Мимо:)

Алматы. Такси.
— Намаз оқисың ба, інім?
— Құдайға шүкір, аға. Енді, ептеп…
— Намаз оқыған жақсы ғой. Біздің үйде де барлығы оқиды. Өзім де оқып тұрамын.
— Дұрыс, аға. Қабыл болсын.
— Бірақ, сен маған мынаны түсіндірші. Осы сендер намаз оқисыңдар, жап-жас боп алып қойған сақалдарың мынау. Әй, осы бабаларымызда мұндай болған жоқ қой. Батырлар, билердің барлығы да ел ағасы, жігіт ағасы болған кездерінде сақал қойған. Сенікі не енді? Айтшы осыны?
— Енді, аға… Мәселе онда емес қой…
— Жоқ, сен тыңда мені. Көшеде келе жатып қараймын. Жап-жас қазақ жігіттері. Иегінде 3-4 тал сақал. Жарасқан, жараспағанымен жұмысы жоқ. Бұл қалай өзі? Балақтарын қысқартып алып, талтайып жүреді өздері. Әдептен жұрдай. Сенікі ондай емес қой енді. Бірақ, қандас бауырым деп, жаным ашығандықтан айтып отырмын. Менікі дұрыс қой???
— Иә, аға! Сіздікі дұрыс қой. Бірақ…
Жоқ, тоқта. Мен аяқтап алайын. Біз қазақпыз. Мұсылман болмай тұрып, қазақ болғанбыз. Өзіңе қарасам, жап-жақсы жігітсің… Ойлашы, төбемізден орыс, бір жағымыздан қытай жалмап жатқанда, мына жақтан сендер өздерің арабқа айналып жатсыңдар… Тілімізді қайта жаңғыртуымыз керек. Биліктегілер қайда қарап отыр, осы? Жастарға дұрыс тәрбие беру керек. Мен өзім өзіңдей жастардың сақал қойғанына қарсымын. Біз қазақпыз, бауырым. Бұл біздің бабаларымызда жоқ нәрсе. Түсіндің ба? Сен бұлай жасама. Үйіңе барып сақалыңды алып таста. Мұртың қала берсін. Қанымызға сай нәрсе жасауымыз керек бауырым. Дұрыс айттым ба?
-Дұрыс, аға! Айтқаныңызға қосыламын ғой. Мені кешіріңіз бірақ та, мен ұлтым түрік негізі...
Жаңағы бері айтып келе жатқан сөзі далаға кеткендей сезіммен, таксист кісі бір күрсініп алып, Төле Би – Байзақов көшелерінің қиылысында тоқтады.
— Жолыңыз болсын, аға!
— …

*Түзету: Басты кейіпкер мен емес Орхан деген түрік досым
Бөлісу:

44 пікір

blackbeard
Қысқартылып берілді…
balzaminka
түрік екеніңді білмеппін
blackbeard
Sadık Şerımoğlu ма сонда? Бұқақақа
asaubota
Өтірік айтқаның дұрыс болмапты, мұсылман баурым.
blackbeard
Герой мен емеспін Orhan деген бауырымның өткен-кеткендері ғой
blackbeard
Сол оқиғаны кішкене шекпен жауып, нетіп жатқан түрім ғо
meirzhan
шекпен жауып Орханға қайтарамын деппа)
blackbeard
Орхан, риза бол бауырым
meirzhan
Нормально қазақилық туралы әңгіме айтайын десең бұлар өйстеді енді
araika
жақсы құтылыпсың! бұрын мен де «Президент қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген деп бір ағайға лекция оқып тұрғанымда… ол кісінің сендей боп шығарын қайдан білейін
blackbeard
Ол сені алдаған ғо сонда
araika
жоқ, Орхан сияқты болған ғой)
blackbeard
Орханның басынан өткендерін жазудың өзі прикол Керекинфоға кіркел демесем Қазақша жақсы сөйлейді өзі
AKA
   
Үйіңе барып сақалыңды алып таста
AKA
Мұртың қала берсін
   ішегііім-аййй
blackbeard
Соны айтқан адам, Керекинфодан-ау деп қалдың ба???
Zilola
стилист агашка )))
AKA
Кім? Мен?   Әлде басқа?  /күлкіден өлдііім/
Zilola
муртын кала берсiн деген таксисттi айтам да, ващще супер прикол )))
AKA
   иә, супер /күлкіге қарық болдым/
Zilola
Орханды бiлмедiм, бiрак саган шаш, сакал, мурт барi жарасады. иии жаны сол!
blackbeard
кәмпілиМЕНТіңе рахмет тронутпын
Temirkazik
Бакуде 6 батырымыз ширек финалга шыкты, — деп такырыптан тыс куа салсан, ия
blackbeard
Флуд — это добро
meirzhan
Сенің постыңда солай ма не? онда
Флууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууд
blackbeard
Я люблю Кунг-Фууууууууууууууууууууууууууууууууу © Панда
осы есіме түсіп кетті
sword
Сен бұлай жасама. Үйіңе барып сақалыңды, шашыңды, қасыңды алып таста. Мұртың қала берсін.
blackbeard
барлық жүн атаулыны алып таста! бірақ мұрт қалсын. түсіндің ба? мұрт қалсыыыыыыын
sword
Қазақты қазақ қылып тұрған МҰРТ
blackbeard
Қай жерде болғаны маңызды ма?
sword
Оның маңызы жоқ, алынбаса болғаны БІТТІ сен қазақсың.
meirzhan
Қазақтар, қуаныңдар! Ұлттық идеология, ұлттық идеямыз табылды! Ол — мұрт!
edige
Епті байымайт
VKM
Садкоға бәрі жарасады, себебі ол нағыз красапчик ғой. Иә, Садко?
blackbeard
Ақиқаттың көзіне тік қарай алатын әлемде екі адам болса, соның бірі сенсің ғой
VKM
вааааййй, бірден тронут болып қалдыми, Садко))))
qisyq
Ия, Малика екеумзге оңай тиіп жүрген жоқ.
blackbeard
Оһ лібәәәәәә Неге бір адам демедім екен ә?
VKM
аааа, екеуміз бе
Ақиқаттың көзіне тік қарай алатын әлемде екі адам
? Өлдім күлкіден)))
bazuka
кайфы бұзылып қалған екен таксист ағаның