Павел Недвед

Павелдің ең алғашқы жоғары деңгейдегі клубы — «Дукла» болды. Оның сапында жартылай қорғаушы 1991-1992 жылғы маусызда 19 ойын өткізіп, 3 доп соқты. Сосын «Спартаға» ауысты. Бұл клуб Недвед үшін Еуропаның мықты клубтарына өтуіне көпір болды. «Спартада» 4 маусым ойнап (98 ойын, 23 гол) ол Италияның «Лациосына» ауысады. Римдік Клубтың белді ойыншысына айналған — Недвед, Лациода 5 маусым өткізеді.
Футбол, тек қана футбол!: Павел Недвед

2001 жылы Недвед 50 млн. долларға туриндік Ювентуспен келісім шартқа отырады. Оны «Реалға» кеткен Зинедин Зиданның орнына шақыртқан болатын. Өзінің «Делле Альпиде» өткізген алғашқы маусымында Недвед бар қабілетін көрсете алмады.
Футбол, тек қана футбол!: Павел Недвед

Келесі маусым чех карьерасында ең күшті маусым болды. Ол Алессандро Дел Пьеромен бірге «Ювентустың» нағыз көшбасшысына айналды. Сол маусымда ол қарсыластар қақпасына 9 гол соққан болатын. Павелдің ойыны туриндіктерге екі жыл қатарынан Италия чемпионатын ұтуға көмектесті. Сонымен қатар, Италия соперкубогін де ұтып алған болатын.
Павел сол маусымда Чемпиондар лигасында да жақсы ойнады. Реалмен болған қарымта кездесуде сары қағаз алып, Чемпиондар лигасының финалында ойнай алмады. Финалда туриндіктер өздерінің лидерінсіз Миланға қарсы түкте істей алмады. Ойын соңындағы пенальтиден 3-2 боп ұтылып қалады.
Осы 2003 жылдың қорытындысы бойынша Недвед «Алтын доптың» иегері атанады. Ол соңғы 40 жылда осы сыйлықты алған бірінші чех болды.
Футбол, тек қана футбол!: Павел Недвед

Your text to link... Осы жерден алдым, суретті де
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше