Газет-журнал шығарғысы келетіндерге кеңес

ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының бір бабына сәйкес (заңға өзгеріс енгізгенде баптардың реттік саны ауысып кетеді, соңғысында 15-бап екен), мерзімдік басылымдардың әрбір санында (басылымның "құжатында") мынадай деректер көрсетілу керек:
  • басылымның атауы;
  • меншік иесі (құрылтайшысы);
  • (бас) редактордың тегі мен инициалдары;
  • тіркеу куәлігінің нөмірі мен оны берген мекеменің атауы;
  • басылымның шығу жиілігі;
  • басылым санының реттік нөмірі мен жарық көрген күні;
  • тиражы;
  • редакцияның мекенжайы, баспахананың атауы мен мекенжайы;

Бұны жазып тұрған себебім мынада:
Ұрлық жасаған газеттердің басшыларының көбісі қайда тіркелгендерін де білмейді. Байланыс және ақпарат министрлігінен тіркеуден өтсе де ескіше «Мәдениет және ақпарат министрлігінің....» деп кетеді. Сөйтсек олар бұрыннан бері шығып жатқан газеттердің бірінен көшіріп алады екен ғой әлгіндей деректерді

Алматыда жоғарыда аталған деректердің растығы мен барлығының болуын Ішкі саясат департаменті тексереді екен. Егер қате кетсе, айыппұл салулары да мүмкін. Өйткені газет шығарушылар заңды бұзған болып саналады. Ал Шымкентте "Әй дейтін әже, қой дейтін қожа" дегеннің дәл өзі. Газеттер көп, бақылау жоқ. Қате ме, дұрыс па, ешкімнің шаруасы жоқ.

Аталған заңның шикіліктері көп. Оның бірнеше жыл бұрын блогтар мен чаттарды, форумдарды да БАҚ қатыран қосып қойғанынан білеміз. Заңның келесі бір шикілігі ретінде газет-журналдарының таралымын асырып жазатын редакцияларды жазалау туралы нақты баптың болмауын айтар едім. Атын адам естімеген газет-журналдар таралымына 30-40 мың деп қояды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше