Журналистерге сауат ашу дәрістері. 2-сабақ: Дайджест деген не?
Журналистерге сауат ашу дәрістері. 1-сабақ: копирайтиң, рирайтиң және қарақшылық
Сауатсыз әрі ұры журиктерге арналған екінші сабағымыз «дайджест» түсінігі жайлы болмақ.
Ұры журналистерм ен ұрлыққа көтз жұма қарайтын редакторлардың сұмдық қарақшылықтарының шырқау шегін газеттің бір санын толықтай ұрлықы мақалалармен толтыру әрекетінен байқау әсте өиын емес. Ондай газеттер толып жатыр.
Интернет-ресурстардан мақала ұрлап, оны газеттерінде басып шығарып, «Газет шығарып жатырмыз!» деп кеуде керетіндерге ескертетінім: сіздердің шығарып жатқан газеттеріңіз әдеттегі газет емес. Ондай газеттердің контенті дайджест форматындағы басылымның контентіне сай келеді.
Дайджест деген не пәле? деп отырсаңыз… Дайджест дегеніміз ағылшынның digest сөзінің қазақша баламасы. Жалпақ тілге салып айтар болсам, дайджест дегеніміз әр түрлі ақпарат көздерінен жиналған, кейде маңызды жерлері ғана берілетін басылым. Оның жинақ, кітапша, немесе журнал типтес баспа өнімі болуы мүмкін. Дайджест қағазы арқылы емес, ішіндегі әр жерден жиналған контенті бойынша ерекшеленіп тұрады.
Дайджесті айдарлар мен тақырыптар бойынша, уақыттық ерекшеліктер бойынша шығаруға болады. Интернет сайттарда да дайджест жасауға болады. Бірақ қазіргі кезге дейін Қазнеттің әжетханасына айналған 1-2 сайт «дайджест дегеніміз орыс тіліндегі мақалаларды жариялау» деп түсініп жүр. Олар қателеседі. Дайджест дегеніміз қазақтілді сайтта орыстілді мақалалалар жариялау емес.
"Дайджест дегенің — осы екен" деп, Интернет-сайттардан мақала ұрлай беруге болмайды. Шығаратын дайджестіңіз ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына қайшы келмеу керек. Бұл не деген сөз? Бұл дегенміз сіздің дайджестіңізде жарияланатын мақалалар автордың немесе редакцияның рұқсатымен жинақталу керек, міндетті түрде ақпарат көзіне сілтеме берілу керек. Ісіңіз оңай болу үшін тұрақты түрде мақала алып тұратын ақпарат көзімен алдын ала келісімге келіп алуыңызға болады.
Суретте әлемдегі ең танымал дайджест Reader's Digest басылымы.
Сауатсыз әрі ұры журиктерге арналған екінші сабағымыз «дайджест» түсінігі жайлы болмақ.
Ұры журналистерм ен ұрлыққа кө

Пікір жоқ әзірше