Steve Jobs VS Shakerim Kudaiberdiuly



Ертең не мейрам екенін білмеймін, бірақ жоғары жақтағыларға рахмет пен дұғай-дұғай сәлем! Бұйыртса ертең үйде асханама жөндеу жасап, жарды басқа түске бояп, терезеге басқа жапқыш іліп, дәлізге Абайдың суретін ілемекшімін. Сонда Стив Джобсқа қарама-қарсы енді Абай тұратын болады. Мүмкін екеуі түнде сөйлесер))) Олар сөйлесіп, мен оны еститін болсам ғой шіркін!

Стив Джобс: Hello mister Abai. Welcome to Yerzhan's apartment! Nice to meet you!
Абай: Өй не дейді мынау, қазақша сөйле ініншек, қайда жүргеніңді білесің бе? Алаштың Атыраудағы штаб-пәтерінде жүрсің! Жарда ілулі тұрғаныңа 2 жылдың жүзі болды, немене қазақша үйрене алмадың ба?
Стив Джобс: О не дегеніңіз, кешіріңіз, Абай мырза. Үйреніп жатырмын. Енді қасыма сіз келдіңіз. Тезірек үйренетін болдым. Жақынырақ таныссақ, мен сіз жайлы Ержаннан естідім. Ол маған бір рет айтқан сіздің гений ініңіз жайлы.
Абай: Еее менде толып тұр ғой ініншек деген, айналып кетейін Оспанжаннан бастап Амалбек Өмертаевқа дейін іні деген менде жетеді. Қай інімді айтасың?
Стив Джибс: Абай мырза, атын ұмытып қалдым, Ш-дан келе ме, сондай, әйтеуір Ержан кейде соны айқайлап жүріп оқиды ғой. Оның ойынша қазақта одан асқан ақын жоқ екен.
Абай: Ееее, сен Шәкерімді айтасың ба? Тәйірі-ай, Толстойдың тілімен айтканда «он превзошел самого себя, сам даже не ожидал что из него выйдет такой гений» Парсы жаққа бет алып білім қу деген едім, пәллі, ол неме Парсы асып, Мекке, Медина, Стамбул, Парижге кетіп қалып білімді болып кетті. Білім деген сол ғой, қызығымен бір айналдырса, шыр айналдырады. Әттең қазақ арзан нәпақаның артымен кетіп, саф білімді игере алмай жүр…
Стив Джобс: Иә-иә, сол Шәкерім. Сіз гений деп қай жағын айтып тұрсыз?
Абай: Гений дегенде, ол мықты ақын. Жазғанын мына қалың қазақ оқыса, бақытты болар еді. Әй Стив інім, сен тыңда мені. Осы күнгі дәрігерлер емге дәрі береді екен. Сол дәрігерлерге айтар бір кеңесім бар. Олар ем-доға іздеп келген әрбір адамға Шәкерімді оқуға кеңес берсін. Жан саулығы — ден саулығы. Шәкең өлеңдерінің әрбір сөзі адам жүрегіндегі емші қолы жетпейтін небір-небір түкпірлеріне барып жайғасады. Жайғасқан соң адам керемет рухани ләззат алып, жаны жайлбырақат күй кешеді. Шәкерім өлеңдерінің әрбір сөзінде рухани витаминдер бар. Адамның бүкіл ауруы жүректен басталады. Пайғамбар айтпап еді солай. Жүрегі кірленген адамның қаны қарайып, сырты бүтін, іші түтін күй кешеді. Шәкерім өлеңдері бүкіл ауруға ем бола алады. Профилактика ретінде әрбір қазақ оны оқып тұру керек. Алдымен жүрек туралансын, кейін сана, тіл, құлақ өздері-ақ кәмілденеді. Міне, жаһанның талай мынау деген емшілерін он орап алатын Шәкерім өлеңдері осындай. Гений десе гений ғой біздің Шәкерім…
Стив Джобс: ммм, солай деңіз. Демек сіз Шәкерім мырзаның бірегейлігі деп ақындығын айтып тұрған екенсіз ғой. Менің ойымда бір гәп бар. Әлгінде Ержан ұйқыдан тұрып, көзін ашар-ашпастан менің жанымнан өтіп бара жатып: «Стив, сен гений емессің, гений деген ол Шәкерім деді. Бәтшағар неге екенін айта ма екен деп күтіп ем, онымен айтпады. Тек кейін баяғы әдетімен апыл-ғұпыл аяқ киімін киіп жатып: Неге десең сен әлемнің майталман технократтары жиналған Стенфордтың түбінде тұрып әрең дегенде бір телефоңды жасадың. Оны да Палоройд компаниясынан Билл екеуің ұрлап алдыңдар. Біліп қой, бізде Шәкерім деген гений бар. Сол Шәкерім 19-шы ғасырда дархан даласынан басқа дымы жок киелі Шыңғыстауда екі ауылды біріктіретін сымды телефон жасаған! Ол сен сияқты Стенфордта тұрғанда сені он орап алар еді. Менің шыдамым жетпей оған: „Ендеше нақұрыс, менің айфонымды қолданбай, Шәкерімімнің сым телефонын қолданбай не талтаңдап жүрсің“ — деп айқайладым артынан. Сұрайын дегенім сізден, сондай телефон болған ба шыныменен?
Абай: Иә, болған. Болғанда қандай! Шәкерім ақын ғана емес, бүгінгінің тілімен айтқанда технократ жан еді. Әлгіндей ойлардан бөлек, басы ойға тұнып тұратын еді. Екі ауылдың арасына сымды телефон жасатып ауыл тұрғындарына хабар алмасып тұруға мүмкіндік сыйлаған. Шәкерімнің сонда шат-шадыман боп секектеп күліп жүргенін көрсең… Көпекбайдың телефоннан адам даусын естіп „ооо шайтан!“ деген реакциясын көрсең)))) Бақыт деген сол еді..Қайран бақыт...Қайран Шәкерім… Неткен мүбәрәк саф жан еді…

