Біздің чемпиондарға мың тағзым!

Чемпиондар
Ия, Лондон Олимпиадасының чемпиондарына бас имейтін қазақ жоқ шығар. Не деген бақыт Құдай-ау! Құдайға мың шүкір, осындай жарқын жетістіктерге куә қылған біздерді. Бұл күнге жеткен де бер, жетпеген де бар білеміз. Кім қуанбай жатыр, кім мақтанбай, кім мадақтамай жатыр біздің Олимпиада қаһармандарын?! Құдіреті биік көк байрағым көкке көтерілгенде, айбыны асқақ Әнұраным шырқалғанда жүрегім жарылуға шақ қалып, көздің жасы мөлт-мөлт етіп тоқтаусыз ағады. Бақытымызды тасытты ғой, тасытты жұдырықтай жүректері елім деп соққан Зулфия мен Майя қыз, Светлана мен Ольгалар һәм Илья мен Александрдай ағамыз. Олар нағыз қаһармандар. Ел тарихында алтын әріппен аты қалатын құрметтілер!
Ел намысы үшін жан алысып, жан беріскен текетіресте қалай өнер көрсеткенін таңдай қағып тамашаладық. Салмағын екінің бірі еңсере алмайтын зілтемірді бойынан асырып, қалт етпей биік ұстағанда талай рекордтарды жаңартып, қуанышымызды еселей түскен қыздарымыз бен Екі Дүркін Олимпиада чемпионы атанған Ильямызды қалай мақтасақ та, қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Талай биікті бағындырып, Олимпиада алтынымен спорттағы мансабына нүкте қойған Винокуров пен Ольга апасының жетістігін 12 жылдан кейін қайталаған Ольга Рыпаковалар абыройымызды тасытқан абзал азаматтар. Біз мақтанамыз осылайша, олар қалай елді сүйсе, біз оларды миллион есе құрметтейміз. Олар біздің патриот тұлғаларымыз. Ильяның отансүйгіштігіне тәнтімін. Былтыр ғана ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тамаша тарту жасағанын білесіздер. Сондағы киімі 20 жылдыққа арналған болатын, ал күні кеше жарысқа шыққанда, ел байрағының үлгісін үстіне қондырыпты. Одан сайын тартымды көрінді дүркін-дүркін чемпион атанғанда. Көңілімізден кетер емес, шат-шадыман күйге бөлегені спортшыларымыздың. Ұйқыдан қалдық, «алтын», «алтын» деп ұрандап. Ал, кешелі бері «Илья батыр елге келеді, күтіп алайық жиналып!» деп твиттерлік ағайынның алақайлап жатқанын көріп, әттең Алматыға жол тартсам ғой деп армандаймын. Тарихи сәтті көргім келеді көзбен, сезінгім келеді алып чемпионның елге келгендегі сезімін. Бірақ жаңалықтан, интернет порталдардан қалт жібермей көру бақытын ғана қанағат етемін.
Құрметті алматылықтар, құрметті достар, ел еркесін күтіп алу рәсімінен қалмауға тырысыңыздар. Чемпиондардың әр қазақтан құрмет көргені артық етпейді. Ал, біз ауылдағы ағайын оларға рух сыйлауға алаңға шығып, қолдау көрсететін боламыз.
Ел еркелері елге аман-есен оралсын деп Алладан ақ жол тіледік!
Чемпиондардың жеңісі басқа спортшыларымызға жұғысты болғай! Алтын көбейсін!
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері және бүгінгі қазақ

ТӨРТІНШІ СӨЗ
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.
Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де — бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі — өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

Осы жазылған қара сөздер осы уақытқа дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес. Осы сөздерде қазақ психологиясының негізі жатыр десем қателеспеспін. Өйткені мұндағы жазылған ой-пікірлер әр қазақтың басында бар нәрсе. Сондықтан мектептерде осы қара сөздерді оқытуды оны талқылауды арнайы бағдарлама жасаса екен. Біз қазір агент, түрік, корей сериалдары, т.б осындай толып жатқан дүниелерге оранып алып шыға алмай жатырмыз. Әр қазақ оқушысына осы Абай атамыздың қара сөздерін оқыту талап етілсе жақсы болар еді. Ал Сіз қалай ойлайсыз замандас............
Әрі қарай

Фотоаппарат қолымда

86 жыл. Алғашқы фотоаппаратымды сыйға тартты. Тарихқа айналған қара-ақ түсті фотосурет алудың технологиясы… Сол заманнан әр кадр қайталанбас және ыстық екенін түсіндім.

