Мен де бір қазақ, ұлыңмын!
Қытайдағы шетелдік студенттердің бір-бірімен өзара араласуы және көптеген жағдайда түсінісіп кетуі тез де, ал керісінше осы елде қанша ұзақ жүргендіктеріне қарамастан, солардың басым бөлігінің қытайлықтармен соншалықты сіңісіп кетуі қиын. Және бір байқағаным – бәріміз бір қазақтың баласы болсақ та, Қазақстанның қазағы мен Қытай қазақтарының тіл табысуы да көп орындала бермейтін құбылыс. Бейне бір екі ел арасындағы шекара біздің сана-сезімдеріміз бен ой-түсінігіміздің де арасын бөліп тұрғандай… Неліктен бұлай?! Жақсы, мұның себебін бірі – орыс тілділер де, екіншісі – таза қазақ тілділер деп түсіндірейік. Ал қазақ тілінде таза сөйлейміз деген біз сияқты қазақтармен де неге қоян-қолтық араласа алмайды? (Немесе араласа алмаймыз?) Осы және қытай-қазақ қарым-қатынасы төңірегіндегі басқа да сауалдармен Жұмабекпен кездестім.
Жұмабек Алмабекұлы
Жұмабек Алмабекұлы
Жұмабек Алмабекұлы мен оқып жатқан оқу ошағының студенті. Қытайдың Алтай аймағында туған қазақ. Қазақ елін сыртынан бақылап, қазаққа қатысты жаңалықтарды қалт жібермей оқып жүретін ізденімпаз, көзі ашық, көкірегі ояу азамат деуге болады. Мен Қытайға келгелі біздің қарым-қатынасымыз тәп-тәуір. Көптеген тақырыпта ашық сөйлесетін болғандықтан да Жұмабекті осы жолы тағы да әңгімеге тарттым:
…Сенің ойыңша неге бұлай, Жұмеке? Осының бір ұшы Қытайдың социалистік саяси жүйесімен байланысып жатқан жоқ па? Яғни, адамның тәуелсіз ой-санасын бұғалайтын бұл жүйенің ықпалы бар деп ойламайсың ба дегенім ғой…
Рас, тіл мәселесі дейін десем, ана бір жылдары мен Бейжіңде оқығанымда қазақ тілді қазақ жігіттермен отырыста болғанмын. Сонда арамызда айтар сөз, ортақ әңгімеміз болмады… Сондықтан, мұның себебін бірді-екілі фактормен түсіндіріп кету қиындау сияқты. Бірақ сіздің сөзіңіздің де жаны бар. Қанша дегенімен де, кім не айтса да біздің – Қытайдағы қазақ қоғамының қытайласып бара жатқаны шындық! Қытайдың заңы мен саясатына тәуелді халық болғандықтан тіпті бұл жағдайдың болуының өзі табиғи заңдылық та ғой… Ол дегеніңіз, біз қоғамдық пікір қалыптастыру, адам құқықтары жайында талас-тартыстар жүргізуден жоқ қоғамбыз деген сөз. Бұл да жоғарыда аталған мәселеге бір себеп болады ғой деп ойлаймын…
Қазақстан БАҚ-ы таратып жатқан күнделікті ақпараттардан қол үзбей, интернет парақшалары арқылы Қазақстанда болып жатқан жалпы жағдайларға қатысты қазақ қоғамының пікірлерін оқып тұрасың… Сені таң қалтыратын немесе сенің пікіріңе қайшы келетін дүниелер бар ма?
Маған Қазақстан қоғамының Қытайдан қорқатыны көңіліме қоныңқырамайды. Қытай әскер жіберіп басып алады екен деген сияқты негізсіз әңгімені көп қозғайды. Меніңше бұл Қазақстанда Қытай елін зерттейтін арнайы институттардың жоқтығынан, әрі синолог мамандарының сараптамалық мақалаларының аздығынан деп ойлаймын. Сөйтеді де әркім өзінше пікір таратады…
Сонда сенің ойыңша Қазақстанның Қытайдан қорғанбауы керек пе?
