stupid love

Дэн Фогельман сценариі бойынша қойылған, Глен Фикарра мен Джон Рекуа режиссерлерінің романтикалық комедия – драмасы өте керемет түсірілген екен.
Фильм Америка Құрама Штаттарында 2011 жылдың 29 шілдесінен бастап көрсетіле бастады, Ал Қазақстанда болса, күз мезгілінің ортасында прокатқа шықты. Осы картина сыншыларға да, көрермендерге де ұнаған және ол, прокаттан шамамен 140 миллион доллар пайда түсірген.
Қысқаша мазмұны мынадай: Пуритандық тәртіптегі Кэл Уивердің (Стив Кэрелл) жасы қырықтан асты және оның басқа арманы қалған жоқ: жұмысы бар, үйі бар, балалары бар және мектептен бері келе жатқан сүйіктісіне үйленген. Бірақ Кэл, оның әйелі басқа біреумен, нақтырақ айтқанда өзінің жұмыстасы — Дэвид Лейндхагинмен измена жасап, ажырасқысы келетіндігін білгенде, оның өмірі күрт өзгереді. Яғни, ол өзін еркек ретінде жоғалтып алады, сол сезімін қайта іздеуге, табуға, жандандыруға көшеді.
Сөйтіп күндердің бір күнінде өмірінде тек бір әйел болған Кэл, барда көңілі түсіп отырған кезде, тәжірибелі мачо Джейкоб Палмерге (Райан Гослинг) кездеседі, Палмер оны жақын адамына ұқсатып, оған осы қиын жағдайдан шығуға, әйелін ұмытып, жаңа өмір бастауға көмек береді. Бір сөзбен айтқанда, Джейкоб оның көзін ашады, бетінен шапалақпен ұрады, дұрыс киінуді үйретеді.
Кейін, тоғыз әйелмен болып өзіне тәжірибе, сенімділік жинаған Кэл, тек өзінің әйелін сүйетіндігін түсінеді. Және оны көрген бұрынғы әйелі, үйлесімді, өзінің өлшемімен киіне бастаған бұрынғы күйеуін танымай, жасаған қателігіне қатты өкінеді, күйеюіне бұрыннан бері неге осындай болмадың деп типа…
Сөйтіп ақыр соңында екеуі бір — біріне түсіністікпен қарап, қайта қосылады. Міне, нағыз махаббат деген осы!
P.S. Осы киноға түскен танымал актрисалар қатарында Мариса Томей, Джулианна Мур, Эмма Стоун бар.
Әрі қарай

«Ливиядағы қақтығыс» үздіктер қатарында

Муаммару Каддафи жатқан жерің жәннатта болсын!25 наурыз, VIII кезекті Қытай халқаралық ақпараттық фото сурет жарысының саралау нәтижесі Чжэцзян өлкесінің Ханчжоу қаласында жарияланды. Реитер агенттігі жолдаған Горан томасевиктың «Ливиядағы қақтығыс» атты суреті соғыс, апат түріндегі сурет топтама түрінен озып шықты. Сурет топтамасындағы «Муаммару Каддафидың өлімі» атты сурет осы реткі фото сурет жарысының 1 дәрежелі фото сурет силығына ие болды. (Щинхуа агентігі)
Әрі қарай

Театр немесе Теңдік!

Әр адам өзінің теңін, серігін іздейді бұл өмірде. Және әр адамның өзінің идеалы болады. Ол идеал адам – әдемі, тәртіпті, жаман қылықсыз және әрқашан да қызықты болу керек. Бірақ, неге біз бастапқыда жақсы деп кездестірген адамымыз ойымыздағыдай болмай шығады.
Өйткені бастапқыда әрқайсысы актер болады, яғни өзіне берілген рөлін ойнайды. Өзінің жаман жақтарын жасырып жақсы қырларын көрсеткілері келеді, негізінде ондай бола тұрмай, бір сөзбен айтқанда ұнағылары келеді. Сөйтіп, көбісі керісінше кемшіліктерімен қосылудың орнына, артықшылықтарымен санасады, бірақ кейін, Бауыржан — шоуда айтылғандай «штор ашылады».
Ұлы Шекспирдің өзі кезінде осы бойынша әзілдеген:
«Менің қай кемшілігіме ғашық болдың?» – деп сұрайды Бенедикт. «Барлығына бірдей» — деп жауап береді Беатриче. «Әйелдердің азғантай кемшілігін кешірмейтін еркектер, керісінше олардың артықшылықтарынан айырылады», деген екен Д. Х. Джебран. Және осы айтылған сөз тек еркектерге ғана емес, әйелдерге де қатысты.
Әрі қарай

Көрмеге шақырамыз!

