Шалдардың бәсі
Бала кезімде атамның атының артына мінгесіп тарауық намазына баратынмын. Соғысты көрген үлкендердің бір шетін көріп қалдым соның арқасында. Бірақ бұл жазбаның соғыс көрген шалдарға қатысы жоқ. Менің атам 1936-шы жылғы. соғыс кезінде өгізбен жер жыртқан, тас диірмен тартқан бала.Нағыз балалығын ұрлатқан буын өкілі…
Ол кезде мешітіміз кішкентай.Бұрынғы контор. сол кішкене мешітке ауылдың шалдары симай қалатын еді.Қазір дәу мешіт салған.Бірақ, соған баратын шал да қалмады.сүйегі асыл шалдардың көбі ана жаққа кеткен.Біздің атамыз секілді үйдің маңында ғана жүріп-тұратындардан 6-7 шал ғана қалған болар.
Тарауық намазынан соң әркім үйіне қонаққа шақыратын дәстүр бар еді. Негізі мешіт ашылмай тұрғанда да шалдар әр үйде ауыз ашып, кейіннен сол үйдің бір бөлмесінде намаз оқитын.Мешіт бар болғандықтан мешіттің сауабы мол деп сонда баратын болды.
Сондай бір үйде ет жеп, шай ішіп отырған шалдар түрлі әңгімені жіберіп отырған.Жас шамасы менің атамнан бір-екі жасқа ғана үлкен (қазір марқұм болып кеткен) Төлепбек деген шал бар болатын. сол шал мен біздің шал бірдеңеге дауласып қалды. Сондағылары сонаааау жетпісінші жылдары шабандар тойында бір қыз бәйгеге шауып бірінші орынды алған екен. Төлепбек ол қыз кейініректе қайтыс болған дейді.Менің атам тірі, ауданда тұрады деп бой берер емес. Содан, жұрттың көзінше екі шал қол алысып бәстесті.Бәске тіккендері астындағы аттары. Біздің шалдың астындағы «Мысық қара» атанып кеткен тапал ат.Талай бәйгеде жүлделі орындарға ілігіп жүргентін.Үлкен кісіге мінуге ыңғайлы деп атамызға аласа бойлы атты мінгізгенбіз. Төлепбектің астындағы күрең қасқа ат. Бәйгеге қосылмаса да, әдемі жүрісті, жүйрікке лайықты пошымы бар жылқы еді. Менің жүрегім зу ете қалды. атамның сыры өзіме мәлім.Құдайдың құтты күні кемпірі (әжем) екеуі дауласып, содан әжемнің сөзі шындыққа жанасып отыратын.Факт-фактпен көрсеткенде. Адам аттарын шатыстыра салу атама тән қасиеттердің бірі. Атсыз қалу қауіпіміз жоғары. Содан үйге келісімен әжеме болған жайды баяндап бердім. «Ол қыз тірі,қазір кемпірлікке аяқ басты ғой. Аудандағы Әбдухамит қайнымның үйінің артындағы үйде тұрады» демесі бар ма? Ертеңіне күндіз бәстешкіш екі шалды, куә болған шалдардың ішіндегі «весавой» екі шалды салып алған машина ауданға бет алып бара жатты. сонымен әлгі әйел атқа шауып, бәйге алғанын растап берді. Бірақ, күреңқасқа атты өзі айтқандай баласына жетектетіп беріп жібермеді Төлепбек ақсақал. Атам болса қатты қажаған да жоқ. «Бұл управ болып жүргенде арам еді, атаңа нәлет қу қыпшақ әлі сондай» деді де қойды.
Кейініректе мен Балқаш қаласында оныншы сынып оқып жүргенімде Төлепбек қайтыс болды дегенді естіген кезімде үйге звондап«Марқұмның қарызы бар ма?»дегенде күрең қасқа атты неге сұрамадыңыздар" деп қалжыңдағаным есімде. Еһ, даламның дархан шалдары-ай!

Пікір жоқ әзірше