Жоқ олай дегенім емес. Айтқым келгені, Қытай тарихтан қарасаңыз да еш уақытта біреуге соғыс ашып, не болмаса басқаны жаулап кірген халық емес. Керісінше талайлардың езгісін көп көрген… Бар мәселе қытайдың санында болып отыр… Меніңше Қытай Орталық Азия елдеріне қатысты екі мақсатты ғана көздейді. Оның бірі – экономикалық мүдде. Қазір Қазақстанның ірі жол құрылыстарын жүргізіп, ал олардың алпауыт мұнай компаниялары Қазақстанның мұнайына ортақтасып отыр. Бұл дегеніңіз, бәрінен бұрын Қытай Қазақстанға сан мыңдаған жұмыс күшін кіргізіп отыр. Ертең сол жұмыскерлердің Қазақстанды тұрақтап қалмауына ешкім, ешқандай кепілдік бере алмайды. Қазақстан әсіресе, алдымен осыдан сақтануы керек! Әрі геосаясатты күшейту қажет. Мысалы Еуропаның көптеген ірі қалаларында қытай аудандары мен көшелері бар. Ол көшелер күн сайын «ұзарып», аудандар «ұлғайып» жатыр… Қытайға маңызды келесі бір мәселе – Қазақстан қоғамының тұрақтылығы. Қытай Орталық Азия елдерінде түрлі террорлық бүлікшіліктің болмауына мүмкіндігінше көңіл бөліп отыр. Жақында ғана ШЫҰ-ның Қытайда өткен кезекті жиылысында, Қытай Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне бағытталған арнайы бағдарлама үшін тағы да 10 млрд.доллар қаражат бөлетінін мәлімдеді… Осы ұйым арқылы Шыңжаң (新疆xinjiang) аймағының тұрақтылығын сақтап қалғысы келеді. Қазақстанда алда-жалда қандайда бір жағдай туындай қалса, ол қазақтар көп шоғырланған сол Шыңжаң аймағына міндетті түрде ықпалы болады, сөйтіп тұрақсыздық орнайды деп есептейді… Жалпы Қазақстан Қытайға «аспан асты елі» деп оған бас көтеріп қарамай, керісінше өзімен қатар қойып, тең дәрежеде қарауы керек… Ал негізінен Қазақстанға қорғану керек болса сақтықты ең алдымен Ресейден бастағаны дұрыс қой. Қазіргі Ресейдің Қазақстанға ықпалы күн санап артып келеді… Қазақ қоғамындағы тіл мәселесі, жалпы қазақтың ұлттық мүддесіне қатысты дүниелерге Ресейдің тікелей әсері өте күшті деп есептеймін…
Ал Қазақстанның Қытайдан алары не, сеніңше?
Қазақстан Қытайдың ұсақ-түйек заттарын тасудан біртіндеп болсын арыла бастаудың жолдарын қарастыру керек сияқты. Одан да кішігірім өндіріс ошақтарын көшіру мемлекет үшін әлдеқайда тиімді болар еді. Шағын бизнестің осы түрін дамытса Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесіне де аз да болса ауыздық болуға септігін тигізері сөзсіз еді. Негізі бұл Қазақстан сияқты білдей бір мемлекет үшін аса қиын шаруа емес… Одан кейін Отандық тауарларды жасқанбай Қытайға экспортқа шығару керек. Әлдекімдер «Қытайға біздің тауар керек болмас?!» дейтін болар. Бұл қате түсінік. Жақында ғана бір жаңалықтан оқып қалдым: Қытайдың КунМинь (昆明kun ming) қаласында өткен бір халықаралық жәрмеңкеде, Оңтүстік Африканың бір азаматы Қазақстанның кондитерлік өнімін сатқан екен. Тәтті, таза құрамды шоколадтарды сондағы халықтың бірден талап алып кеткенін жазады. Бұл нені білдіреді? Мейлі қай елдің болмасын тұрмыс жағдайы жақсы халқы қашан да сапалы тауар тұтынады деген сөз. Қытай зат өндіруде әлемнің алдыңғы шебінде тұр десек те, мұндағы ауқатты жандар тіпті қарапайым тұрмыс заттарының өзін сол Еуропадан алады. Сондықтан, Қазақстан үшін Отандық тауар өнімдерін дамытуы өте пайда әкелетін жол деп айтар едім…
Қазіргі таңда осындағы қазақ отбасылары үшін Қазақстанға қоныс аудару мәселесі қаншалықты маңызды?
Мұндағы қазақтарды мен кемінде екі топқа бөлетін едім. Бірі (әсіресе Алтай қазақтары) – «Біз тұрып жатқан жер атам заманнан қазақтың жері. Біз ешқайда да бармаймыз» дейтіндер. Бірақ бұлардың қытайласпауына ерік қалмай бара жатыр. Өйткені ондағы қазақ мектептерінің бәрін жауып тастады деуге болады. Қазір ана тіліміз, әдебиетіміз қатардағы пәндердің бірі ғана болып қалды. Бір сөзбен айтсам, қазір ауылға барсаңыз жас балалар алдыңыздан қытайша амандасып жүгіріп шығатын жағдайға жеттік… Қазақшасын мүлдем ұмытқан жастар көбейіп жатыр… Екінші бір топқа (мемлекеттік жұмыстағылар мен еңбек жасындағы азаматтар) Қытай саясаты азын-аулақ жұмысын беріп, жағдайына қарайласып, бұл тіл, ұлт мәселесі жайында оларға тіпті тереңірек ойлануға ерік туғызбай отыр… Әлгі тілі қазақ болғанымен де жүрегі қазақ деп соға алмайтын, қазақша ойлай алмайтын дүбәралар осындайдан пайда болмаушы ма еді?!.. Ал жалпы айтқанда Қазақстанға біржола баруға ниеттілерлер көп. Бірақ сол қоныс аудару саясаты олар үшін ауыр тиіп жатыр. Неге екені түсініксіз, әсіресе Қазақстан жағы көп ауыртпалық жасап отырған сияқты…
Сонда сенің ойыңша нағыз қазақ қайда өзі?
Қазақтарды жерге бөліп қарауға болмас. Өз тілінде мақтанышпен сөйлейтін, ұлт мүддесін қашанда бәрінен биік қоятын, діні мен ділін сақтаған, еркін ойлы қазақтың азат ұлдары мен қыздары қайда болмасын бар. Және ел ертеңі соларға аманат болып қалмақ деп ойлаймын.
Қазаққа айтар уәжің бар ма?
Қытайдағы қазақ ағайындардың мәселесін сөз қылған әр жаңалық осындағы қандастарыңызды елең еткізбей қоймайды. «Қазақстанға құр алақан келмей білімімен, еңбек күшімен келсін…» деген сияқты пікірлер сіздер жақта жиі айтылады… Дұрыс! Қазақстан дейтін жас ел үшін біз сияқты халықтың маңдай тері керек. Оны барлығымыз қолдаймыз. Қолымыздан келетін көмекті аянып қалайық деп тұрған жоқпыз. Керісінше бір тамшы маңдай теріміз төгілсе сол Қазақстан үшін болса екен дейтін азаматтарда сан жоқ. Алайда ондай талапты жалпыға бірдей қоюға болмайды ғой. Біреудің денсаулығы жарамайды, енді бірі қарт болуы мүмкін деген сияқты… Бәрін айт та бірін айт біздердің маңдайымызда «Қазақ» деп жазылып, жүрегіміз «Қазақ» деп соғып тұрады. Мейлі қаншалық білімді, Қазақстанға пайдасы болсын біздер басқа елден келіп Қазақстанның азаматтығын алып жатқан өзге ұлттардан әрдайым бір саты жоғары тұруымыз керек деп ойлаймын. Себебі біздің қанымыз да, жанымыз да Қазақ! Сондықтан осындағы әр қазақтың Қазақстаннан үлесі бар деп есептеймін. Бірдеңені тындырып кетпесе де осында жүрген әр қазақ баласы өзінің қазақ екенін еш уақытта есінен шығармаған. Тіпті олардың еңсесін көтеріп жүретіні – сол «Қазақ» деген сөз ғана болуы мүмкін. Сол себептен де ол жақтағы ағайындардың Қытайдағы бауырлары жайында оғаш ой білдіріп, көңілге су сепкендей қылатын ауыр сөздер айтпаса екен деймін. “Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” демекші, Қазақстанның шетке теппей қазақ деп бізді жақын тартар кезі жетті!
Салмақты ой айтқаныңа рахмет! Аман бол бауырым!
asspankz@gmail.com ertai.dosym.kz

Пікір жоқ әзірше