп қалмауына, психологиялық тұрғыдан оның реніші мен наласын арқаламай айтуға тырысады екем. Сонда бұл да ауру ма?
Әрі қарай

Мандарин

Мен үшін Мандариннің шыға бастауы Жаңа жылдың жақындағанын білдіреді. Ең алғаш рет кішкентай кезімде, қалаға көшкен кезімде Жаңа Жыл қарсаңында жедім. Бізге берілетін сыйлықтардың арасында міндетті түрде мандарин болушы еді. Ал ауылда есімде ол кезде мектепте оқитын апайларым әкелуші еді жаңа жыл сыйлықтарын, ол кезде пакет жоқ дәптердің екі бетін жіппен тігіп пакет істейді, барлық тәттілер соған салынады. Міндетті түрде ішінде алма болушы еді. Алма — мен туған ауыл балалары үшін әлемдегі ең тәтті, қол жетпес жеміс болып саналатын еді. Алманы қадірлеп, асықпай жайлап, созып жеуші едік.
Әрі қарай

Балалық шақтан естелік...

бала кезімде қолды аяққа тұрмайтын тентек едім (қазірде алысқа кеткен жоқ сияқтымын) әпкем екеуіміздің арамыз 1,5 жыл. қосылып алып, егістікті аралап(күріштікті)мал қуып, сосын жұрттың қауын,қарбызын ұрлап, полевойстанда тұратын басқа да күрішшілердің балаларымен( көбінесе ұлдар) балыққа баратынбыз. таң атқаннан кеш батқанға дейін, Құдай айдағандай далада жүретінбіз.
Әрі қарай

"Шаба деген кім?"

Басқаларын қайдам, өз басым «Хит ТВ» арнасының жаңалықтарын қабылдай алмаймын. Тілшілері қалай болса солай мәтін жазып, эфирге жібере салады. Мүмкін, жаны ашитын қазақ басшылары жоқ болғасын шығар. Бұл көрермен ретінде мені қанағаттандырмайды. «Хидлайнер» деген бағдарламасымақта «Шаба деген кім соншама?» дегенге саятын сюжетті көріп, ішім жылады.
Әрі қарай

Мимо:)

Алматы. Такси.
— Намаз оқисың ба, інім?
— Құдайға шүкір, аға. Енді, ептеп…
— Намаз оқыған жақсы ғой. Біздің үйде де барлығы оқиды. Өзім де оқып тұрамын.
— Дұрыс, аға. Қабыл болсын.
— Бірақ, сен маған мынаны түсіндірші.
Әрі қарай

Қазақстан қашаннан туризм державасы еді?

“Халық сөзі” газетіндегі қызық бір блок байқадым “Қызық дерек” деген. Соған сенсек өткен жылы елімізге келген шетелдік турист саны 16,6 млн екен.

Халық сөзі бұл санды қайдан алды екен деп іздестіріп қайттым. Сөйтсем Статистика агенттігінің мәліметі сондай екен. Бірақ ол жерде егер дұрыстап оқитын болсаңыз былай делінген:
Әрі қарай