Жолдауды қолдаушылар - жастар!
Жолдауды қолдаушылар — жастар!
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы сәуір айының 3 — ші жұлдызында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында «Жолдауды қолдаушылар — жастар!» атты жастар қоғамдық бірлестіктерінің облыстық форумын өткізді.
Форумның мақсаты: қазіргі таңда Қызылорда облысында 59 қоғамдық бірлестік тіркелген. Олар «Нұр Отан» партиясын жақтайды, оның шараларына белсене қатысады. Бұл форум Елбасының дәстүрлі жолдауын қолдап, жастар мәселесін, патриоттық тәрбие беру, отанға адал азамат болу мақсаттарын алға тартады. Әсіресе «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауылда тұрақтап еңбек етіп жатқан жастар үндеуі қатарластарын қаладан ауылға қарай бет алуына шақырады. «Жастар кадрлық резерві!» байқауы жыл сайын үміткерлерді саралап, кәсіби біліктілікке бастап келеді. Осы бағыттағы форум жастардың ынтымағын көрсетеді.
Форумға барлығы 70 -ке жуық студент жастар қатысты. Форум барысында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев сөз сөйлеп, жолдауда жастарға байланысты айтылған бағыттарды түсіндіріп, жолдауды қолдауға шақырды. «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының жастар саясаты жөніндегі консультанты Асылхан Елемесов те жолдауды әрдайым насихаттап жүру керек екенін атап айтты. Форум соңында облыс жастарының үндеуі қабылданды.
Әрі қарай