Strikeforce: Кормье vs. Барнетт

Ал, қадірменді төбелессүйерлер, өзімізге арнап бір пост жазып жіберсек!

Осыдан тура бір апта бұрын Strikeforce гран-при финалы болып өткен еді. Аталмыш жарыстың басты кездесуі 2004 жылғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен АҚШ құрамасында өнер көрсеткен Даниель Кормье мен 2002 жылғы UFC чемпионы Джош Барнеттің арасында болып, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша Кормье жеңіске жетті. Есеп: 49-46, 50-45, 50-45

Әрі қарай

Көмектерін керек қымбатты достар!!!

Достар мен жана сайт ашкан едім.Ол сайт атау saz-alemi.ucoz.net енді осы сайтты дамыту ойымда бар!!!
Сіздерде осы сайтты дамыту га ат саласыды деп ойлаймын!!!

Қазір ашқан сайтымда тек онлайн тындауга болады авторлық құқыққа байланысты!!! Ат саласымаын деушілер болса оз достарыныз га осы жана сайттын ашылганын айта отырасыздар!!!
Қазақстандық сайттарды дамытайық!!!
Құрметпен Талгат!!!
Әрі қарай

Ертең басталатын үшінші ортаазиялық форумда Интернет саласына қатысты айтылған болжамдар мен қабылданған шешімдер талқыланады



Мамыр айының 18-19 жұлдызында Алматыда жыл сайын ұйымдастырылып отырылатын «Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012» форумы өтеді. Аймақтағы Интернеттің даму деңгейін халықаралық мамандар мен 4 ортаазиялық республикадан келген сарапшылар бағалайды.
Әрі қарай

Ел көшкенде

«Мама»-"«Тақиялы періште» кинофилімінен. Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен Меруеш Башайдың(Бүгін Алматыда Құрманғазы оркестрімен концерті өткелі жатыр) орындауында. Оркестрдің бас дирижері-Ерлан Бақтыгерей.
04 Дорожка 4

«Ел көшкенде»-орындайтын Меруеш Башай.
01 Дорожка 1
Әрі қарай

ҚОлӨнЕрШіЛеРгЕ БіР КеҢеС

Салем, барлық қолөнерге қызығушылық танытушы бикештерге(және жігіттерге)!!! Алматы қаласының тұрғындары болса, сіздерге міндетті түрде ФУРНИТУРАҒА бір барып қайту керек. Ол жерде сіздерге керек барлық саймандар бар. Өзім аралаған фурнитуралардың ең үлкені Атакенттегісі. Бір кірген адам, құры қол шыға алмайды. Міндетті түрде барыңыздар )))
Әрі қарай

Павел Недвед

Павелдің ең алғашқы жоғары деңгейдегі клубы — «Дукла» болды. Оның сапында жартылай қорғаушы 1991-1992 жылғы маусызда 19 ойын өткізіп, 3 доп соқты. Сосын «Спартаға» ауысты. Бұл клуб Недвед үшін Еуропаның мықты клубтарына өтуіне көпір болды. «Спартада» 4 маусым ойнап (98 ойын, 23 гол) ол Италияның «Лациосына» ауысады. Римдік Клубтың белді ойыншысына айналған — Недвед, Лациода 5 маусым өткізеді.
Әрі қарай

" Көңіл күзі "

Тосырқанып, тежеулеген кезім бұл,
Жан жарасын жаза алмады сөзім сыр.
Кеудемдегі көңіл күзден айығар,
Көктемінде көктемеді сезім гүл.
Күз де келді көңіл қайта қамықты,
Сары табынан сағыныштың зарықты.
Көңіл атты көмескілеу архивте,
Сол бір жанның бір бейнесі қалыпты.
Санадағы сан сауалдың толғағы,
Асыл елес жанды бейне болмады.
Ажарыңа айдың нұры шағылған, алтын ба едің,
Қадіріңді біле алмаған қолдағы.
Сыздап жүрек, сан күрсінген бұл кеуде,
Төрімдесің тілім бармас тілдеуге.
Сезімнен де, өзімнен де жерініп,
Жырақ жүрмін ел баспаған сүрлеуде.
Әрі қарай

"Жүрек назы"

От болған осы құштарлық
Махаббат отқа күйер ме ем
Жырлары мендік жүректің
Жаныңа жылы тиер дем
Тәңірдей жалғыз табынған
Махаббат атты кием бе ең
Ойымнан шықпай осы күн
Түсіме түнде жиі енсең
Сырлыда сұлу сезіммен
Өзіңді ғана сүйем мен
Көрмесем сені сағынып
Сарсаң бір ойға саласың
Бақытым болып бұйырған
Арманға алып барасың
Көркіңе тоймай көздерім
Жалтақта жалтақ қарасын
Асығып сені көруге
Қал сұрап сәлем беруге
Таусыпта біттім сірә мен
Шыдамымныңда шарасын
Әуреге салма тым қатты
Өзіңді сүйген жүрекпен
Жаралған қазақ баласын.
Нұрланған сенің көздерің
Мөп-мөлдір мұңсыз тұп-тұнық
Күрсінген кезің көңілдің
Жүресің солай ұмыттырып
Жалғыз қалды-ау деп жабырқап
Өзімді қатты жазғырам
Қойдым деп сені күттіріп
Жыр оқимын, кейде сыр айтам
Халімді солай ұқтырып
Алтындай арай таң нұры
Ардағым асыл аяулай
Басымнан кешкен сезмнiң
Алам ба барын баяндай
Көргенде көңіл сырларым
Айтыпта қоям аянбай
Өзіңе жие асығам
Қуана құшақ жаярдай
Жүрегіңде болса бір сезім
Әрі қарай