Мінеки, Абайдың суретін бұйыртса ертең Стив Джобсқа қарама-қарсы ілмекшімін. Екеуі сырлассын. „Интеллектуалды“ әңгім-дүкен құрсын. Мүмкін суреттер өзара бізге белгісіз тылсым күшке ие болып, біз де бір нәрсе естіп қалармыз))))

Ертең мейрам дейді ғой. Маған белгісіз мейрам. Сонда да рахмет. Үйде өзгеріс енгізуге тағы бір керемет мүмкіндік! Ертеңгі мейрамды өзгелер тойлап жатқанда, мен де тойлаған болып, жоғары жақ не айтса, мен де басымды изеп, ләппай тақсыр, мейрам құтты болсын деп бақытты күй кешпекпін.
Сіздер де бақытты болыңыздар!

Ержан Алаш
Әрі қарай

Шымкентте "Домбыра Party"

Шымкент қаласында бүгін болып өткен «Домбыра Party» туралы баяндасам. 20-00 де Абай саябағында жиналған ұйымдастырушылар алқасы (Н.Құлымбетов, І.Бұрханов, С.Шерімбек, Н.Төкен және тб) негізгі шақырылған қонақтармен бірге саябақтан қолайлы орын тауып, ішкерірек, көк майсаға шеңберлене жайғасты. Патидің «біссімілдасы» Нұрғиса Асылбеков ағамыз бастаған Мәдіхан, Аршын деген жігіттер «Балбырауын күйін» орындап, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.



Осы күйден кейін Асылбек ағамыз жиналған көпшілікке «Домбыра Party»-дың шығу туралы мәлімет беріп, жүргізушілікті өз қолына алды. (Не айтқаны туралы кейінірек тоқталсам деймін, әзірге тек видеолар) Келесі әнді орындағандар Мәдіхан мен Аршын жұбы.



Келесі әнді Асылбек ағамыз өзі орындап шықты



«Домбыра Party»-дің дәстүрі бойынша жиналған көпшіліктен кәделер:





Күйдің кезегімен орындалуы және осы кештегі кәсіби домбырашы жігіттер Мәдіхан мен Аршын болды. (кейінірек толығырақ мәлімет беремін)



Арасында тағы бірнеше әуен орындалды. Бір жігіт сол заматта туындаған өлеңін әндетіп айтып берді. Бұл көпшіліктің үлкен қошаметіне ие болды. Қараңғы түсіп, жиналған көпшіліктің алды қайта бастаған уақытта Патидың соңғы кезеңіне таянғанын Асылбек ағамыз ескерте отырып, соңғы ән болсын, үйлеріңізге Шәмшінің әнін ыңылдап, айтып қайтыңыз деп, бүгінгі кештегі соңғы әнді ұсынды.



Пысы: Бірақ, Шымкентте «Домбыра Party» мұнымен аяқталмады.
Әрі қарай

Таза қала – жанға дауа!

Жуырда «STOPҚылмыс» республикалық қоғамдық науқаны, «Эко-Сақшы» акциясы аясында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Сырдария өзенінің жағалауына және Қорқыт Ата мемориалдық кешен маңында тазалық жұмыстары жүргізілді.




Шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтай оырып, жастарды табиғатты аялауға шақыру. «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін білетін жасотандық жастар шараға белсене қатысты.
Тазалық жұмыстары кезінде өзен маңындағы күл-қоқыстар түгел тазаланып, арнайы қоқыс тасушы автокөліктерге тиеліп, күл-қоқыс полигонына жіберілді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Әрі қарай

Тіл бұзарға тосқауыл!

Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Таза тіл» ерікті жастар тобы, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жастар тобы «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңының 21 бабына сәйкес келмейтін Қызылорда қаласында орналасқан ойын-сауық, сауда және басқа да алдын-ала ескерту жасалынған жекеменшік нысандарды қайта аралады. Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолданыс аясын кеңейту, қазақ тіліне деген құрметті арттыру.





Айтылған ескертулерді назарға алмай, сыртқы көрнекі, ақпараттарын заңға сәйкес өзгертпеген жекеменшік нысандары жергілікті БАҚ беттеріндегі «Тіл бұзарға тосқауыл» атты айдарына, интернет сайттарға жарияланатын болады. Алдағы уақытта «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Таза тіл» ерікті жастар тобы облыстық тілдерді дамыту басқармасымен әріптестік байланыс орнатып, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.
Әрі қарай

Жалында, жастық шақ!