Балаларды фотосуретке түсірсем олардың балалық шақтағы күш қуатыммен, болашаққа деген сенімді көзқарастарын көрсеткім келеді. Ең бастысы бала кадірде «бала» болып қалу керек. Қазіргі фотоаппараттар әрине «СМЕНА» фотоаппараты емес. Бірақ сол кезден алған тәжірибемді қолданып жатам. Фото композиция деген ұғымды әлі ешкім алып тастаған жоқ. Фотосуреттің жаны болады.
Ескі фотосуреттерден және жаңаларынан қарап тұрған адамдардың көзқарасы өзгергенін байқадым. Заман өзгерді. Кей –кезде «сізді фотоаппаратым түсірмейді»-деп жауап беремін. Сондай көңіл орын таппағанда табиғатты түсіргенге көңілім ауады. Табиғат таң қалдырмай, тамсандырмай қойған емес.
құмырсқа
Әрі қарай

Біз де келдік, свет те жалп етіп сөнді

Қарағандылық Айтбай Жұмағұлов “тілінің тікені бар” айтыскер. Арасында той басқарып қоятын өнері бар, “Жігітке жеті өнер де аз” деген. Сол Айтбай, бауырымның шілдеханасында бір қызық анекдот айтты. Қызылорданың бір ауылына қаланың тікбақай қызы келін болып түсіпті. Жас келін ана-мұна жұмыс тындырып жүрсе, қайынағасы келіп: “Келін шырақ, біз таңертең далаға сексеуіл сындыруға барамыз. Оны жинап, отын етеміз. Сексеуілдің шоғына қайнаған шәйдің дәмі бөлек болады, сен бізге шәйнек сала сал”,-дейді. Таңертең келін салдыр еткізіп, қапқа бір нәрсе салады. Ауыл адамдары ен далаға шығып сексеуіл сындырып, оны жинап, арбаға артады. Қалғанына от тұтатып, шоғын қыздырып енді шәй ішейін десе, келін тефаль шәйнек салып жіберіпті дейді. Кешке арып-ашып, шөлден кезеріп келген қайынғасына келіні алдынан атып шығып: “Ағажан шәй іштіңіздер ме”,-дейді. Сонда қайынағасы: “Бізде келдік, свет те жалп етіп сөнді”,-деген екен.
Әрі қарай

Өнер менің өмірімде....

Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар?
Әрі қарай

22 июнь

1941 жылдың 22 июнінде Германия ССРОның шекарасын бұзып өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстың жаңа бір стадиясы басталды. Не болғанын біз көрмедік, бірақ білеміз.
Миллиондаған адам қаза болды. Миллиондаған жетімдер. Миллиондаған жесірлер. Миллиондаған мүгедектер. Жер аударылған халықтар. Концлагерлер, штрафбаттар. Батырлар, сатқындар, азғындық, қаһармандық, тыңшылар, барлаушылар, диверсанттар.
Адамзаттың басына келген үлкен бәлелердің бірі осындай болды.
Әрі қарай

Drupal-мен сайт бастау

Ассаламу«алейкум, достар! Жақында ғана компқа бағдарлама жазушы боп жұмыс істей бастаған едім; Сайт жазуда бір қиындыққа тап болдым, Drupal-да сайт жасау керек. Кім Drupal-мен таныс болса, көмектеріңді күтемін. Алдын ала рахмет! Қол ұшын беруге тырысқандарға Аллаһ риза болсын. )))
Әрі қарай

Мен де бір қазақ, ұлыңмын!

Қытайдағы шетелдік студенттердің бір-бірімен өзара араласуы және көптеген жағдайда түсінісіп кетуі тез де, ал керісінше осы елде қанша ұзақ жүргендіктеріне қарамастан, солардың басым бөлігінің қытайлықтармен соншалықты сіңісіп кетуі қиын. Және бір байқағаным – бәріміз бір қазақтың баласы болсақ та, Қазақстанның қазағы мен Қытай қазақтарының тіл табысуы да көп орындала бермейтін құбылыс. Бейне бір екі ел арасындағы шекара біздің сана-сезімдеріміз бен ой-түсінігіміздің де арасын бөліп тұрғандай… Неліктен бұлай?! Жақсы, мұның себебін бірі – орыс тілділер де, екіншісі – таза қазақ тілділер деп түсіндірейік. Ал қазақ тілінде таза сөйлейміз деген біз сияқты қазақтармен де неге қоян-қолтық араласа алмайды? (Немесе араласа алмаймыз?) Осы және қытай-қазақ қарым-қатынасы төңірегіндегі басқа да сауалдармен Жұмабекпен кездестім.
Әрі қарай

Жаңадан қазақша блог аштым!


Сәлем! Құрметті де қадірлі — Kerekinfo.kz сайтының оқырмандары мен қолданушылары!

Менде жақсы жаңалық бар! Ол қандай жаңалық?

Өз басым жаңа жыл қарсаңында жаңа өте пайдалы блог аштым! Яғни, ол блог қандай тақырыпқа арналған екен?

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, осы ашылған қазақша блог — интернет арқылы ақша табуды, сайт жасауды, программалауды үйретеді. Енді осы мәселелерге толығырақ тоқтала кетейін!

Егер де сіз интернет туралы, сайт жасау туралы немесе басқа да толып жатқан мәселелер жайлы ештеңе білмесеңіз, онда осы блог сізге арналып жасалған! Неге?

Айтып кеткенімдей, осы ашылған қазақша блог арқылы көп нәрсе біліп алуға болады. Оған күмән жоқ!

Сол себепті, ең бірінші — осындай өте пайдалы посттар немесе мақалалар алып отыру үшін, сіз блог жазылымына тіркелуіңіз қажет!

Бұл жазылым сізге не береді? Біріншіден, тіркелу кезінде көрсеткен е-майл поштаға өте пайдалы посттар келіп отырады, сол себепті кез-келген бос уақытта жазылған мақаланы оқуға болады! Екіншіден, бұрыннан бері — осы программалауды, интернет арқылы ақша табуды және де тағы да басқа нәрселерді білмесеңіз, енді білетін боласыз! Яғни, барлық материал түсінікті түрде жазылған.

Ал, енді осы ашылған тамаша блогпен қалай танысуға болады?

Мына көрсетілген сілтеме арқылы өтіңіз — elzhas-webmaster.idhost.kz

Блогпен танысу кезінде, блог сізге ұнаса, онда міндетті түрде, бас бетте орналасқан форманы толтыру арқылы жазылымға тіркеліңіз! Жазылымның не екенін білмесеңіз, онда мына бетте таныса аласыз!

Сонымен қатар — «байланыс» бетінде блог авторымен хабарласуға болады!

Сонымен қатар, осы таяуда ашылған тамаша блогтың авторы тағы да қандай нәрселермен айналысады екен?

Блог жүргізуден басқа, мен сайт ашу ісімен де айналысамын! Сол себепті сізге сайт немесе блог ашу керек болса, онда менімен хабарласуға болады! Яғни, «Сайт ашу» бетіне кіріп, маған сайт ашуға тапсырыс беріп кетуге болады…

Міне, осымен біз бүгін — таяуда ашылған өте пайдалы, әрі күшті қазақша блогпен таныстык! Блог сіздерге ұнайды деп, ойлаймын! Өйткені, барлығы түсінікті әрі ұғуға оп-оңай!
Әрі қарай

Strikeforce: Кормье vs. Барнетт

Ал, қадірменді төбелессүйерлер, өзімізге арнап бір пост жазып жіберсек!

Осыдан тура бір апта бұрын Strikeforce гран-при финалы болып өткен еді. Аталмыш жарыстың басты кездесуі 2004 жылғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен АҚШ құрамасында өнер көрсеткен Даниель Кормье мен 2002 жылғы UFC чемпионы Джош Барнеттің арасында болып, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша Кормье жеңіске жетті. Есеп: 49-46, 50-45, 50-45

Әрі қарай