Әтөш. Балалар күніңмен!
Биыл біздің Айбек 5-ші класты бітірді. Соңғы бір-екі жылдардың күндері өткен сайын еститіні:
-Сен енді кішкене бала емессің, үлкенсің. Баланың қылығын істеме!
Тағы да сол секілді сөздерді еститін. Бәрінің мағынасы «сен үлкенсің, балалық қылықтан арыл» дегенді түсіндіреді.
Көптен күткен жазғы оқу демалысында ата-аналары уәде еткен жаңа жасөспірімдерге арналған велосипед сатып беруін күтіп жүр. Маусым айының бірінші сенбісі ата-анасының демалыс күндеріне сәйкес келетін болып шықты. Сол күні велосипед сатып алынатын күн болып тағайындалды. Күткен күн де жетті. Ата-аналары Әтөшті ертіп алып, базарда велосипед таңдап жүр. Сатушы сауда «балаларды қорғау күніне» сәйкес келгендіктен:
-Таңдауларыңыз жақсы. «Балалар күніне» орай балаңызға жақсы сыйлық болады, -дегенде, Әтөш ұялғанынан:
-Мен бала емеспін, -депті.
Бірақ Әтөш базардан үйіне қайтқанда қуанып келе жатыр. Жаңа велосипед иесі атану қандай болса да, баланы қуантатыны сөзсіз еді.
Мына жазбаның мән-мағынасы не? -деген сұрағыңызға жауап бере кетейін. Жақсы бір лозунг бар еді: «Баланың балалық шағын сақтаңдар!» деген. Үлкендер, баланың балалық шағын ұрламайық.
Әрі қарай

Internet Explorer 9-дың «tracking protection» мүмкіншілігін пайдаланайық. Түсінікті болу үшін бірден іске көшейік. Internet Explorer 9 көмегімен келесі интернет парағын ашып 

Ең алғаш Астанаға студент болып келген кездері «Нағыз қазақ осылар»(Вот настоящий казах) дегенде кекетіп жатқандай көретінмін. Бірақ, ойымды айтуға орысшам жетпейді. Үндемей жүре бердім. Орысшам жетілгенде бәріне айтармын дегенмін іштей.