Сырдария ауданының — 85 жылдық мерейтойы қарсаңына және Халықаралық отбасы күніне орай «Жас Отан» Жастар қанаты Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан орталығы — Тереңөзек кентіндегі орталық алаңда «Жалында, жастық шақ!" атты флеш-моб өтті.




Шараның мақсаты — жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру және аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту. Аталмыш шараға ауданымыздың дарынды оқушыларынан, жұмысшы жастардардан құралған 200-ден астам жастар қатысты.

Әрі қарай

Жолда жүру ережесін білесіз бе?

«Нұр Отан» ХДП Республикалық желілік кестесіне сәйкес 22 мамыр күні «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы автотұрақтар мен қоғамдық орындарда «Жолда жүру ережесін білесіз бе?» тақырыбында жол ережелерін бұзу фактілерін алдын алу мақсатында, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Соңғы жылдары еліміздің барлық қалаларында көліктің барлық түрі көбейіп келеді. Бұл машина жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жетік біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Жол — ең алдымен балалар үшін аса қауіпті аймақ. Жол ережелері өте көп, сондықтан көлікті жүргізу сырт көзге оңай болғанымен, оқып, ережелерін біліп, оларды сақтау әр жүргізуші үшін-де, жаяу жүргіншілер үшін-де міндет. Насихат жұмыстары жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерінің жол ережесі туралы білімін кеңейтуге, жол белгілерін ажырата білуге, жол ережесін қатаң сақтауға үйрету, жол апаттарын болдырмау мақсатында өткізіліп отыр.




2013 жылдың бастапқы төрт айының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында барлығы 100 жол көлік оқиғасы орын алған, оның ішінде қаза болғандары 22 және әр түрлі дене жарақаттарын алғаны — 121. Заңды тұлғаның кінәсінен болған жол көлік оқиғасы -10, жеке тұлғаның кінәсінен — 85, ал жаяу жүргіншінің кінәсінен — 3 жол көлік оқиғасы тіркелген.
Ақпараттық-насихат жұмыстары барысында Қызылорда қаласындағы автотұрақтар мен қоғамдық орындардағы автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге, орта мектеп оқушыларына жол ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да мұндай түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады.
Әрі қарай

Жастар кадрлық резерві – 2013

Жастар көп жиналатын қоғамдық орындарда Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құралған «Ақпараттық насихаттық топ» еріктілері «Жастар кадрлық резерві — 2013» жобасы туралы, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жоғары оқу орындарын бітіруші және жоғары білімді жастарға жобаның жаңа бағыттары мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
2010 жылдың 14 мамырында «Жас Отан» Жастар қанатының І Съезі барысында Елбасы Н.Назарбаев жастар арасынан «мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет саласы үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру керек» деген болатын. Бұл мәселе 2008 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ" стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының II Форумында да көтерілгені белгілі. Осыған орай, бүгінде «Жастар кадрлық резерві» жобасы еліміздің барлық аймақтарында конкурстық негізде, 29 жасқа дейінгі ұшқыр ой-пікірі бар, жоғары білімді жастар арасында өткізілуде.





Аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты ҚР Президентінің «Болашақ" стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығымен бірігіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жұмыс қызу жүргізілуде.
Әрі қарай

Әтөш. Балалар күніңмен!

Биыл біздің Айбек 5-ші класты бітірді. Соңғы бір-екі жылдардың күндері өткен сайын еститіні:
-Сен енді кішкене бала емессің, үлкенсің. Баланың қылығын істеме!
Тағы да сол секілді сөздерді еститін. Бәрінің мағынасы «сен үлкенсің, балалық қылықтан арыл» дегенді түсіндіреді.
Көптен күткен жазғы оқу демалысында ата-аналары уәде еткен жаңа жасөспірімдерге арналған велосипед сатып беруін күтіп жүр. Маусым айының бірінші сенбісі ата-анасының демалыс күндеріне сәйкес келетін болып шықты. Сол күні велосипед сатып алынатын күн болып тағайындалды. Күткен күн де жетті. Ата-аналары Әтөшті ертіп алып, базарда велосипед таңдап жүр. Сатушы сауда «балаларды қорғау күніне» сәйкес келгендіктен:
-Таңдауларыңыз жақсы. «Балалар күніне» орай балаңызға жақсы сыйлық болады, -дегенде, Әтөш ұялғанынан:
-Мен бала емеспін, -депті.
Бірақ Әтөш базардан үйіне қайтқанда қуанып келе жатыр. Жаңа велосипед иесі атану қандай болса да, баланы қуантатыны сөзсіз еді.
Мына жазбаның мән-мағынасы не? -деген сұрағыңызға жауап бере кетейін. Жақсы бір лозунг бар еді: «Баланың балалық шағын сақтаңдар!» деген. Үлкендер, баланың балалық шағын ұрламайық.
Әрі қарай