2012 жылдың 28 наурызында, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі ашылады.
Әрі қарай

Шалдардың бәсі

Бала кезімде атамның атының артына мінгесіп тарауық намазына баратынмын. Соғысты көрген үлкендердің бір шетін көріп қалдым соның арқасында. Бірақ бұл жазбаның соғыс көрген шалдарға қатысы жоқ. Менің атам 1936-шы жылғы. соғыс кезінде өгізбен жер жыртқан, тас диірмен тартқан бала.Нағыз балалығын ұрлатқан буын өкілі…
Әрі қарай

Үш тал гүлдің ақыры

Аптап ыстығы доңыз шыңғыртқан шілденің бір күні еді зайб. Білә кәк рәз судың көбейіп, алқапты шылқытып суғарып жатырмын. Құлаштап тұрып кетпенді сілтеймін келіп, сілтеймін келіп. Кетпенімде жануар мықты екен, сыр бермеді, кіріп шыққан сайын айызы қанып, тағы да ұршы тағы ұршы дегендей жылтырайды. Содан діңкем құрып бір түп тұттың түбіндегі шалабымды ішіп дем алайын дедім де жағаға шықтым. Көзім сығырайып Батысқа қарасам күн еңкейіп белі бүйірейіп қалған екен.
— Қой, ертеңге де жұмыс қалсын, үйге қайтайын!-деген әзәзіл ой сап ете қалды санама. Арты екі айыр шапанымды желбегей жамылдым да, қашанда қорасында жем жегенін елестетіп, құлағын қамшылап тұратын көк есегімнің жауыр болған жауырынына жармаса бердім. Сукі саржайлауды айтып нәрмәлні нәстрениемен үйге келсем алдымнан шыққан үйдің жүгермегі көрші Гуляның бүгін туған күні, қонаққа екі-үш группаласы келетінін, сол бешірге менің де шақырылғанымды естірткенде нәстриениен нәскиге кетті. Қонаққа барудан емес әрине қалтаға салып баратын тиын-тебеннің соңғысып қағып, темекі-семекі, пиві-сиві алып қойып едім білә суғабара жатып.
Тамақ үстінде ойланып отырып бір жаман ой келді басқа. Бәте қайырғаннан соң көршінің үйіне мысықтабандап жылжып бардым да есігінің алдындағы өсіп тұрған үштал раушан гүлін қатыгездікпен жұлып, тылға қарай шегініп кеттім.
Сынық айнаның алдында тұрып өз-өзімді жөнге келтірдім әнәсс. Жігіт деген атым бар емес пе сукі. Жау бірінші түріңе қарайды, сосын сөзіңе қарайды деген мәтелді өзімше пайдама жаратқан түрім білә. Қарасам жаман емеспін. Кәк рәз кір көтерумен әлектеніп жүрген кезім. Екі иығыма екі есек сыймаса да екі пиві сиятындай кең болып қалған екен. Шайтан базардағы кәріс Любовтың бұтығынан алған иығы көк жейдем денеме әдемі ақ жарасып тұр.
Гуляның үйіне кіріп бара жатып сығыр көзім әйел жыныстылар киетін түфлилерді санап өтті сукі. Үйде шамасы екі-үш емес бірнеше қыз бар бар ау. Екі қолымды бір ысқылап қонақ бөлемеге де жақыпдап қалыппын пасық оймен келе жатып. Кіре берісте Гуляның өзі встречный кездесіп қалды. Аваринкіні жағып қойып Үш тал гүлді сыйладым өзімше маңғазданып сукі. Ол мәз боп қалды. Мәз болмай бұл дәстүр штатта бірінші боп тіркеліп тұрса. Дәл осы маңызды оқиғаны төрде отырған қыздардың ішінде сұңғыла қыз байқап қапты. Оны кейінірек есітттім ғой. Отырыс басталды, тамақ желінді, енді бидің кезегі келді. Біздің де күтіп отырған сәтіміз осы емес пе сукі. Бақ шаба ма бап шаба деп ирелең сирелең етіп билеп жүрміз. Қашанда свет өшіріліп, бәліс билейтін сәтті тағатсыздана күтіп жүрген жандардың саны көп екендігін сезіп тұрмын сукі. Ол сәтте келді, мен де сукі мәментті жебермейін деп бағанағы сұңғыла қыздың шаужайына жармаса бердім. Екі қол белде. Онікі кетпен иықта. Әңгіме ауанына қарағанда қыздың ойы маған кет әрі емес екендігін түсіндім. Сөйтсем сукі ол мені қаланың жігіті деп ойлап қалған екен. Штатта гүл пәдәріт ету панятиеде жоқ деп ойлайды екен сукі. Мен іс-әрекетім бұның тұжырымымын теріске шығарған екен байқұс. Обалы не керек Ақалдың текесі сияқты сирақты келген қыз екен. Еріндері шиенің суын салафанға құйғандай қып-қызыл екен. Жемтігімді қашан жеймін дегендей жүрегім текеше орғып тұр. Бешір біткен соң шығарып салдым Қызды қонақ күтушімен бірге. Арада көп өтпей терезеден етегі жалбаң етіп біреудің түсіп келе жатқанын менен басқа ешкім байқамаған шығар. Содан сукі екеуміз арықтың жағасына барып (бізде сукі табиғат дегеннен түк жоқ қой бұлақ-сұлақ, тау-пау дегендерден) екеуміз біреуін орадық та, бірәз кәкір-шүкірді әңгіме отырғанда менің қолым байқамай оның денесіне жақыпдап кетуі мұң екен шіркін, дүние шыр көбелектей айналып жүре берді…
Әрі қарай

Сейсенбі күні әлемдегі ең бай жиырма адам биржаның құлдырауынан $11,3 млрд зиян шекті

Әлемдегі ең бай жиырма адам бір күнде өз байлықтарын $11,3 млрд сомаға қысқартты. Бұған себеп Европа елдерінің статистикалық мәліметтерінің нашарлауымен Грекияның негізгі қарызының ректуризацияға ұшырауы себеп болды. Оған Bloomberg Billionaires Index, дәлел бола алады деп хабарлады РИА Новости.

Осы индек бойынша АҚШ-тық миллиардер Уоррена Баффет 407,3 миллион доллар жоғалтты. Қазір оның байлығы 43,9 миллиард доллар құрайды.

ArcelorMittal басшысы Лакшми Миттала (Lakshmi Mittal) 918 миллион доллар жоғалтты, яғни 4% және оның қаржысы о 22,3 миллиарқа дейін азайды. Компания акциясы Амстердам биржасында 5,5% құлдыраған. Осылайша әлемдегі 20 байлар арасынан шығып қалды. Ол қазір не бәрі 21 орында тұр, деп жазады Bloomberg.

VMH Moet Hennessy Louis Vuitton (MC) SA и Inditex SAL қожалары Европалық магнат, Бернар Арно (Bernard Arnault) және Амансио Ортега (Amancio Ortega), 1,2 миллиард долларға жуық қаржыларынан айырылды.

Microsoft басшысы Билл Гейтс биржада 805,4 миллион доллар жоғалтты — қазіргі байлығы 61,3 миллиард доллар. Las Vegas Sands Corp. (LVS) казино операторы Шелдона Адельсона (Sheldon Adelson), сейсенбіде 765,5 миллион доллар жоғалтты.

Google Inc. негізін қалаушылары Сергей Брин (Sergey Brin) және Ларри Пейдж (Larry Page) әл ауқаты 560 миллион долларға құлдырап, Google акциясы 1,5% төмендеген.

АҚШ -тың қор нарығы 1,3-1,5%ға түссе, Европа нарығының жағдайы одан да нашарлап 1,8-3,6% құрады. Егер Грекияның жағдайы шешілмесе Еуразона аймағы 1 триллион евроға қораға кіреді…
Ерікті қарыз жабушылар мемлекеттік облигацияның 75% құрамаса жағдай қйындамақ. Грекияны қадағалаусыз дефолт жайламақ. Халықаралық қаржы институты (IIF), осындай ақпар таратты.

Осылайша бір мемлекеттің жағдайына бола жеке адамдар өз қаржы-қаражаттарын жоғалту үстінде…
Әрі қарай

Газет-журнал шығарғысы келетіндерге кеңес

ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының бір бабына сәйкес (заңға өзгеріс енгізгенде баптардың реттік саны ауысып кетеді, соңғысында 15-бап екен), мерзімдік басылымдардың әрбір санында (басылымның "құжатында") мынадай деректер көрсетілу керек:
  • басылымның атауы;
  • меншік иесі (құрылтайшысы);
  • (бас) редактордың тегі мен инициалдары;
  • тіркеу куәлігінің нөмірі мен оны берген мекеменің атауы;
  • басылымның шығу жиілігі;
  • басылым санының реттік нөмірі мен жарық көрген күні;
  • тиражы;
  • редакцияның мекенжайы, баспахананың атауы мен мекенжайы;
Әрі қарай

Журналистерге сауат ашу дәрістері. 2-сабақ: Дайджест деген не?

Журналистерге сауат ашу дәрістері. 1-сабақ: копирайтиң, рирайтиң және қарақшылық

Сауатсыз әрі ұры журиктерге арналған екінші сабағымыз «дайджест» түсінігі жайлы болмақ.
Ұры журналистерм ен ұрлыққа көтз жұма қарайтын редакторлардың сұмдық қарақшылықтарының шырқау шегін газеттің бір санын толықтай ұрлықы мақалалармен толтыру әрекетінен байқау әсте өиын емес. Ондай газеттер толып жатыр.

Интернет-ресурстардан мақала ұрлап, оны газеттерінде басып шығарып, «Газет шығарып жатырмыз!» деп кеуде керетіндерге ескертетінім: сіздердің шығарып жатқан газеттеріңіз әдеттегі газет емес. Ондай газеттердің контенті дайджест форматындағы басылымның контентіне сай келеді.

Дайджест деген не пәле? деп отырсаңыз… Дайджест дегеніміз ағылшынның digest сөзінің қазақша баламасы. Жалпақ тілге салып айтар болсам, дайджест дегеніміз әр түрлі ақпарат көздерінен жиналған, кейде маңызды жерлері ғана берілетін басылым. Оның жинақ, кітапша, немесе журнал типтес баспа өнімі болуы мүмкін. Дайджест қағазы арқылы емес, ішіндегі әр жерден жиналған контенті бойынша ерекшеленіп тұрады.
Әрі қарай