"Қара киімділер 3" - қазақ тіліндегі трейлер


"Қара киімділер 3" (Люди в черном 3; Men in Black III) блокбастері қазақ тіліне дубляждалғанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Енді Интернетте пайда болған трейлерін жарияламақпыз.

Агент Джей өзге әлемнен келетін қауіптің бетін қайтара алатын ешқандай галактикалық қалқанның жоқ екенін біледі. Агент Кей оны құрастырмаған екен, өйткені ол 1969 жылы қаза болған. Агент Джей уақытқа сапар шегіп, Жерді және өзінің серігін құтқаруы тиіс.

Елі, жылы: АҚШ, 2012
Жанры: фантастика, боевик
Режиссері: Барри Зонненфельд
Рөлдерде: Уилл Смит, Эмма Томпсон, Элис Ив, Джош Бролин, Томми Ли Джонс, Билл Хэйдер, Николь Шерзингер, Джемейн Клемент, Рип Торн, Майкл Стулбарг
Қазақ тілінде дыбыстағандар: Азамат Қанапия (агент Джей — Уилл Смит), Шалқар Үркімбаев (жас агент Кей — Джош Бролин), Балтабай Сейітмамытов (ересек агент Кей — Томми Ли Джонс), Бақытжан Әлпейісов (шеф Зед — Рип Торн), Сәуле Тұрдахунова (жас агент Оу — Эллис Ив), Бағдагүл Қойшыбава (ересек агент Оу — Эмма Томпсон), Ержан Түсіпов (зұлым Борис — Джемейн Клемент), Рита Күмісқалиева (зұлым Лилли — Николь Шерзингер), Нышанбек Жұбанаев (Гриффин — Майкл Сталберг)
Қазақстандағы премьерасы: 24 мамыр, 2012

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше